Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ш дыбысын (буын, сөзде, сөйлемде) машықтандыру.

30 қараша 2018, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Балалармен амандасу. Балаларды оқу қызметіне дайындау.
Дайындық жаттығуларын жүргізу.
Мақсаты: дыбысты дұрыс айтуға қажет сөйлем мүшелерінің қалпын, қимыл қозғалысын дамыту.
Тіл жаттығуларын жасату үшін тақтадағы жәндіктің суретінің (жасыл құрттың) денесін орналастырып, әр жаттығуды орындау арқылы толық сурет шығарады.

2. Ерінге арналған жаттығулар: «Сусиыр» (ауызды кең ашып, жабу) «Бақаның күлкісі» (тістерді көрсетіп, жымию),« Пілдің тұмсығы» (ерінді алға қарай созып, у - у - у деп айту);
Тілге арналған жаттығулар:
«Қамыр илейік» жаттығуы
Жымия отырып, тілді ауыздан шығарып, ерінмен ұрғылау керек және тісімізден тілді тістелейміз. Тілдің ұшынан, түбіне дейін және керісінше бағытта орындалады. 5 - 6 рет жасау керек.
«Күлше» жаттығуы
- Ауызды ашып, жалпақ тілді астыңғы ерінге бос орналастырып 5 - 10 сек. ұстап тұрамыз.
«Желкенді қайық» жаттығуы
- Ауызды кең ашып, тілдің ұшын созып, алдыңғы күрек тістің тістің түбіне қоямыз (қайықтың желкеніне ұқсатып). Сол қалыпта тілді 5 - 10 сек. ұстаймыз.
«Кесе» жаттығуы
- Ауызды ашып, тілдің екі жанын қайырып, тілдің ұшын жоғары көтеріп, тілді кесе пішініне келтіру керек. Сол қалыпта 5 - 10 сек. ұстап тұру керек. Тіл жоғарғы тістерге тимеуі керек. Жаттығуды 5 - 6 рет қайталау.
Дыбысты айту кезінде тыныстың қалпын сақтау және дұрыс тыныстауға арналған жаттығу:
«Қарды ұшырайық» жаттығуы
- Ауызды кең ашып, тілді жалпақ етіп, ауыздан шығара отырып, қолғаптың үстіне қойылған мақтаны(қарды), тілдің ұшына қатты үрлеу арқылы ұшыру керек. Бірінші мұрын арқылы терең тыныстап, ауаны тілдің ұшына үрлеу арқылы шығару керек.

Балаларға алдыңғы оқу қызметінде танысқан дыбысты есіне түсіру. «Шегірткенің» мультфильмін көрсетіп, оның даусын тыңдату арқылы. Бұл не?- деп сұрақ қойылады.
- Шегіртке – деп жауап беріледі.
Шегіртке қандай дыбыс шығарады.
Аудио дыбыс арқылы шегірткенің (шырылын) дыбыстауы естіледі.
Қане, бірге қайталап айтайық!
- Ш - Ш - Ш - Ш - Ш
Балалар бүгін біз, сол шегірткенің дыбысын буында, сөзде және сөйлемде дұрыс айтуды үйренеміз.
Ол үшін «Ш» дыбысын айту кезінде ерін мен тілдің орналасу қалпын көрейік.

Енді «Ш» дыбысының әріптік таңбасымен танысайық.

Балаларға осы «Ш» дыбысынан басталатын буындар қатарын бірге айтқызып, осы буыннан басталатын сөздердің суреті көрсетіліп, бала өзі жалғастырып, буынды сөзге айналдырып айтуы керек.

«Буындарды қайтала» жаттығуы
Ша - ша - ша - Шана
Шо - шо - шо - Шортан
Шу - шу - шу - Ашу
Ше - ше - ше - Шелек
Ши - ши - ши - Шие
Шұ – шұ - шұ - Шұлық
Аш - аш - аш - Қарындаш
Ыш - ыш - ыш - Ғарыш
Ұш - Ұш - Ұш - Ұшақ
Іш - іш - іш - Ілгіш

«Сақ құлақ» ойыны
Мақсаты: Баланың есту арқылы «Ш», «С» дыбысын ажыратуға және «Ш» дыбысын есту арқылы тануға машықтандыру.
Шарты: Әр баланың қолына екі жәндіктің (жылан, шегіртке) суреті бар көтергіштер беріледі. Балаға бірнеше суреттер көрсетіліп, аты айтылады, бала сөздің «Ш» немесе «С» дыбысынан басталғанын естіп, ажыратып, қолындағы суретті көтеруі керек.
«Поездың терезелерін орналастыр» ойыны
Мақсаты: Балаға сөздегі «Ш» дыбысын тыңдау арқылы анық айтқызуға үйрету. «Ш» дыбысын сөздің басында, ортасында және соңында тұрғанын анықтап, сөзде «Ш» дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру. Көру арқылы есте сақтауын дамыту.
Шарты: Балаларға алдына үш түсті(қызыл, сары, жасыл) вагондар қойылады (вагондарда 4 терезе болады) және олардың алдына «Ш» дыбысы бар түрлі суреттер қойылады. Әр бала өз алдындағы суретті алып қарап, айтып, «Ш» дыбысы сөздің басында кездессе, бірінші қызыл вагонның терезесіне, ортасында кездессе, сары вагонға, сөз соңында кездессе, жасыл түсті вагонның терезесіне орналастырады.

«Аз, көп» ойыны
Мақсаты: Балалардың сөзде «Ш» дыбысын дұрыс, нақты айтуын машықтандыру. Заттардың жекеше және көпше түрін ажырату түсініктерін қалыптастыру.
Шарты: Балаларға екеуден карточкалар таратылады. Әр карточкада жекеше және көпше заттардың суреті бейнеленген. Бала сол заттың жекеше және көпше түрде бейнеленген суреттерді біріктіріп, сол заттарды жекеше және көпше түрде атап беруі керек.
- Қане, енді біз балалар мына тақтадағы суреттерге назар аударайық.
Осы сурет бойынша сөйлем құрайық.
- Суретте нелер және кім бейнеленген?
- Бала не істеп жатыр?
- Бұл кім?- деген сұрақтар қойылып, баладан сөйлем құрап айтуды, сөйлем ішінде кездескен «Ш» дыбыстарын дұрыс айтуға, байланыстырып сөйлеуге машықтандыру.

Тілді жаттықтыру.
Ша - ша - ша – Күн қандай тамаша;
Ша - ша - ша – Қуанамыз балаша;
Ша - ша - ша - Аспанда ұшты шағала;
Ше - ше - ше - Көктем келді кеше;
Ше - ше - ше - Үлкен екен көше.
Ше - ше - ше - Көрдім сені кеше.

Балалардан бүгін қандай дыбысты айтып машықтанғанын және ол қандай, ненің дыбысы екенін қорытындылап сұрап, балаларға қабырғада ілінген жәндіктердің қандай дыбыс шығаратынын айтып, сол жәндіктерді ұшырып, жүргізе отырып, дыбыстарын салу(айтуы) керек.
- Балаға «Шегірткені» қозғай отырып, «Ш» дыбысын айтқызу.
Балаларды ойынға белсенді қатысқаны үшін мадақтау.
22 120
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Н дыбысы
Н дыбысы
Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілеттерін дамыту. Балалардың сөздік қорын молайтуға, сөздерді буынға бөліп айтуға дағдыландыру. Диафрагмалды тыныс алуын дамыту.
Р дыбысын қою
Р дыбысын қою
дыбысты дұрыс айтуға қажет сөйлеу мүшелерінің қалпын, қимыл қозғалысын дамыту.
Артикуляциялық жаттығулар жиынтығы
Артикуляциялық жаттығулар жиынтығы
Картотека "Артикуляциялық жаттығулар жиынтығы"
Р дыбысын буын, сөз ішінде бекіту
Р дыбысын буын, сөз ішінде бекіту
Жезқазған қаласы. № 10 орта мектептің логопеді Р. Ж. Сейтказинова
Р дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру
Р дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жаңақала аудандық психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті Логопед: Мендешева Жадыра Маратовна
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы және әрпі
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Балапан" балабақшасының әдіскері Айнур Мухтаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×