Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жемістер, Ш дыбысын жеке, буында дұрыс айтуға машықтандыру

03 желтоқсан 2021, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Сабақтың тақырыбы: Жемістер, Ш дыбысын жеке, буында дұрыс айтуға машықтандыру.
Мерзімі: қараша 
Қорытындылары: Фонетикалық - фонематикалық тіл кемістігі.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты: Тіл бұзылыстарын түзету, сөздік қорларын молайту, сөйлеу қабілетін жақсарту.
Білімділік: Сөйлеу тілін фонетикалық жағын таза, лексикалық жағын мол, грамматикалық жағынан дұрыс пайдалану, біліктері мен тәжірбелік дағдыларын қалыптастыру. Тақырып бойынша түсініктерін қалыптастыру.
Түзету - дамыту:
  • Артикуляциялық аппаратының қимыл - қозғалысын дамыта түзету;
  • Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын дамыту;
  • Фонетикалық талдауды дамыту;
  • Қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
  • Ойлау, есте сақтау, зейінін дамыту.
Тәрбиелік: өзіне - өзі қызмет етуге, мұқияттылыққа, тиянақтылыққа, үлкен - кішіні сыйлауға, тазалыққа, мейірімділікке, сүйіспеншілікке баулу.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап, дидактикалық ойындар, мазмұнды суреттер.
Көрнекіліктер: логопедтің құралдары, тақырыптық суреттер, қима суреттер, үлестірмелі заттар.
І Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.
Қайырлы таң, қайырлы күн.
Қайырлы таң, қайырлы күн.
Кәне, кәне тұрайық.
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ егер шеңберге
Алақанды ұрайық.
Тұрсақ егер шеңберге
Жақсы жақсы сөздерді
Қонақтарға сыйлайық
ІІ Өткенді қайталау
- Өткен сабақта біз не өттік?
Д\О «Сөз ойла тез ойла» С дыбысына тез сөз ойлауы тиіс
ІІІ Сабақтың барысы:
А) Тілге арналған жатттығуды орындау.
  • Күрекше (ауызды ашып, жалпақ тілді алдыға шығару)
  • Тарақ (тіспен тілді тарау)
  • Төбешік (ауызды ашып, тілді үстіңгі тіске тіреп, ұстап тұру)
  • Кесе (ауызды ашып, тілді жоғары көтеріп, кесе сияқты ұстап тұру)
  • Сағат (тілді оңға - солға қозғалту)
  • Ат шауып келеді (таңдай қағу)
  • Саңырауқұлақ (тілді таңдайға жабыстыру)
Б) Тыныс алу жаттығуы: шар үрлеу.
Д) Саусақ жаттығуы: Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіптіде
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды
Төрт саусағым толымды
Бөгемейді жолымды
Бағалы екен бес саусақ
Қуанамыз бес алсақ
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ жол салсақ
ІY жаңа сабақ: (Ш) дыбысын жеке буында дұрыс айтуға машықтандыру
Жұмбақты шеш.
1. Қыста үйге кірмейді
Көктем шықса жүрмейді. (Шана)
2. Шағала боп шалқарды,
Шарлаймын шарқ ұрамын
Шанышқының басындай
Үш тармақтан тұрамын. (Ш)
1. Дидактикалық ойын «Жел соқты»
Шарты: Балалар шеңбер болып тұрады. Логопед: далада қатты жел соққанда ағаш жапырақтары қалай сыбдырлайды? Логопед екі қолды жоғары көтеріп, оңға - солға бұрып көрсетеді. Балалар Ш - Ш - Ш деп жауап береді.
2. Суретпен жұмыс: Логопед көптеген суреттер көрсетеді. Осы суретті дұрыс атауы керек. Мысалы: Шар, шана, шәйнек т. б суреттер.
3. Есту қабілеттерін дамыту.
Шарты: мен көптеген дыбысты айтамын, сендер Ш дыбысын естігенде қол көтерулерің керек. А П О Р Ш Р Е Ш Л Д Ш т. б
4. Буынды дұрыс айт. Ш -------------------- а
Ш ------------------- о
Ш ------------------- у
5. Дидактикалық ойын «Мен бастаймын сен аяқта
Шарты: сөзді дұрыс айтуға дағдыландыру, логопед сөзді бастап айтады, балалар ша, шы, ыш буынын қосып, сөзді аяқтайды.
Ақ - ша, бақ - ша, ала - ша, тай - ша.
Аң - шы, қой - шы, мал - шы, қай - шы.
Бұр - ыш, қыл - ыш, сыз - ғыш, қыс - қыш.
6. Дидактикалық ойын «Бұл қандай жеміс»
Шарты: балаларға көрсетілген жеміс түрлерін дұрыс айтуға үйрету.
7. Д\О қима суреттер
Шарты: 3 - 4 бөлінген суреттерді құрастырып, қандай жеміс екенін айту.
8. Д\О артық затты тап.
Шарты: балаларға суреттер таратылады. Осы суреттен тек жемісті атау керек.
Y сергіту сәті. «Шар жарылды»
Балалар бір - біріне жақын болып тұрады, үрлегендей қалыпта пуф - пуф - пуф деп қолдарын кере шеңберді үлкейтіп кеңейе береді. Логопед: шар жарылды деп дауыстап қалғанда, балалар қолдарын жібере салып: ш - ш - ш - ш - ш деп жүрелерінен отыра береді. Осылай бірнеше рет қайталайды.
YI Бекіту.
1. Суретті жұмбақ
Шарты: әріппен сөзді байланыстыру
2. Тіл ұстарту жаттығуы: Ша - ша балалық шақ тамаша
Шу - шу - шу әжем шашты шашу
Шы - шы - шы қойды бақыт қойшы
Аш - аш - аш қарағай шырша ағаш
Ше - ше - ше апай біздің ерекше
Іш - іш - іш өсті бітік күріш.
YII Қорытынды. Д/О «Поездъ»
Шарты: Жеміс пен көкөністерді екіге бөліп шығу.
YIII. Үйге тапсырма. Тіл ұстарту жаттығуы. Ш дыбысынан келетін он сөз жаттау

Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
«Мирас» балабақшасының логопеді
Смағұлова Ақтоты Иткараевна
1 784
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысының артикуляциялық ерекшеліктерін түсіндіру, айтылу ерекшеліктерін қалыптастыру. Ұ дыбысын дауыстап дұрыс айтуға үйрету.
Киімдер
Киімдер
Баланың киімдер туралы ұғымын молайту. Киім атауларын дұрыс әрі анық айтуға көрнекіліктер арқылы тәрбиелеу
Тіл кемістігі бар балалардың тілін түзетудегі логоритмикалық жаттығулардың маңыздылығы.
Тіл кемістігі бар балалардың тілін түзетудегі логоритмикалық жаттығулардың маңыздылығы.
Тіл кемістігі бар балалар саны қазіргі кезде көбейе бастады. Арнайы мамандар мен ұстаздарды балалардың тілінің дамуы алаңдатуда.
Қызықты грамматика (оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету жұмыстарына арналған)
Қызықты грамматика (оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету жұмыстарына арналған)
«Қызықты грамматика» таңдау курсының бағдарламасы - оқу қабілеті төмен балалар үшін түзету жұмыстарына арналып жазылған. Бағдарлама құру барысында даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ерекшеліктерін (танымдық, психикалық және тұлғалық) ескере отырып
Ы - І дыбыстарын ажырату
Ы - І дыбыстарын ажырату
[Ы] және [І] дыбыстары қатысты сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту 2. балалардың танымдық қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Фонетика - фонематикалық есту қабілетін арттыру. Өз
С - З дыбыстарын ажырату «Қыс»
С - З дыбыстарын ажырату «Қыс»
Қызылорда қаласы, "№5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнаулы (түзету) мектеп интернаты" коммуналды мемлекеттік мекемесінде мұғалім - логопед Жолдыбаева Галия Абашовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×