Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Халық ауыз әдебиеті даярлық сыныбында» атты үйірме сағатына арналған оқу бағдарламасы

03 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Әдістемелік көмек
«Халық ауыз әдебиеті даярлық сыныбында» атты үйірме сағатына арналған оқу бағдарламасы

«Халық ауыз әдебиеті даярлық сыныбында» атты үйірме сағатының мақсат – міндеттері.
Негізгі тұжырымдама:
1. Даярлық сыныбында халық ауыз әдебиетін тереңдетіп оқытуды ұйымдастыру мақсатында үйірме жұмысын жүргізу.
2. Тәрбиеленушілердің көркем әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын қалыптастырып, дамыту.
3. Оқушыны өзіндік іс — әрекет жасауға үйрету.

Мақсаты:
Әр түрлі әдістерді пайдалану арқылы ауыз әдебиетінің соны жанрларын оқытып, үйрету, ұлттық әдебиеттің қайнар көзін оқып меңгерген тұлғаны тәрбиелеу.
Міндеті:
*Өзіндік ізденіс, шығармашылыққа жетелеу;
*Аудандық баспасөзге үйірме жетістіктері жайлы материалдар беру;
*Мектепте халықтық педагогиканың
Тәрбиеленушілер іздеп, жинақтау жұмыстары барысында төмендегі талаптарды ескеру керек:
1. Балаларға жүктелген тапсырма нақты да қызықты болуы
тиіс;
2. Даярлық сыныбының тәрбиеленушілеріне, ата - аналарына текcepiп айқындай алмайтындай тапсырмалар бермеу керек;
3. Тәрбиеленушілер күші мен мүмкіндік деңгейлерін ескеру керек;
4. Үйірмеге мүшелері тапсырмаларға сай материалдар жинай отырып, іздестірген нақты мәліметтер icкe асырылуын қадағалау керек;
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсінуді талап етеді.
Тәрбиеленушілердің белсенділігін арттыру, олардың іс - әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызумен қатар,
сабақта өмірмен ұштастыру, оқу материалдарының мазмұнын қоршаған ортаның өзгерісімен, қозғалысымен, шындығымен үнемі байланыстыру - оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты.

Көркем әдебиет пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты түрлендіре отырып, оқушылардың өз қабілетін таныта, дамыта, шыңдай түсу бағытында әрқилы әдістерді ұсынып отырмын. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жүргізілетін сабақ түрлері:
Сайыс
Дебат
Баспасөз
Саяхат
Семинар
Ауызша журнал
Сынақ
Конференция
Бейнелеу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 495
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Халық ауыз әдебиеті
Халық ауыз әдебиеті
Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Халық ауыз әдебиеті (қысқа мерзімдік жоспар)
Халық ауыз әдебиеті (қысқа мерзімдік жоспар)
Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
ХҮІІІ ғ Қазақстан мәдениеті
ХҮІІІ ғ Қазақстан мәдениеті
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Құдиярова Зада
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
З. Шүкіров шығармаларының оқытуда жеке тұлғаны қалыптастыру
З. Шүкіров шығармаларының оқытуда жеке тұлғаны қалыптастыру
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қамбарова Сағира Лаубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×