Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойын арқылы білім алу: Оқыту іс - әрекетіндегі сюжеттік - рөлдік және дидактикалық ойындардың маңызы

23 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Ойын арқылы білім алу: Оқыту іс - әрекетіндегі сюжеттік - рөлдік және дидактикалық ойындардың маңызы

Баланың көп уақытын ойынмен өткізетіні белгілі. Ал осы бала ойынына зер салып қарасақ ойынның баланың өсіп, біліп, төңірегіндегі дүниені танып, ойланып сөйлей білуінде алатын маңызы орасан зор. Үйде көпшілік ата - аналар бала ойынына көңіл бөле бермейтіндігі белгілі, олар баланың сұраған ойыншығын, не дүкенде көзге әдемі көрінген ойыншықты әкеліп берумен шектеледі. Ал балабақшада оқыту іс - әрекетінің негізгі элементтерінің бірі – ойын болғандықтан педагог бала ойынына зор мән беріп, оны баланың қарым - қатынас қабілетінің қалыптасу құралы ретінде қарап, ойынның көмегімен баланың үлкендермен және бір-бірімен қарым-қатынасының дұрыс дамуына көмектеседі. Осы жерде Дж. Родаридің «Тек ойын кезінде ғана бала еркін сөйлейді. Не айту керек дегенге мән беріп жатпайды, өзінің көкейіндегісін ғана айтады... Баладан жауап аламын немесе үйретемін деп іске кірісудің берері шамалы. Онымен ойнау, қиялдау, құрастыру, бірнәрсе ойлап табуға әрекеттену қажет.» деген сөздерін естен шығармаған абзал.

Ойын - педагогтар үшін баланы зерттеудің басты диагностикасы. Ойын баланың интеллектуалдық мүмкіндігіне, мінездерінің ерекшеліктеріне, бір - бірімен қатынасының сапасына ықпал етеді. Кез - келген ойын барысында ойынды бастауышы, қостаушы, ойынды өзінің қалаған арнасына бұруға әрекет етуші, көпшілікті өз дегенімен жүргізуші(лидер) әрекеттері айқын көрініп отырады. Ойын кезінде баланың осы әрекеттерін бақылай отырып, педагог бір жағынан, бала жайлы өзіне қажетті мағлұматтар алса, 2 - жағынан, оқыту іс - әрекетін, тәрбиені өзіне керекті арнаға бағыттау мүмкіндігі туады.

Сонымен қатар ойын кезінде баланы дамудың жаңа биік кезеңіне дайындайтын нақты психикалық өзгерістер болады. Ойын барысында баланың қиялы толығымен көрінеді. Осы жерде педагогтың міндеті - бала қиялының жайдақ қиял болмай, оқыту іс - әрекетіндегі басты мақсатқа жақындату. Жоғарыда айтылған Дж. Родаридің «бала не айту керек дегенге мән бермейді»,- деген сөзін есте сақтай отырып, баламен бірге ойнай отырып бала қиялын өзімізге қажетті арнаға асқан ептілік шеберлікпен бұра білу қажет. Мысалға, «Ойыншықтар әлемі» тақырыбын өту барысы кезінде «Ойыншықтар дүкенінде» сюжеттік - рөлдік ойынын ойната отырып, бір ғана ойын барысында баланы оның өсіп дамуына, айналамен қарым - қатынас жасауына қажетті қаншама әдептілік негіздеріне үйретеміз, мәдениетті қарым - қатынастың бастауына жол сілтейміз:- Қане, балалар, барлығымыз ойыншықтар дүкеніне барайық.(Сөреде түрлі ойыншықтар тізіліп тұр. Тәрбиеші не бір бала сатушы рөліне енеді.)- балалар, көпшілік орында біз өзімізді әдепті, мәдениетті етіп көрсете білуіміз қажет - бұл ойынның басты шарты. Қазір сатушымен сөйлесу барысында өздерің білетін әдепті сөздерді айтасыңдар.
Балалар сатушымен сөйлесу барысында өздерін барынша әдепті етіп көрсетуге тырысады, сыпайы сөздерді қолдана отырып сауда жасайды, сатушы да сыпайы жауап береді:
- Саламатысыз ба, тәтей!
- Кешіріңіз, ана қоянның бағасы қанша?
- Өтінемін, ана аюды көрсетіңізші?
- Сау болыңыз! т. б. – және бұл ойынды көпшілік сабақтарда қолдануға болады.(Жемістер, көкөністер, киімдер т. б.)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 984
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
5 - 6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту
5 - 6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту
5 - 6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту. Болашақ ұрпақтың танымдылық белсенділігін дамыту ақыл - ой тәрбиесінің бip міндеті ретінде күш бүгінге дейін күн тәртібінен
Ойын арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру
Ойын арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл - ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін дамыту
Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойын түрлері көп, соның ішінде маңызы – дидактикалық ойын. Дидактикалық ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады:
Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзреттілікті дамыту
Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзреттілікті дамыту
Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзреттілікті дамыту
Дидактикалық ойын арқылы баланың тілін дамыту
Дидактикалық ойын арқылы баланың тілін дамыту
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, №1 Ақсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шапейқызы Ж
Баланың таным қабілетін дамытудағы ойынның маңызы
Баланың таным қабілетін дамытудағы ойынның маңызы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы, №11 «Балауса» балабақшасы педагог – психолог Пазылова Айсұлу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×