Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Махамбет поэзиясы

22 қаңтар 2016, Жұма
Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы,
Мамлют қазақ мектеп - интернатының
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Оразалинова Г. Н.

Тақырыбы: Махамбет поэзиясы

Сабақ мақсаты: 1) ақын өмірі, өлеңдерінің тақырыбы, мақсаты, тарихы туралы мәлімет беру, жаңа қырынан таныту, қосымша мәліметтер беру, өлеңге талдау;
2) ұлтжандылыққа, батылдыққа, туған елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу;
3) танымдық, шығармашылық ізденіске жетелеу, өз ойларын еркін айтуға, әдеби көркем тілмен сөйлеуге дағдыландыру.
Түрі: жаңа білімді игерту
Әдісі: ой қозғау, шығармашылық жұмыстар, топтық жұмыс, өлең талдау, мәнерлеп оқу.
Көрнекілігі: слайд, ердің бес қаруы, ақынның «Жұмыр қылыш» күйі.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, саз өнері.

1. Сабақ барысы.
Ұйымдастыру. Зейіндерін шоғырландыру.

2. Үй тапсырмасын төмендегі жоспар бойынша тексеру.
1.«Зар заман» ақындары туралы.
2. Еділдің бойы – ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім...
(Көтерілістің шығу тарихы, мақсаты)
3. Өтемістен туған он едік... (Ақынның өмірі).

3. Жаңа сабақ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Сыныпты «Ізденушілер», «Сөз тапқыштар»,«Тұжырымдаушы» деп 3
топқа бөлемін, әр топтың жұмыс істеу жүйесі алдын ала беріледі.
«Махамбет – өзіне дейінгі халық әдебиетінің барлық табыстарын толық меңгеріп, кемшілігін қайталамай, өз бетін, өз стилін айқындап,
әдебиетте көрнекті үлгі қалдырған ақын..». Қ. Жұмалиев.
- Балалар, біз дауылды жылдардың жалынды жыршысы болған Махамбет Өтемісұлының азаттық идея мен азаматтық үнге толы,
нағыз ерлік жыры «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңімен танысамыз.
Ақын өлеңдері идеялық мәні, көркемдік қуаты жағынан қазақ әдебиетінің классикалық үлгісіне жатады.
Жанры жағынан былай жіктеледі(кесте)

Махамбет лирикасының қайнар көзі: халық ауыз әдебиеті шығыс әдебиеті, жыраулық поэзия.

Сабақты бекіту (топтық жұмыс).
Әр топ «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін мәнерлеп оқиды. Өлеңге құрылымдық - мағыналық, поэтикалық талдау барысында оқушыларға көрмеде қойылған ердің бес қаруы, ат әбзелдері таныстырылып отырады. Мысалы: терлік, тебінгі, олардың атқаратын қызметі.
«Ізденушілер» тобы өздері үйде алдын ала дайындап әкелген өлеңінің туу тарихы туралы мәлімет айтады.
«Сөз тапқыштар» тобы өлеңге поэтикалық талдау жасайды.
Эпитеттер: ереуіл ат, егеулі найза, алты малта ас, қоңыр салқын төс,
ұлы түс, қу толағай.
Сөз тіркестері: тебінгі терге шіру, терлігі майдай еру, ат үстінде күн көру.
Ассонанс: ереуіл атқа ер салмай,
егеулі найза қолға алмай.
еңку - еңку жер шалмай,
ерлердің ісі бітер ме?
Аллитерация тебінгі терге шірімей,
Теңеу терлігі майдай ерімей.
Сөздік: ереуіл ат (соғысқа мінетін, жарап тұрған ат), қу толағай
(тақыр, жалаңаш).
«Тұжырымдаушы» топ. Он сегіз бағыныңқы сөйлемі болымсыз түрдегі өткен шақ көсемшемен беріліп,«Ерлердің ісі бітер ме?» деген риторикалық сұрау түріндегі басыңқы сөйлеммен аяқталады.
Бір деммен айтылады, бір ғана идея ұсынылады. Жауап іздеудің керегі жоқ, жауап - алдыңғы тармақтарда айтылған бір шумақ толғау.

Сабақты қорытындылау: Оқушылар өздері ізденіп, дайындап әкелген тың деректерді айтып береді.
1 - оқушы:- Махамбет – шығармаларында айтылатын күрес пен қаһармандықтың барлық ұстанымдарын өмірінде іске асырған жан.
Өлеңдерін талдағанда мұны ұмытуға болмайды.
2 - оқушы:- Махамбеттегі ұлттық рух сол тілдің барлық болмыс,
байлығын қолдана білуден туындайды. Оны өзге тілге аударудың қиындығы - сонда. Сөз саптауы, оқиға мен ойды, сезім мен сырды жеткізу, бейнелеу тәсілдері, техникасы мүлде бөлек.
3 - оқушы:- Ақын шебер күйші, домбырашы болған. 11күйі 1982 жылы «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрген.
Ақынның «Қайран Нарын»,«Арысты аңсау»,«Жұмыр қылыш»,«Жорық»,«Өкініш» күйлері күйші қауымға танымал.
4 - оқушы:- 2003 жылы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде кең түрде аталып өтіліп, 4 томдық жинағы жарыққа шықты. Интернетте Махамбет сайты ашылды.
5 - оқушы:- Астана қаласындағы оқушылар сарайына ақын есімі берілді. Атырау облысында Махамбет атындағы аудан, ауыл, көше бар. Индер ауылынан 40 шақырым ақын қайтыс болған жерде кесенесі тұрғызылды. Белгілі антрополог Ноэль Шаяхметов ақынның бет - бейнесін жасап шығарған.
Қас үлектен туған қатепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Бір - біріндеп сөксе де,
Қабағын шытпас ер керек
Біздің бүйткен бұл іске.

Үй тапсырмасы:«Махамбет поэзиясының ерекшелігі» эссе жазу.
Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 874
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
М. Өтемісұлы шығармаларының тақырыбы
М. Өтемісұлы шығармаларының тақырыбы
Махамбеттің шығармашылығы туралы түсінік беру, өлеңдерінің мазмұнын игерту, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру; Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру;
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылық жолы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылық жолы
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, "Есперлі негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Кикбаева Гульназ Баграмовна
Махамбет Өтемісұлы «Менің атым – Махамбет»
Махамбет Өтемісұлы «Менің атым – Махамбет»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, «№5 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Піржан Әлия Нажимқызы
Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі
Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, №1 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупбекова Жанар Куанышевна
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ксупова Базаркул Жарылкасыновна
Махамбет Өтемісұлының өмірі, ерлігі
Махамбет Өтемісұлының өмірі, ерлігі
[right]Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дөң орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағазина Гүлсім Шаймерденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×