Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғажайып математика еліне саяхат

28 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Білімдік саласы: Қатынас. ҚМТҚ
Тақырыбы: Ғажайып математика еліне саяхат.
Мақсаты: Балалармен сандарды тура, кері санап, сандардың құрамын дұрыс ажыратып айтуды, қарама - қарсы сөздер айтуды пысықтау. Тәулік мезгілдері жайлы апта күндері жайлы ұғымдарын пысықтау. Геометриялық пішіндерді қайталау. Сабақты ұйымдастыру түрлерін, әдіс - тәсілдерін, жаңаша технологиялар қолдану. Балалардың өз денсаулықтарына деген көзқарастарын нығайтып, әр түрлі жаттығулар арқылы дамыту. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Керекті құралдар: доп, гүл, суреттер, массаждық кілемшелер, үлестірмелі құралдар, сандар, қалам, қағаз, қауырсын.
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, қайталау, сұрақ - жауап.

Шаттық шеңбері:
Жарбырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан.

- Балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме? Ал саяхатты ше? Бүгін бізді қызықты саяхат күтіп тұр. Ол үшін біз ауа - райына байланысты киініп, дайындалуымыз керек.
- Ауа - райы қандай?
- Қандай киім киюіміз керек? Алдымен тұмауға қарсы, ауырып қалмау үшін, нүктелі массаж жасап алайық.
- Жарайсыңдар балалар, ал енді киініп, саяхатқа аттанайық (қимылмен киінген сияқты көрсетеді)
Ал енді көздеріңді жұмыңдаршы. Мен қазір сиқырлы сөздер айтамын.
Ұшшы, ұшшы жапырақ,
Оңтүстік пен солтүстік
Көрсін барлық атырап!
Қонда қайта қолыма
Тілегімді орында!
Кәне, кәне қаттырақ!
Бәрі бізге қосылады!
Тез, тез керек жерімізге
Жеткіз жасыл жапырақ!
(Балалар сөздерден кейін көздерін ашады) Балалар Женя деген қыз бізді көмекке шақырыпты. Ол өзі қай ертегіден? (Балалар жауап береді.)
І. Ендеше бір жапырақшасын алып көрейік. Мынандай тапсырма берген екен: сандарды алып оған жұп тауып, соммасында 10 болып шығу керек. Мысалы: 1+9=10
ІІ. Енді екінші жапырақшаны алу үшін біз массаждық жолмен жүріп өтуіміз керек, бірақ 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санау керек. Дұрыс, енді жапырақшаның тапсырмасын оқиын. Доппен депті. Шарты: айтылған сөзге қарама - қарсы сөз айту керек. Мысалы: ұзын - қысқа, үлкен - кіші.
Балалар біз көп тапсырма жасадық, сендердің көздерің шаршаған шығар, кәне олар кішкене демалсын.
ІІІ. Ал енді үшінші жапырақшасын ашайын. Кәне балалар көздеріңді жұмыңдар, мен сендердің алақандарыңа бір заттар саламын (ермексаздан жасалған дөңгелекшелер мен құс қауырсындары). Балалар үрлеп қай зат жеңіл қай зат ауыр екенін айтып береді.
ІV. 4 - жапырақшада қандай тапсырма екен, көрейік. Бұл жерде Женя геометриялық пішіндерді жинап беруін сұрапты.
V. Тағы тапсырма бар: Қазір біз үстел басына отырып, орындаймыз. Диктант. Сандар жазу.
VI. Жапырақшаны алайық. Сурет бойынша уақытты бағдарлау. (Таңертен, түс, кеш, түн.)
Ойын: «Жанды апта күндері»
Балаларға сандар таратып, апта күндерін ретімен атап өз орындарына тұра қалу.
- Жарайсындар, балалар! Сендер барлық тапсырмаларды орындадыңдар. Енді ең соңғы жапырақша қалды. Кәне есімізге түсірейік Женя ертегіде жапырақшаны қалай және не үшін қолданды?
(Балалар жауап береді)
Дұрыс балалар, Женя Витя деген бала жүріп кетсін деп тілек тілеп барып қолданды. Ал енді біз де осы соңғы жапырақшаны алып бір бірімізге тілек тілейік. Шеңберде тұрып, гүл болып ашылып тілек айтады.
12 152
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
20 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру, 20 көлемінде реттік санауға үйрету /тура және кері тәртіппен/.
Пішіндер әлеміне саяхат
Пішіндер әлеміне саяхат
Пішіндер жайлы мағлұматтарын пысықтау. Геометриялық пішіндерді салыстырып және ажырата білуді одан әрі жалғастыру. «Жоғары», «төмен» ұғымдарын түсіндіру.
Заттар тобын салыстыру
Заттар тобын салыстыру
балаларды заттарды салыстыруға үйрету. «Қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.
Сиқырлы орманға саяхат
Сиқырлы орманға саяхат
Балалардың 1 - ден 5 - ке дейінгі сандар және қарапайым санау түсініктерін қалыптастыру, "қанша?", "нешінші?" сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету; геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру; тәулік мезгілдерін ажырата білуге үйрету.
Заттар тобын салыстыру
Заттар тобын салыстыру
Балаларды заттарды салыстыруға үйрету. «Қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.
Қызықты математика
Қызықты математика
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Жапарова Әйгерім Муслимқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×