Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өмір қауіпсіздігін сақтау ережелерімен таныстыруға арналған дидактикалық ойындар

01 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Өмір қауіпсіздігін сақтау ережелерімен таныстыруға арналған дидактикалық ойындар

Дидактикалық ойын
«Бола ма, әлде болмай ма?»
Мақсаты:
Балаларды жануарлармен қарым - қатнас жасағанда қауіпсіздік ережелерінің қарапайым түрлерін сақтай білуге үйрету. Берілген карточкадағы іс - әрекеттерді жасауға бола ма, әлде болмай ма және неліктен болмайтынын әңгімелей отырып, қауіпсіздік ережелерін бекіту.
Ойын барысы:
Тәрбиеші тақтаға бір суретті іледі де, сұраққа жауап беруді сұрайды және толық жауап берулерін қадағалайды.
Мыс:
- Суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?
- Қыз мысықтың құйрығынан сүйреп бара жатыр.
- Осы әрекеті дұрыс па? Қалай ойласыңдар олай жасауға бола ма, әлде болмай ма? Неге? т. с. с

Дидактикалық ойын
«Не артық?»
Мақсаты:
Балаларды қауіп қатердің алдын алуға, өмірге қауіп төндіретін заттарды тануға, олардың денсаулығымызға, өмірімізге төндіретін қатерін түсіне білуге үйрету.
Ойынның жүрісі:
Балаларға карточкаларды ұсыну немесе суреті төмен қарап тұрған карточкалардан таңдатып, ондағы заттардың ішіндегі артық затты атату, неліктен артық екенін сұрау.
Мыс: суретте ойыншықтар және сіріңке, ыдыстар және қайшы т. с. с суретті карточкалар.

Дидактикалық ойын
«Бағдаршам не дейді?»
Мақсаты:
Бағдаршам көздерінің түстерімен таныстыра отырып, оның беретін белгілері туралы түсінік беру және ол белгілер бойынша жүргіншілердің іс - әрекеттерімен таныстыру, бекіту.
Ойынның жүрісі:
Тәрбиеші бағдаршам макетін ұсынып оның көздері не деп тұрғанын, қандай белгі беріп тұрғанын сұрай отырып, сол белгіге сай қимыл әрекеттер жасауын қадағалайды.

Дидактикалық ойын
«Қауіпті заттар»
Мақсаты:
Балалардың өмірімізге, денсаулығымызға қауіпті заттар туралы түсініктерін қалыптастыру, бекіту.
Ойынның жүрісі:
Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттердің ішінен қауіпті заттарды табуды ұсынады және оның қандай қауіп әкелетінін сұрайды.
42 087
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Ақ қоян
Ақ қоян
Мақсаты: Балаларды әртүрлі қажетсіз заттарды пайдаға асыра білуге үйрету.
Өрттен сақ болайық!
Өрттен сақ болайық!
- Оттан дұрыс қорғана білуге үйрете отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға үйрету. - Адам өміріне қауіп төндіретін заттар туралы білімдерін кеңейту.
Желідегі қауіпсіздік
Желідегі қауіпсіздік
Желі қолданушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін сақтау (интернеттегі алаяқтық пен агрессия)
Дидактикалық ойын картотекасы
Дидактикалық ойын картотекасы
«Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету. Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу - ойыншық көп; тақта біреу - парта көп; бір аквариум - көп гүл.
Күшік пен мысықай біздің көршілеріміз
Күшік пен мысықай біздің көршілеріміз
Атырау қаласы, №16 "Дюймовочка" балабақшасының тәрбиешісі Шалтақова Эльмира Жұмажанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×