Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Орманға саяхат

09 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Шығармашылық», «Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта»
Бөлімі: Бейнелеу, тіл дамыту, математика, қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Орманға саяхат»
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру
Ормандағы аңдарға, құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Балалардың сөздік қорын және саусақ маторикасын дамыту.
Сабаққа, ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік: Орман көрінісі, үнтаспа, құстар, шана, қар, қоян.
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Сабақ барысы:
Балалар, келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз,
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!

Балалар мен сендерге өлең жолдарын оқимын. Сендер қай жыл мезгілі туралы айтылғанын айтасыңдар.
Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлады.
Қар омбығып,
Бет домбығып,
Балдырғандар ойнады.
Кейде ұлып, кейде жұлып,
Ұйытқып боран соғады.
Айтыңдаршы бүлдіршіндер,
Бұл қай кезде болады?
- Қыс мезгілі.
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Үш ай, желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Қыста қандай өзгерістер болады?
- Қар жауады, күн суық болады, аяз болады.
- Жарайсыңдар.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Орманға саяхат»
- Орманда нелер тіршілік етеді?
- Қоян, түлкі, қасқыр...
Дұрыс, енді орманның суретін салмас бұрын орманға саяхатқа барып, қыс ерекшелігін тамашалап қайтайық.
- Саяхатқа шығуға дайынбыз ба?
- Иә
Олай болса шанаға отырайық.
- Балалар, қар үстінде жүргенде қандай дыбыс естіледі?
- Қырт – қырт
- Ауа – райы қандай?
- Суық, боран, аяз
- Бізге алыстан бір дыбыстар естіліп тұр, ол ненің дыбысы?
- Құстардың
- Міне, орманға да келдік.
Орманнан Қар ханшайымы шығады да:
- Кім орман тыныштығын бұзған?
Балалар таңырқай Қар ханшайымына қарайды.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, Қар ханшайымы!
Біз орманның тыныс – тіршілігін тамашалауға келіп едік.
(Балалар амандасады)
Қар ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің мезгілімде орманға келіп қалған екенсіңдер, қыс туралы не білесіңдер?

Нұрбек: Лебі мұздай ызғарлы,
Алып келді қыс қарды.
Қысқа түндер ұзарды,
Ұзақ түндер қысқарды.
Аяз сүйіп қарсы алған,
Жердің аппақ тұлғасы.
Қыстың айы – Қаңтардан
Басталады жыл басы.

Фариза: Аппақ – аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
Мирас: Бір топ бала сырғанап,
Барады, әне жарысып
Қалды артында қыр, алап,
Іздерінен қар ұшып
Қырау қатып жағаға,
Аяз беттен өбеді.
Бірі мініп шанаға,
Бірі шаңғы тебеді.
Сәтте қарап тұрмайсың,
Көңілді еді қыс қандай!
Шаңғыменен зырлайсың,
Қанат бітіп ұшқандай.

- Ағаш басына назар аударыңдаршы, нелер отыр?
- Құстар
- Қандай құстар қыстап қалады?
- Қарға, суық торғайлар, тоқылдақ
- Құстарға байланысты сергіту сәтін білеміз бе?

Сергіту сәті:
Орманда қараңғы,
Бәрі – бәрі ұйқыда.
Үкі ғана ұйықтамапты
Маңғазданып отыр қатты
Әрі - бері отырды да
Қараңғыға қанат қақты.
Мынау бұта түбіне жақындаңдаршы.
Мұнда бізден жасырынып қояндар отыр екен
- жүні қандай?
- үлпілдеген.
- қоянның түсі қандай?
- ақ
- қоянның неше құлағы бар?
- екі
Қоянға байланысты тақпақ білесіңдер ме?
Ақ қоян - ау, ақ қоян
Үркек қоян сақ қоян
Қаша берсең қалыңға
«Қорқағым» деп ат қоям.

Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Тәрбиеші: Қар ханшайымы, біраз серуендедік, енді осы орманнан алған әсерімізді балабақшаға барып бейнелейік.
Балалар қоштасып, орманнан балабақшаға қайтып кетеді. Балалар енді орнымызға отырып, ойын. ойнап жіберейік.
Дидактикалық ойын: «Қайда бардым, не көрдім?»
Қыста барып орманға,
Ішіне біраз бөгелдік.
Айтыңдаршы балалар
Орманнан біз не көрдік?
Балалар: Қар, Қар ханшайымы, құстар, қоян.
Жарайсыңдар балалар, ендеше алдарымыздағы суретті бояймыз.
(Балалар суретті үлгі бойынша салады)
Қорытынды: Барлығыңыз сабаққа жақсы қатыстыңыздар. Сендер өте ақылдысыңдар, сендерге рахмет!
12 732
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауылдағы адам еңбегі, Кішкентай бағбан
Ауылдағы адам еңбегі, Кішкентай бағбан
Балаларды ауылдағы адамдардың еңбегімен таныстыру, ауылдағы басты еңбек түрін ажырата білуге үйрету. Жыл мезгілдеріне қарай еңбек түрлері және қолданылатын техника құралдары жайлы білімдерін дамыту. Әңгіме желісін көрініс арқылы көрсету. Әңгіме
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Қысқы орманға саяхат
Қысқы орманға саяхат
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Жумагулова Гулжан Базарбаевана
8 саны және цифры
8 саны және цифры
Орал қаласы, Казталов ауданы. Балабақша тәрбиешісі Аяп Гаухар
Табиғат - анамыз
Табиғат - анамыз
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы №15 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Изтелеуова Ардақ Оразбекқызы
Армысың, қыс қонақ!
Армысың, қыс қонақ!
Қоңырова Нағира Аманқызы Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің МАД «Б» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×