Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар біздің досымыз

23 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты: Дидактикалық ойындар арқылы балалардың білім және білік дағдыларын қалыптастыру, ойындар арқылы баланың қызығушылығын туғызу және ақыл - ой белсенділігін арттыру. Саусақ жаттығулары арқылы қол мен саусақ ұштарының қимылдарын дамыту
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, ойын, саусақ жаттығулары, құстар дыбысы
Қажетті құралдар: Графопроектор, үйшік, қыстырғыш,

Барысы: графопроектор арқылы бүркіттің әуелеп ұшқан суреті көрсетіліп, шаңқылдаған бүркіттің дыбысы естіледі.
Тәрбиеші қаз кейіпінде киініп, балапандарын (балаларды) бүркіттен қорғап қанатының астына алады.
- Балапандарым, сендер жаңағы шаңқылдаған құстың даусын естідіңдер гой, дауысы қандай қорқынышты. Балапандарым оның қандай құс екенін білесіңдер ме?
Ол жыртқыш құс – бүркіт. Ол жыртқыш болғандықтан аңдарды, құстарды және т. б. тырнақтарымен бүріп ұстап тұмсығымен жұлып жейді.
Балапандарым сендер әлі кішкентайсыңдар, мен сендерге осы кезге дейін көптеген құстар туралы әңгімелеп келемін. Бүгін енді құстар туралы не білетіндеріңді көру үшін бірнеше ойындар ойнайық.

Қимылды ойын: «Жапалақ»
Мазмұны: Тәрбиеші «Күн» деп, атағанда жапалақ алаңның бір шетінде ұйықтап жатады. Қоңыздар мен көбелектер (балалар) ұшып жүреді. Тәрбиеші «Түн» дегенде, қоңыздар мен көбелектер сол орнында қатып қалады. Жапалақ шығып өз жемін іздейді. Қоңыздар мен көбелектер арасымен ұшады. Егерде қоңыздар орнынан қозғалып қалса, сол қоңызды ұстап алады.
- Балапандарым ойынға жақсы қатыстыңдар, қимылдарың ширақ екен. Жарайсыңдар балапандарым!
Қаз (тәрбиеші) қанатын жайып:
- Балапандарым, менің сендермен түрлі ойындар ойнағым келіп тұр. Менің қанатымның астындағы әр қалтада әртүрлі ойындар бар. Мына қалтаны көрейікші, қандай ойын бар екен. Маған қалтаны ашуға көмектесіңдер? (Балаларға түймеленген қалтаны ашқызу)

Дидактикалық ойын: «Әр құсқа өз орны»
Мақсаты: Әр құстың өзі мекендейтін орны туралы түсінік беру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Мазмұны: Үйшік етіп дайындалған макет ішінде құстардың мекен ететін суреттері көрсетілген, сол суретке сәйкестендіріп, құстар суретін орналастырады.

Саусақ жаттығуы: «Құстар қанат қағады»
Балалар, барлығымыз қолымызды үшбұрыштап жоғары ұстаймыз. Біз құстарға ұя саламыз, құс ұядан басын шығарып жан - жағына қарайды.(Қосылған алақандарын жан - жаққа бұрады.) Құстың ұшқысы келді,(алақандарын ашады, алақандарын қимылдатады) ұша алмады, құс ұшу үшін қанаттарын жаттықтырды. Алақанымызды өзімізге қаратып жайып, ашып - жұмайық, бір, екі, үш, кері қарай санаймыз үш, екі, бір. Енді, басбармағымызды қозғалтайық. Алақанымызды өзімізге қаратып жайып, екі басбармақты айқастырамыз. Алақанымызды құс қанатын қаққан секілді қозғалыстар жасаймыз. (Бірнеше рет қайталау)

Құстар ұшып барады,
Көкте қанат қағады.
Барлық құстар қосылып,
Шиқ - шиқ - деп, ән салады
Құс ұшып келіп ұясына қайта қонды.( Саусақтарын үшбұрыштап жоғары ұстайды.)

- Жарайсыңдар, балалар сендер әр құстың мекендерін таба білдіңдер.
Ал енді келесі қапшықты ашып көрейік, онда қандай қызықты ойын бар екен.
(Замокты ашып, «Ненің басы? Ненің аяғы?» ойынын алады)
Дидактикалық ойын: «Ненің басы? Ненің аяғы?»
Мақсаты: Әр құстардың дене бөлігін сағат тілшегі арқылы дұрыс таба білу.
Мазмұны: Дөңгелектенген қағаз бетіндегі құстардың басы мен аяғының суреттері бойынша сағат тілшегі арқылы сәйкестендіреді. (Бүркіт, жапалақ, тырна, торғай)

Сергіту сәті: «Шөжелерім»
Шөжелерім әуенімен би қимылдары жасау.

- Балапандарым біз жем жеп, су ішіп бойымызды сергітіп алдық, ал енді басқа құстар не жейді екен? Құстардың немен қоректенетіндерін білесіңдер ме? (балалар жауаптары тыңдалады)
Ендеше менің қанатымның астындағы келесі ойын «Құстар немен қоректенеді?» деп аталады.

Дидактикалық ойын: «Қай құс немен қоректенеді?»
Мазмұны: Дөңгелекше етіп дайындалған қағаз бетіне құстардың немен қоректенетінін суреттері арқылы бейнеленген. Қыстырғыштың бетіне әр түрлі құстардың суреттері жапсырылған. Әр құстың немен қоректенетінін тауып дөңгелекше бойына қыстырғышты қыстырады.
- Бұл ойын өте керемет қызық болды ия, балапандарым. Бұл ойын арқылы әртүрлі құстардың немен қоректенетінін білдік. Ал енді қанаттарымызды ширатып, шынықтырып алайық.

Қорытынды: Балалар сендер ойынға өте жақсы қатыстыңдар. Менің бүгін көңіл күйім көтеріліп қалды, қуанып тұрмын. Біз бүгін түрлі ойындар ойнап, бүркіт, торғай, тырна жапалақ туралы біліп, олардың қайда мекендейтінін, немен қоректенетінін және олардың дене мүшелерін ажырата білдік. Енді біз барлығымыз құстарға қамқор болып жүрейік. Құстар біздің досымыз.
27 158
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар әлемі
Құстар әлемі
Құстар туралы мақал – мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы оқушылардың тіл байлығын арттыру
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Құстар туралы түсініктерін қалыптастырып, жер теліміндегі ағашқа қонған құстарды бақылап, қандай құс екенін ажырата білуге үйретіп, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Құстар – біздің досымыз
Құстар – біздің досымыз
Жас бүлдіршіндердің құстар туралы білімін толықтыру, немен қоректенеді, қайда мекендейді. Табиғатты қорғауға, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Табиғат әлемі
Табиғат әлемі
Балалардың өз балабақшаларына деген ыстық сезімдерін дамыту. Балабақшада қызмет істейтін апайларға құрмет көрсетіп, топта тазалық сақтай білу сияқты әдептілік дағдыларын қалыптастыру.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Балалардың құстар туралы түсініктерін қалыптастыру, құстарды ажыратып, атап білуге үйрету. Құстар туралы ой - өрістерін, сұраққа жауап беруін, сөздік қорын танымдық қабілетін дамыту.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің дайындық сынып мұғалімі Байсейтова Қарылғаш Қазихановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×