Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Армысың, әз Наурыз!

12 қараша 2017, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Армысың, әз Наурыз!
Мақсаты: Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру. Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Мерекелік көңіл - күй қалыптастыру. Туған елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт - дәстүрді құрметтеуге, үлкендерді және бірін - бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Әже: Уа, халайық, армысыздар! Бүгін біздің ауылда үлкен той. Қазағымыздың жаңа жыл мерекесі Наурыз құтты болсын! (әже шашу шашады). Және тағы бір той менің ең кенже немеремнің тұсау кесер тойы. Бұл үлкен қуаныш, мереке. Сіздер осы тойдың үлкен сыйлы қонағысыздар. Көңіл көтеріп демалып отырыңыздар.

Келін:
Ілесіп наурызбенен көктем жетсін
Көңілін үлкен кіші көкке өрлетсін.
Еңсесі көтеріліп ер азамат
Ескі жылмен реніш өкпең кетсін,- дегендей Наурыз жыл басы құтты болсын! Жаңа жыл тек қана жақсылығымен жаңалығын әкелсін. Ақ мол болсын, халық тоқ болсын. Еліміз тыныш болсын, баршамызға бақ қонсын.

Әже: Әйй, қызым! Көрші ауылдан өнерлі қыз - жігіттер келетін еді, жүр соларға дастарқан жаяйық.
Келін: Жарайды, апа!

Би: «Асатаяқ»

Айым:
Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме.
Байлық, бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне.

Азиза:
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз.

Илона:
Келер жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.

Ғазиза:
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық.

Әже: Рахмет, сендерге шырақтарым! Бүгінгі тойымызға қош келдіңдер. Сендердей үлкен, өнерлі азамат болсын деген ниетпен бүгін кенже немеремнің тұсауын кесіп жатырмыз. Тағы да қонақтар келіп қалған ба? Бұларда көрші ауылдың өнерлі жігіттері болар. Қой, мен барып қарсы алайын. Келін... әйй, келін... жүр қонақтарды қарсы алайық...

Би: «Көбелектер»

Айару:
Жылдың басы наурыз
Жердің басы наурыз

Еркеназ:
Халық сүйген мейрамды,
Қарсы алайық наурызды

Қарақат:
Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.

Келін: Қандай өнерлі қыз - жігіттер келіп қалған. Жарайсыңдар, рақмет сендерге балалар. Дастарқанға жайғасыңдар. Дәмнен ауыз тиіңдер.
- Шүй, шүй... Армысыздар, халайық! Тойларыңыз құтты болсын. Бізде өз өнерімізбен келдік. Солай ма, жігіттер?!

Би: «Қаражорға»

Нұрали:
Асың, асың асыңа,
Бақыт қонсын басыңа,
Денсаулығың зор болсын,
Дастарқаның мол болсын!

Арлан:
Ал, халайық тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық.

Арнұр:
Уа, ағайын, халайық,
Мұнда назар салайық,
Мерекесі халықтың,
Наурыз тойын бастайық.

Әже: Ойй.. айналайындар, жарайсыңдар! Қуанышыма ортақтасып, келгендеріңе көп рахмет! «Тойдың көркі ән» дейді халқымыз, ендеше бір әуу деп жіберейік.

Ән: «Қош келдің наурыз төріме»

Келін: Апа.. қонақтарды көп күттірмей, салтымызды бастайық...
Әже: Бастасақ бастайық, шырағым. Әкеле ғой кенжетайымды... Міне, менің кенжетайымда келді..

Тұсаукесер салты
Әже: Тұсау кесу дегеніміз – кішкентай балаға ырымдап, тез жүріп кетсін деп, ала жіп байлап, бата тілек айтып кеседі. Тұсау кескенде, көк шөппен, тоқішекпен де кеседі. Ондағы мақсат: көгерсін, өссін – өнсін дегені және де бай – дәулетті, бақуатты болсын дегені. Бүгін біз ала жіппен тұсау кесеміз. Ондағы мақсатымыз – баламыз ешкімнің ала жібін аттамасын дегеніміз. Менің өзімнің кескенім ұят болар, анасы рұқсат берсе, қонақтарға рұқсат берсек.
Қаз, қаз, балам, қаз балам.
Қадам бассаң мәз болам.
Балтырыңды түре ғой,
Тай құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Әже: Рақмет, сізге. Сіздің де осындай немереңіз көп болсын.

Қыдыр ата:
Амансыңдар ма, қарақтарым,
Наурыз тойы құтты болсын.
Әже: Ойй.. бізге Қыдыр ата келіп қалыпты ғой.. Қош келдің, Қыдыр ата! «Жаңбыр менен жер көгерер, батаменен ел көгерер» дегендей, Қыдыр атадан бата сұрайық.
Айсұлтан:
Бақ дарысын бәріне,
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа,
Аман есен жетейік
Келесі наурыз тойына.
Әже: Қанекей, келіңіздер, наурыз көжеден дәм татыңыздар.
16 981
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің – әз Наурыз!
Қош келдің – әз Наурыз!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Қош келдің қызғалдақтай Наурыз
Қош келдің қызғалдақтай Наурыз
Балалардың наурыз туралы түсініктерін арттыру, ой өрісін, тілін, дамыту. Халқымыздың салтын әдет ғұрпын өнегелі, өнерлі азамат болып бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Армысың, әз Наурыз!
Армысың, әз Наурыз!
Құрметті қонақтар, әріптестер! Қош келіпсіздер! Бүгінгі ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурызбенен ұласып көктем жеткен! Үлкен – кіші көңілін көкке өрлеткен! Жан – жануар, табиғатты түрлетіп, Ескі жылмен реніш, өкпең кеткен!-
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №13 «Ертөстік» бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі Наватбекова Назира Қабылбекқызы
Төрлет, Наурыз төріме!
Төрлет, Наурыз төріме!
Мақсаты: Балалардың Наурыз туралы түсініктерін арттыру, ой өрісін, тілін дамыту. Халқымыздың салтын, әдет - ғұрпын өнегелі, өнерлі азамат болып бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×