Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аспанға саяхат

03 маусым 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Аспанға саяхат
Мақсаты: Балалардың жыл бойғы білімдерін қорытындылай отырып, сандар, геометриялық пішіндер жайлы, ертегілер, ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін қорытындылау. Логикалық ойлау қабілетін, ақыл – ой белсенділігін арттыру, берілген тапсырманы өздігінен орындауға, өз ойын еркін айта білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндер, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, айырмашылығын табуға арналған күн мен түннің суреті.

І. Мотивациялық – қозғаушы:
Шаттық шеңбер:
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Жүрейікші жараса.
Сәлем саған Жер – Ана!
Сәлем саған нұрлы күн!
Аман – есен болайық,
Бейбітшілік қалайық.

ІІ. Ұйымдастыру - ізденушілік:
Тәрбиеші: Балалар, аспан әлемі сендерді қонаққа шақырады. Бүгін айдың туған күні екен. Айға немен барамыз?
- Зымыранмен.
Дидактикалық ойын: «Геометриялық пішіндерден құрастыр».
Геометриялық пішіндерден зымыранды құрастырады.
Тәрбиеші: Зымыранға отырайық, тез арада айға ұшып барайық. (зымыранның ұшқан дауысы шығады.)
Аспанға саяхат.(көздерін жұмып, ұшып, аспан әлеміне келеді)
Аспан әлемінде балаларды Ай қарсы алады:
Ай: Аспан әлеміне қош келдіңдер, балалар!
Тәрбиеші: Аспан әлемінде нелер болады?
Балалар: Жұлдыз, күн, бұлт, ай.
Тәрбиеші: Ай, туған күнің құтты болсын. Ал, жұлдыздар қайда кеткен?
Ай: Рахмет балалар, бүгін менің туған күнім. Менің достарым жұлдыздар сендерден қорқып, жасырынып қалды. Ол үшін ойын ойнап, тапсырмаларды орындасаңдар жұлдыздар қайта шығады.

1 - тапсырма.
Дидактикалық ойын: «Жұбын тап»
Ертегінің кейіпкерлерін тауып, қай ертегі екенін атайды.

2 - тапсырма.
Санамақ:
Бір дегенім - баспақ,
Бұзауы жүр бастап.
Екі дегенім - ешкі,
Ешкі қойдан есті.
Үш дегенім - үйрек,
Жем бер, қолға үйрет.
Төрт дегенім - тайлақ,
Тайлақты қой байлап.
Бес дегенім - бие,
Құлынына ие.

3 - тапсырма.
Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап».
Сергіту сәті: «Күн ұйықтайды» (қимыл - қозғалыспен)
Күн ұйықтайды,
Күн оянады.
Жел соқты, қатты жел соқты.
Жаңбыр жауды,
Бұлт түнерді,
Найзағай шатырлады.
Күн ашылды, жел басылды.
Жеке жұмыс. (заттың санын анықтау)

Қимылдық ойын: «Күн мен түн»
Тапсырмаларды орындаған сайын жұлдыздар бір - бірден жарқырап шығады.
Тәрбиеші: Жұлдыздарға арнап кім тақпақ айтады?
Жұлдыздар
Жұлдыз көкте мүлде көп,
Жарқырайды түнде кеп.
Қызығамыз, қараймыз,
Кереметке балаймыз.
Бірақ әлі баламыз,
Өссек, ұшып барамыз.
Айға арнап «Айгөлек» әнін айтып билейді.
Ай рахметін айтып: «Жұлдыздай жарқырап жүріңдер!» - деп, әр балаға түрлі - түсті жұлдыздар береді.

ІІІ. Рефлексивті – түзету.
Зымыранға мініп оралу.
14 849
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер)
Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер)
Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Үй құстары және дала құстары
Үй құстары және дала құстары
Ұй құстары туралы және дала құстары туралы түсініктерін бекіту. Оларға қамқорлық жасауға, аттарын толық білуге үйрету. Ұй құстары мен дала құстарын ажырата білуге үйрету.
Математика әлеміне саяхат
Математика әлеміне саяхат
Білім саласы: Таным Бөлім: Матеметика Математика әлеміне саяхат
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Семей қаласы, №38 мектеп - лицей Шағын орталық тәрбиешісі Нугуманова Айшолпан Ел – Амановна
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×