Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар біздің досымыз

07 желтоқсан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Құстар біздің досымыз.
Кіріктірілген саласы: Таным, қатынас, шығармашылық
Мақсаты: Балаларға құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әсем құстармен таныстыру. Міне мынау көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кеткенін хабардар ету. Балалардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.
Көрнекілігі: Құстардың суреттерімен, мүсіндері, слайд.
Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, мадақтау, сұрақ – жауап
Кіріктірілген саласы: Таным, қатынас, шығармашылық
Мақсаты: Балаларға құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әсем құстармен таныстыру. Міне мынау көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кеткенін хабардар ету. Балалардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.
Көрнекілігі: Құстардың суреттерімен, мүсіндері, слайд.
Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, мадақтау, сұрақ – жауап

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Сәлеметсіздер ме балалар?
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып шаттық шеңберін құрады.
Шаттық шеңбері!
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
- Балалар біздің балабақшамыз қалай аталады.
Балабақшаға қай уақытта келеміз?
- Күні бойы балабақшада оқимыз, серуенге шығамыз бұл уақыт қалай аталады?
- Үйімізге қай уақытта қайтамыз?
- Барлықтарың үйге кайтып, ұйықтайтын кез қай кез?
- Балалар бұл қай мезгіл?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Көктем мезгілінің ерекшелігі қандай?

- Құстар бізге не үшін ұшып келеді?
- Балалар құстар екіге бөлінеді: Үй құстары және дала құстары болып.
Үй құстарына тауық үйрек, тотықұс, қаз, үйрек, көгершін.
Дала құстарына: қарлығаш, карға, торғай, сауысқан жатады.
Құстар су, дән, бидаймен қоректенеді
Құстар біздің досымыз. Себебі ол ағаштардың өсуіне зиян келтіретін құрттарды, шыбындарды жейді.
Біздер құстарға әр қашан қамқорлық жасап, ұя салып, жемін шашып жүрсек құстар бізбен дос болады.
Қонаққа көгершін ұшып келеді.
Көгершін: Сәлеметсіздер ме балалар?
- Балалар мен сендерді тәртіпті, ақылды, адал, еңбекқор, балалар деп естідім, сендер маған көмектесіңдерші. Сиқыршы құстар әлемін сиқырлап тастады, менің достарымды қатырып жіберіпті.
- Олай болса балалар қолымызды қанат қылып жайып ұшып барайық, көгершіннің артынан ілесіп отырайық.
- Мінекей балалар құстар әлеміне де келдік.
Балалар қараңдаршы аспанда балықтар ұшып жүр бұл дұрыс па?
- Ендеше балықтарды суға жіберейік құстар әлемін қалпына келтірейік.
- Қараңдаршы су астында кілт тұр не үшін суда тұр екен?
- Жарайды жата берсін алсақ құстар ренжіп жүрер.
- Балалар бұл торғай балапандары ғой, олар жерде жатыр, ұялары да бұзылып қалыпты, кәнекей балалар жөндеп, оны ағашқа ілейікші.
- Балалар ағашта тағыда кілт ілініп тұр, не үшін оны бұл жерге кім әкелген?
- Әрі қарай жүрейікші балалар,
Қараңдар жерде құс құлап қалыпты көмектесейік, бұл қандай құс?
Сәлеметсіз бе тауыс құсы сізге не болды?
Тауыс құсы: Сәлеметсіздер ме, мені сиқырша байлап құстар әлемін сиқырлап кетті, мені босатыңдаршы.
- Біз сізге көмектесеміз.
Қараңдаршы балалар құлып тұр ғой, қанатын байлап, құлыптап кетіпті енді кілттен қайдан табамыз?
Я - я сол кілт болуы мүмкін, олай болса алып келейік.
Құлыпты кілтпен ашады.
Қанаттарын тас байлап кетіпті, әр таста тапсырмалар бар екен оны орындасақ құсты құтқарамыз.
1 - ші тастың тапсырмасы:
5 кәмпиттім бар еді,
Сараңдығым жоқ еді.
Бір кәмпитім, атама
Бір кәмпитім, әжеме
Бір кәмпитім, анама
Бір кәмпитім, әкеме
Ал өзіме жетеме?
2 - тас тапсырмасы:
Үйге келді Мадияр
Оған қоса, Алдияр
Кейін келді Айдана
Қанша болады бар бала?

3 - тас тапсырмасы: Бағдаршамда неше көз бар?
Кемпірқосақ неше түстен құралған?
4 - тас тапсырмасы: Пішіндер туралы қандай тақпақ білесін.
5 - тас тапсырмасы: Би билеп немесе ән айта аласыңдар ма?

Тауыс құсын құтқарып еркіндікке шығарады, осы кезде сықырдың күші кетіп, керемет құстардың дауысы естіледі.
Тауыс құсы: Рахмет сендерге балалар керемет, ақылды екенсіңдер.
Көгершін: Жарайсыңдар балалар, сендер құстар әлемін құтқардыңдар, сендерге көп рахмет. Мен сендерге көгершін бейнесін сыйлыққа берейін, мен сияқты еркін, бейбітшілікті тілейтін балалар болыңдар.
- Рахмет көгершін біздің балалардың сізге арнаған әнін тыңдаңыз, балалардың сізге деген сыйлығы.
Сау болыңдар балалар!

Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Үй құстарымен дала құстарын ажырата білді.
Қандай түсініктерді игерді: Құстарды қорғау, қамқорлық жасау керектігін түсінді.
8 927
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: 1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. 2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы Өнер мектебінің мұғалімі Адамиянова Сағат Советқызы
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Астана қаласы, №14 мектеп – гимназиясының география пәні мұғалімі Ергалиева Нагима Уткелбаевна
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, Абай атындағы № 90 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсылық Айгул Шындалықызы
Құс мерекесі
Құс мерекесі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Ісанатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кайдакова Жанат Бекболатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×