Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар - біздің досымыз

23 қараша 2013, Сенбі
Категориясы: География
Сыныптан тыс іс - шара, 5 - 7 сыныптар аралығында өткізілді.

Құстар - біздің досымыз
Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әсем құстармен таныстыру. Міне мынау көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кеткенін хабардар ету. Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер «Құстар – біздің досымыз!», нақыл сөздер, құстардың суреті, үнтаспа, қанатты сөздер, шар, гүл, көктем көрінісі.

Кештің барысы:
Ақбота:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен қымбатты достар! Сіздерді көктем мерекесімен құттықтаймыз. Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуын танытатын көктем хабаршысы - құстың келуіне байланысты. Сондықтан бүгінгі кешімізді «Құстар - біздің досымыз» деп ашуымызға рұқсат етіңіздер.
Құстар, құстар келеді,
Жерді шуға бөледі.
«Көктем келді»- деп бізге,
Жақсы хабар береді.

Төрехан:
Иә, Ақбота мен жыл мезгілдерінің ішінен көктемді жақсы көремін, себебі көктемде жер дүниенің барлығы құлпырып, гүлденіп, керемет күйге енеді. Сонымен бірге бізде үйде отыра бермей, далада ойнауға мүмкіндік болады.
Сәуір келді міне жайлап,
Көктемнің бұл айы.
Құс біткеннен төгілген ән,
Бейне көктем жырлары.
Сағынышпен жеткен,
Қуанта бер, көктем!

Ақбота:
Неліктен « 1 - сәуір құстар күні» деп белгіленгені туралы біздің достарымыз не біледі екен?
Төрехан:
Онда кезекті құстарды құрметтейтін достарымызға берейік.
1 оқушы:
1927 жылының көктемінде жас натуралистердің Қ. А. Тимирязев атындағы орталық биостанциясында бүлдіршіндердің құстарға арналған тұңғыш мерекесі - құстар күні өткізілді. Бұл мерекеге алдын - ала әзірленіп, құстарға ұя жасайды, плакат, ұран жазады, қабырға газеттерін шығарады, құс маскаларын дайындайды. Табиғатта да адам өмірінде де құстардың мәні өте зор. Құстар әуезді әсем сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы көрінісімен ормандарды, саябақтарды, шалғындарды және табиғаттың сәнін келтіру арқылы адамдарды эстетикалық ләззатқа бөлейді.

2 - оқушы:
Адам құстарды спортқа және әр түрлі мақсатта қолға үйретіп, баптайды. Құстар атаулының бәрі пайдалы. Құстардың – қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға қыста жем шашар, жазда ұялағыш үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау - табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты, Құстардың ұясын бұзып жұмыртқасын жарудан аулақ болыңдар.

Ақбота:
Рахмет, достар. Расында құстардың пайдасын ата - бабаларымыз ертеден - ақ білген. Құстардың адам өміріндегі маңызы туралы қазақ халқының тамаша мақал – мәтелдері қаншама десеңші!
Төрехан:
Мақал - мәтелдер халықтық педагогиканың үлкен бір арнасы. Құстар туралы мақал - мәтелдерде баршылық. Кезекті сол мақал – мәтелдерге берейік.

Ақбота:
Олай болса, мен мақалдың алғашқы бөлігін айтайын, ал достар, сіздер мақалды әрі қарай жалғастырыңыздар.
1. Аққу құссыз – көл жетім,
Айтылмаған сөз жетім.
2. Қарға баптанып, сұңқар болмас,
Есек мақтанып, тұлпар болмас.
3. Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.
4. Ит тамағы үшін жүгіреді.
Құс тамағы үшін ұшады.
5. Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады.
6. Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді.
7. Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға.
8. Жапалақ мақтанса,
Жардан қоян алдым дер.
Жаман мақтанса,
Жақсының жағасынан алдым дер.
9. Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе, қатқақ келер.
10. Шағала келмей жаз болмас,
Шаңқан келмей, боз болмас.
11. Қарға қарғаның көзін шұқымас.
12. Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.
13. Өлеңге енсе - сөз сұлу,
Аққу жүзсе - көл сұлу.
14. Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тидірмес,
Ер жігітке оқ тисе, қиналғанын білдірмес.
15. Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ.

Төрехан:
Жарайсыңдар, достар! Құстар адам өміріне сән – салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рақатқа бөлейді. Сондықтан, атадан балаға мұра болып келе жатқан халық шығармашылығында адам бойындағы ең сұлу ерекшеліктерді құстарға теңеп, «аққу мойын», «қасы қарлығаштың қанатындай», «бүркіт тұмсық», «қаз дауысты»т. б. деп сипаттаса, «Қарлығаш», «Сандуғаш», «Бүркітбай» деп балаларына ат берген. Құстар туралы сіздер қандай мәліметтер білесіздер.
1 - оқушы
Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері. Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып жауларынан қорғайды.
2 - оқушы
Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңіл - күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.
3 - оқушы
Жыл құстары дегеніміз - Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна.
4 - оқушы.
Құстар туған жерге топ - тобымен ұшып келіп жатыр. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады. Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.
5 - оқушы
Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.
Қарлығашпын мен
Адамның тұрағымын
Мекен етіп тұрамын
Тазалаймын үй - ішін
Ел аузында мақтаулы
Тазалықшымын төселген

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 559
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар
Құстар
Өлі табиғат өзгерісіне байланысты құстар тіршілігінің өзгеруі, құстардың келуі, ұя салуы туралы оқып білу.
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Төлеңгүт негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тюлекова Раушан Андрейқызы
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Өтеген Жарқын
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Ақтөбе облысы, Ембі қаласы, №2 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Шакибаева Алия Сагидуллақызы
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, Абай атындағы № 90 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсылық Айгул Шындалықызы
Құс мерекесі
Құс мерекесі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Ісанатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×