Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар - біздің досымыз

05 маусым 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: « Құстар - біздің досымыз»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кетуінен хабардар ету. Олардың құстар туралы ой - өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін – табиғатын сүюге баулу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер.
Барысы: Бейнетаспадан жазғы ормандағы құстардың әсем дауыстары естіліп тұрады.

Кіріспе.
Хор: «Көктем келді»
1 - оқушы
Наурыз келді,
Тіршілікке жан кірді.
Кең дала жасарып, жаңғырды.
Бар өңір құлпыра бастады,
Төсіне құйып ап жаңбырды.
2 - оқушы
Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек - қаз қонды.
3 - оқушы
Ұшып келген ең алғаш,
Қараторғай қырағы.
Ұяларға қонақтап,
Дейді - « менің тұрағы».

І - бастаушы: Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі - құстар. Халық ежелден – ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құстарға теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді.

ІІ - бастаушы: Халық өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгілте ән шырқайтын әншісін - бұлбұлға, ел үшін, Отан үшін жанын қиятын батырларын – қыранға, елден асқан сұлуды – аққуға теңеді.
4 - оқушы
Ой, балалар, балалар!
Жылы - жылы жел соқты.
Жылғалардан су ақты,
Қаңқыл - қаңқыл қаз кепті.
5 - оқушы
Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды қорғаймыз.
6 - оқушы
Жылы шуағымен гүл өсіріп,
Жыл құстарын ілестіріп.
Көрікті көктем келді.
Көктем:
Сәлем, достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда
Шат - шадыман Көктеммін,
Шаттық болсын әманда.
Ән құрдым үніммен,
Сән құрдым гүліммен.
Қуантамын бәріңді
Құт мереке күніммен.

7 - оқушы
Үй салдым құстың алдынан,
Болсыншы ол өмір панасы.
Өзімдей сәби балдырған,
Өссінші құстың баласы.

Көрініс: «Бұлбұл мен тоқылдақ»

І - бастаушы: Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқаларын жаруға, рақымсыздық жасап, жазықсыздан - жазықсыз құстарды жәбірлеуге, өлтіруге жол бермейік.
ІІ - бастаушы. Халық « көкек келді - көктем келді « дейді. Көктемнің тамаша бір айын көкек деп атайды. Қадірі мен қасиеті онша емес осы бір құстың аты неліктен жылдың ең тамаша айына теңеу болды екен?

І - бастаушы: - Өз ұрпағына ұқыпсыз болса да, көкек пайдалы құстардың біріне саналады. Көкектің балапаны бір күнде ғана 39 шегіртке, 43 жұлдыз құрт, зауза қоңызының 5 жұмыртқасын, 4 өрмекші және құмырсқа жұмыртқаларын қорек етеді.

ІІ - бастаушы: үйіміздің маңында жүретін кіп-кішкене торғайдың бір өзі ғана бір жылда 4 миллионға жуық жәндік жейді.
Көгершін әні.

І - бастаушы: Құрметті жас достар, құстар жөнінде викторина сұрақтарына жауап берейік.
1. Құстың негізгі мекені не?
(Ұя)
2. Қандай құс хат тасушы атанған?
(Көгершін)
3. Қай құста мүлде ұя болмайды?
(Көкек)
4. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?
(Бүркіт)
5. Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады?
(960 рет)

ІІ - бастаушы: Құстарға арналған көптеген жұмбақтар бар. Кімнің ойы ұшқыр болса, жұмбақты тез шешеді.
Көлдің көркі, сәні екен,
Ұшқанда сазды ән екен.
Ақындар оны мақтаған,
Адамдар қорғап сақтаған,
Бұл қандай құс?
(Аққу)
Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап.
(Балапан)
Маң - маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі.
Қашқанда құстай ұшпайды
(Түйеқұс)
Ауыл да, қалада мекені,
Жолаушы жүрсек шығарып салады.
Алдыңнан шығады,
Жаныңды еркелетеді.
(Қарлығаш)
Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала,
Бұл қандай құс?
(Сауысқан)
Көктемде құстар келгенде,
Ең алдымен келетін,
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін,
Бұл қандай құс?
(Қараторғай)

Қорытынды: Ән: «Ақ көгершін»
Үйге тапсырма «Құстар біздің досымыз»эссе жазу. Құстардың суретін салу
11 597
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар
Құстар
Топтағы тәрбиеленушілердің сөздік қорын дамыту, дыбыстарды айта білуге үйрету. Құстар туралы түсінік беру, оларға деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Құстар – біздің досымыз!
Құстар – біздің досымыз!
Балалар, міне, көктем жаршысы құстар келе бастады. Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен. Бүгінгі «Құстар - біздің досымыз» атты ашық сабағымызды бастаймыз1 - сәуір десе «Күлкі күні» ойымызға түсуі анық. Сонымен бірге бұл күні
Құстар – біздің досымыз
Құстар – біздің досымыз
Құстардың пайдасы туралы мағлұматтар беру. Құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға, бейімдеу. Оқушылардың құстар туралы ой – өрісін, түсініктерін дамыту.
Құстар – қанатты достар
Құстар – қанатты достар
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Ғ. Молдашев атындағы ОЖББМ Бастауыш сынып мұғалімі. Мустанова Айжан Темирболатовна
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Өтеген Жарқын
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кайдакова Жанат Бекболатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×