Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дендерім – байтақ мекенім

06 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Технологиялық карта
Тақырыбы: Дендерім – байтақ мекенім
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Мақсаты: Туған өлке туралы мағлұматты бекіту. Табиғаты, жетістіктері, қазба байлықтары туралы айта отырып, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Табиғаттың әрбір бөлшегі адамзат баласы үшін асқан байлық, қайталанбас қазына екенін, адам өмірінің қорғаушысы, денсаулықтың қорғаны екенін ұғындыру. Сөздік қорын, ой – өрісін молайту. Жергілікті жердің қазынасы – гипстен жасалған құмыра бейнесін майлы бояумен әшекейлеу.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, саз, бейнелеу.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, өлең оқу, қазба байлықтарды көрсету, майлы бояумен бейнелеу, тәжірибе жасау.
Сөздік жұмыс: Құм, саз, әк, цемент, гипс.
Көрнекіліктер: Жергілікті жердің ақындарының өлеңдері жазылған үнтаспа, жергілікті жердің көрнекті ғимараттары бейнеленген суреттері, қазба байлықтары, гипстен жасалған құмыра бейнесі, майлы бояулар, қылқалам, сүрткіш, су.

1 кезең. Уәждік түрткі болу
Дидактикалық ойын: «Егер де... не болар еді?»
(күн болмаса, су болмаса, ауа болмаса...)
Балалар жауаптары: үнемі қараңғы, қорқынышты, шөптер, ағаштар қурайды, қатты шөлдейміз, тыныс ала алмаймыз...

Проблемалық жағдай орнату:
1. Балалар, сендер қай елде тұрасыңдар?
- Қазақстанда
2. Қазақстан, Отан туралы қандай өлең жолдарын білеміз?
Отан сенің ата – анаң,
Отан – досың, бауырың.
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың... т.с.с.
(балалар өлең жолдарын оқиды)
3. Балалар біз қай облыста тұрамыз?
- Атырау облысында
4. Қай ауданда тұрамыз?
- Дендер ауданында

2 кезең. Проблемалық ізденістік

Балаларды проблемаларды шешуге бағдарлау:
1. Слайдпен жұмыс:
а) Махамбет Өтемісұлы ақынымыздың ескерткіші.
ә) Мәңгілік алау - Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткіші.
б) Мәдениет үйі – көпшілік демалатын орын.
в) Кітапхана – көпшілік кітаптар алып оқитын орын.
г) Мұражай - халқымыздың өшпес ерліктерін, қазба
байлықтарын, табиғатын, салт - дәстүрін сақтай отырып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыратын орын.
д) Сөйлесу орны - жан - жақты қалалармен сөйлесетін орын.
Слайд бойынша әңгімелейді.

2. Көптеген ақын – жазушыларымыз ауданымыз туралы өлеңдер жазған, соны есімізге түсірелік:
Т. Досымов «Дендерім – байтақ мекенім»
Дендерім менің – ардақты елім,
Шаттыққа толы айналаң.
Ата – бабадан мұраға қалған,
Жайықтың бойын жайлаған.
Дендерім менің, кең жерім
менің,
Байлыққа толы белдерім.
Махамбет пенен батыр Борандар,
Қыран боп туған ерлерім.
Ардақты елім, айбыным
менің,
Күмбез тау Шалқар айдыным.
Деңдерім менің кенді елім менің,
Қазаққа ортақ байлығым.

Ш. Өтеналиев «Индер күмбезі»
Күмбезден құйылады, маржан тастар,
Секілді ойнап – күлген балғын жастар.
Байлығын күмбез таудың көтергелі,
Шығамыз қол ұстасып, кел жолдастар.
Индер тау айналайын айдыныңнан,
Бойында симай жатқан байлығыңнан,
Айдыныңнан байлығыңнан,
Сағындым үміт артып талай жылдан.
Байлығын Сәти, Мәтен аралығы,
Тегістеп барлаушылар қарап алды.
Өзіңнен қажеті кен Борат тауын,
Оныңды таза алтынға бағалағым.
(балалар өлең жолдарын тыңдайды)

3. Қазба байлықтар түрлерімен таныстыру:
Ине тәріздес тас
Борат
Улексит
Қиыршықтас
Гидроварвцит
Қызыл борат рудасы
Қара балшық
Аморит
Гипс
Күкірт
Селвенит
Ас тұзы
Құм.
(Балалар қосылып атайды)

4. Топтастыру әдісін пайдалану:
Әдемі зәулім үйлер салу үшін - құм, саз, әк, цемент, гипс керек.
Емге шипа – қара балшық, тұз суы керек.
(Балалар топтастырады)

Баланы қызмет үрдісіне психологиялық - педогогикалық сүйемелдеу:

Сергіту сәті: «Бес құбылыс»
«Ауа» - қолдарын жоғары көтереді,
«Су»- қолдарын алға созады,
«Жер» – қолдарын жоғары көтереді,
«Жел» – қолдарын жоғары көтеріп, шайқалады,
«От» - қолдарының басын, шынтақ буындарын айналдырады.
(Балалар қимылдарын жасайды)

5. Тәжірибе жасау:
Гипсті сумен араластырып құмыра бейнесін жасау.
(Балалар гипсті сумен араластырып, құмыра бейнесін жасайды)

6. Майлы бояумен құмыраны бояу.
(үнтаспадан Б. Суханқұлов. «Дендерім» әні ойналады).
(Балалар майлы бояумен құмыраны бояйды)

3 кезең
Рефлексті - түзетімдеуші

Балалар қызметінің нәтижелерін талдау:

- Балалар, біз қай ауданда тұрамыз?
- Дендер ауданында
- Біздің аудандағы үлкен ғимараттарды атай қойыңдар.
- Ғимараттарды атайды.
- Қандай қазба байлықтарды білеміз?
- Қазба байлықтарды атайды.
- Гипстен ненің бейнесін жасадық?
- Құмыраның.
(Балалар жұмыстарын саралау, мадақтау).
Балалар өз жұмыстарына риза болады.

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Жергілікті жердің қазба байлықтарын біледі.
Меңгере алуы: Тәжірибе арқылы гипстен бейнелер жасай алады.
8 870
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Пейзаж «Қар жауып тұр»
Пейзаж «Қар жауып тұр»
Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету. Бояу түстері арқылы салынған суреттер бойынша оқушының ой - өрісін, қиялын дамыту.
Табиғат әсемдігі
Табиғат әсемдігі
Табиғат бізді қоршаған орта, оның табиғат байлықтары адамзаттың материалдық игілігі, әр бөлшегі адам өмірінің қорғаушысы және денсаулығының кепілі екенін түсіну жол ашу
Алжапқыш
Алжапқыш
Балалардың алжапқыш туралы түсініктерін жетілдіру. Алжапқышты ұлттық ою - өрнектермен әшекейлеуді үйрету. Іскерлік дағдыларды қалыптастыру, алжапқышты әдемілеп әшекейлеу арқылы эстетикалық талғамын дамыту.
Күзгі ағаш
Күзгі ағаш
Атырау облысы, Индер ауданы, "Райхан" балабақшасының тәрбиешісі Нугманова Қалампыр Қабдысалыққызы
Жер - қазына
Жер - қазына
Сабақтың міндеттері: 1. сөздікпен жұмыс жасай отырып, сөздік қорын молайту және Жер - қазына тіркесінің мағынасын ашып көрсету. 2. сабақ барысында Жерден алынатын мол өнімнің адам өмірі үшін маңызын айта отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамытып,
Жергілікті жердің қарапайым планын түсірудің  жолдары
Жергілікті жердің қарапайым планын түсірудің жолдары
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы №1 орта мектеп география пәні мұғалімі Чабаева Асем
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×