Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су тіршілік көзі және оның қасиеттері

22 сәуір 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты:
• Балаларды судың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру.
• Судың мөлдір болатындығы жайлы, суда тірі ағзалардың өмір сүре алатындығы туралы түсінік беру.
• Себеп - салдарлық қатынастарды белгілеу дағдыларын қалыптастыру.
• Қызығушылықтарын туғызып, суға деген ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Алдын - ала жұмыс:
1. Дамыту ойындары:
«Кім судың қасиеттерін атайды?
«Қандай суды ішуге болмайды?»
«Жақсы - жаман» (ТРИЗ бойынша).
2. Д. Родаридің «Түрлі су» өлеңін оқу
3. «Ала - құла өзен» экологиялық дабыл.
Сабақта қолданылатын құрал - жабдықтар:
• Әр үстелдің үстіне стақандағы таза су, бос стақан, қасық, пробирка, тұз, құм, тастар қойылады;
• Демонстрация үшін: қарамен боялған суы бар стакан, қасық, тастар.
Сабақтың барысы:
Топқа нас бала кіреді. Ол балаларға оны жуындыратын әжесінен қашып кеткені туралы айтады. Бұл бала жуынбай жүргенді артық көріп, суды ұнатпай жүр. Нас балаға балалармен бірге сабақта қалып, су туралы тыңдауға ұсыныс білдіреді

Тәрбиеші:
Су туралы біз не білеміз? Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, судың дәмі барма? Сендердің үстелдеріңнің үстінде сумен стақандар тұр, оның дәмін татайықшы. Дәмі қандай?
1 - ші тәжірибе: Судың дәмін анықтау.
Қорытынды: Судың дәмі жоқ.
2 - ші тәжірибе: Судың иісі бар ма?
(балаларға суды иіскеу ұсынылады)
Қорытынды: Судың иісі жоқ.

3 - тәжірибе: Судың формасы бар ма?
Суды стақанға құяйық. Оның формасы өзгереді ме? Енді мен суды пробиркаға құямын. Қазір ол қандай болып тұр. Осыдан қандай қорытынды шығаруға болады. Судың формасы бар ма?
Қорытынды: Су оны құйған ыдыстың формасын қабылдайды.
Тәрбиеші: Судың бұл қасиеті – «Ағушылық» деп аталады. Егер суды үстелдің үстіне құйып жіберсек, нені байқауға болады? (ол ағып формасыз болып жатады)
4 - ші тәжірибе: Су кейбір заттарды ерітеді, кейбіреулерін ерітпейді.
Стақанға бір қасық тұз салып, оны былғаңыз. Тұзға не болып қалды, қалай ойлайсыңдар? Оны қалай білдіңдер? (тұз еріді)
Қорытынды: Су – жақсы еріткіш.
Суда тағы нені ерітуге болады. Басқа стақанға құм салыңыз, не байқадыңыз? Неліктен құм еріген жоқ?
5 - ші тәжірибе: Судың түсі бар ма?
Стақандағы таза суға әр түрлі заттар салынады: қасық, тас. Сонымен, судың түсі бар ма?
Қорытынды: судың түсі жоқ, ол мөлдір.
Тәрбиеші: Егер боялған суға тағы да осындай заттарды салсақ, қандай құбылысты байқауға болады? Неліктен?
- Су әрқашан осындай мөлдір бола ма?
- Көл, тоған, өзендердің сулары қандай?
(ылғи лай)
- Егер су әрқашанда лай болса, су тұрғындарымен не болады? (өледі)
Тәрбиеші: «Су - өмірдің көзі» деген сөз бекер емес. Су - өсімдіктер мен жануарлар ағзаларының құрамының негізгі бөлігі. Егер қарбыздың 1 килограмын кептірсек, 20 грамм құрғақ зат шығады. Демек, қарбыздың 98% - су. Адамның ағзасында да су көп. Су қан, сілекей, асқазан шырынының құрамына кіреді. Сонымен қатар, су – жас, тер стақанға дейін суды бу түріне болады. Адамның ағзасы ауа жұтқанда, күніне 2 стақанға дейін суды бу түріне шығады. Судың қатысумен ағзадан зиянды заттар бөлінеді.
Су - өмір, адам үшін де, барлық тірі жандар үшін де. Адам тамақсыз 30 күн өмір сүре алады, ал сусыз 3 күн ғана. Ендеше, су – адам үшін өте қажет.
Ойын: «Су, су емес».
Егер мен әр түрлі қалыптағы суды атасам, сендер қолдарыңды көтеріңдер, егер зат немесе тірі ағза сумен байланысты болса – отырыңдар, егер сумен байланысты болмаса – тұрыңдар.
(Қар, үйрек, стақан, шық, жаңбыр, кеме, орындық, кит, бұршақ, балық, т. т).
- Адамның денесінде су көп пе?
- Су ненің құрамына кіреді?
- Адам ауа жұтқанда су не түрінде бөлінеді?
- Біздің ағзадағы зиянды заттар ненің көмегімен бөлінеді?
- Адам тамақсыз қанша уақыт өмір сүре алады, ал сусыз?

Нас бала: Уа, балалар, сендермен қалай қызық. Жай ғана судың соншама қыр - сыры көп екенін білген жоқпын.
Тәрбиеші:
Көптеген ғалымдар тексеріп осындай шешімге келді: Судың дәмі, түсі, иісі болмайды. Сондықтан нас баланы тек қана таза су жуындыра алады.
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолын жу.
Тазалықтың досы,
Су дегенің осы.
Нас бала: Балалар, мен қазір әжеме жүгіріп барып, жуынып, сендерден біліп алғанымды айтамын.
Рақмет! Сау болыңдар! (кетеді)
Тәрбиеші: «суды бекер төккен – күнә жасайды» - делінеді бір мақалда.
Бұлай неге айтылған, кім маған түсіндіріп береді? Бұл неге байланысты? (жыл сайын таза, тұщы судың азаюымен байланысты).
• Көптеген Еуропалық елдер таза, тұщы суды көп ақшаға сатып алады екен. Біздің Қазақстан Республикасында да ауыз суының сатылуы әдеттегі құбылысқа айналды. Бұл – Тұран, Сарыағаш – ауыз сулары, Құлагер - Арасан – минералды сулары т. б.
• Таза, тұщы суға артық ақша төлемеу үшін, не істеуміз керек, суды үнемді пайдалану керек.
• Егер су шүмектен, су бағанасынан қажетсіз ағып жатса не істеу керек? Шүмекті жабу кетек.
• Жуынғанда суды қалай жұмсау керек? Судың көп ағып кетпеуі үшін су ағысын азайту керек.
Тәрбиеші: Сондықтан да, таза, тұщы су – байлығымыз. Оны үнемдеп, сақтауымыз керек екендігін есімізден шығармауымыз керек.
9 404
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Судың қасиеті
Судың қасиеті
Судың қасиеттері туралы білімдерін кеңейту, судың пайдасы, маңызы туралы білімдерін кеңейту.
Су - тіршілік нәрі
Су - тіршілік нәрі
Балаларға су туралы түсінік беру. Судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Суды үнемдеп пайдалануға оның қасиеттерін түсіндіру. Суды ластамауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Заттардың қасиеттеріне тәжірибе жасау
Заттардың қасиеттеріне тәжірибе жасау
Су – тіршілік көзі екенін, оның пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту. Тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.
Су.  Судың  қасиеті
Су. Судың қасиеті
Жаңаөзен қаласы, №15 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Нұрманова Ботагөз
Балалармен бірге танымдық тәжірибе жұмыстары
Балалармен бірге танымдық тәжірибе жұмыстары
Павлодар обылысы, Екібастұз қаласы № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназиясы Каргабаева Шолпан Сембайқызы
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі
Сабақтың мақсаттары: 1. Балаларға су тіршіліктің көзі екенін таныстыру. 2. Балалардың су туралы білімдерін кеңейту. Ойын, тілін, байқағыштығын, білім құмарлығын дамыту. 3. Суды ластамауға, қорғауға, таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Шығармашылық
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×