Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заттардың қасиеттеріне тәжірибе жасау

18 сәуір 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Заттардың қасиеттеріне тәжірибе жасау»
Мақсаты: Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету.
Білімділік: Су – тіршілік көзі екенін, оның пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, суды үнемдеуге ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, су, тұз, стакан, сүрткіштер, аққағаз, түрлі түсті қарындаштар, ермексаз т. б.
Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, көрсету, тәжірибелер, суреттерді құрастыру.
Интеграция: Қоршаған орта, тіл дамыту, сурет салу, мүсіндеу.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар бізге бүгін көптеген қонақтар келді, оларға жылы жүзбен қарап, сәлемдесейік!(3тілде)

«Шаттық шеңбері»
Самал жел бізді желдетші,
Күн нұры бізді жарқырат.
Таза ауа бізге дем берші,
Мөлдір су бізді салқындат.
Тәрбиешінің кіріспе сөзі:
(құбырдан судың ағысын есту)
- Балалар ненің дыбысы естіледі? Бұл не өзі?
- Су.
Ал, енді экранға қарайық, біздің жас тілшілеріміз не айтар екен?
«Су туралы» видео ролик қойылады
Видео презентация көрсетіледі.
- Сендер қалай ойлайсыңдар? Бүгінгі әңгімеміз не жайында болмақ?
– Су туралы
- иә, біз бүгін су туралы біліп қана қоймай, суды қорғап, оның сақтаушылары боламыз. - Балалар бұл не?
- Карта.
- Жер бетінде, онда қандай түстер көп екен?
- Көгілдір.
- Ол нені білдіреді?
- Суды.
- Жер бетінде (үлкен суларды қай жерлерде кездестіреміз? Сендер білесіңдер ме?
- Көлдер, олар жер астының терең су көзі, оның суы мөлдір, таза, егер су жер бетіне көтеріліп шықса, ол бұлақ көзі болады. Теңіздер мен мұхиттердің сулары өзен көлдердің суларына ұқсамайды, олардың ерекшеліктерін білгілерің келе ме?
Сұрақ - жауап
Су туралы кім не біледі?
Сылдыр суға бетіңді жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ бетің, маңдайың.
Дұрыс.
Ал кім су туралы мақал - мәтел біледі?
Судың да сұрауы бар.
Су - тіршілік көзі.
Сусыз өмір жоқ.
Су - тазалықтың досы.
Суға түкірме.
Суды ластама.
Енді балалар тәжірибе арқылы судың қасиеттерімен танысамыз.

I Тәжірибе «Су — мөлдір»
● Балалардың алдына екі ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісінде тұзды су құйылған. Балалар суды ішіп көреді.
- Бұл қандай су?
- Тұщы, таза, мөлдір
- Біз қандай суды ішеміз?
-(Тұщы, таза, мөлдір ) Бұл су - өзен, көлде болады. Жер бетінде тұщы су жоқтың қасы.
Балалар екінші ыдыстағы суға қасықпен кішкене тұз салып араластырамыз. Судың өзгерісін байқаймыз, енді судың дәмін көріңдерші.
Балалар:
- Судың дәмі өзгерді. Ол ащы, тұзды болды.
Бұл тұзды су «теңіз сулары» болады. Бұл тәжірибелер арқылы біз судың қасиеттерін білдік.
Сұрақ - жауап
– Адамдар сусыз өмір сүре алады ма?
Балалар біздің ағзамызда 70%суды құрайды. Адамдар сусыз 2 - 10 күн аралығында өмір сүре алады екен.
- Жер бетінде су нелерге, кімдерге қажет?(Мазмұны бойынша суреттер көрселеледі.)
- Ағаштар сусыз қурап қалады, гүлдер сусыз өспейді. Балықтар сусыз тіршілік етпейді, себебі олар суда болады.
- Балалар сендер балабақшада сумен қай жерде кездестіңдер?
- Мен балабақшаға келе жатқанда көлшікті көрдім. Көлшік жаңбырдан пайда болған су.
- Біз балабақшада тамақ ішерде қолымызды сумен жуамыз.
- Серуенде жүргенде ағаштарға су құямыз.
- Бөлмедегі гүлдерге су құямыз.
- Жуынатын бөлмеде беті - қолымызды жуамыз.
- Әжетханада суды ағызамыз.
- Балалар бізге су не үшін қажет?
Балалардың жауабы - Суды ішеміз, жуынамыз.
- Сумен бау - бақшаны суарамыз.
- Сумен ас әзірлейміз, сумен қол жуамыз.
Сергіту сәті.
- Сусыз қарным тоймайды.
Сусыз кірім кетпейді.
Сусыз гүлдер гүлденбес,
Сусыз күнім өтпейді

ІІ. Тәжірибе «Лай суды сүзгіштен тазалап көру»
● Балалар суға құм салып, араластырып көреді, екінші стакандадағы сүзгіштен лай суды құйып, бақылайды. Балалар сүзгіштен өткен судың айырмашылықтарын айтады. Нәтижесін қорытындылайды.
Балалар енді бой жазып, жаттығу жасайық.

ІІІ. Тәжірибе Судың түсін өзгерту.
Әр балаға бояу жағылған қылқалам беру. Суды араластырады. I. Судың түсін ажырату, Судың түсі қандай болады?

ІV. тәжірибе.
1 - стаканда су – қасық салу. Көріне ме?
2 - стаканда сүт – қасық салу. Көріне ме?

Қорытынды.
Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқалып.
Ағаштарға су құйып,
Өсіреміз сая бақ.

Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы
«Аяла» балабақшасының тәрбиешісі Қалабаева Н. Ұ.
6 239
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Судың қасиеті
Судың қасиеті
Судың қасиеттері туралы білімдерін кеңейту, судың пайдасы, маңызы туралы білімдерін кеңейту.
Мөлдір су. Ермексазды жұмсартайық
Мөлдір су. Ермексазды жұмсартайық
Балалардың сөз байлығын, сөздік қорларын молайту, тәжірибе жасай білу қабілеттерін дамыту, өз бетінше әрекет ете білу, бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.
Суды сақтаушылар
Суды сақтаушылар
Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету. Су – тіршілік көзі екенін, оның пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту.
Су патшалығына саяхат
Су патшалығына саяхат
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының «Балауса» тобының ІІ санатты тәрбиешісі Кемалова Маржанкүл Тасмағамбетқызы
Cу – тіршілік негізі
Cу – тіршілік негізі
Бастауыш сынып мұғалімі Ибрашева Гулжамал
Су.  Судың  қасиеті
Су. Судың қасиеті
Жаңаөзен қаласы, №15 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Нұрманова Ботагөз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×