Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балалар тәрбиесінде ата – ана рөлі (ата - ана жиналысы)

22 мам 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Ата - аналар жиналысы:
«Балалар тәрбиесінде ата – ана рөлі»
Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата - аналармен бірлесе қарастыру Ата - аналармен бірлесіп отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау, бала тәрбиесінде ата - аналардың рөлін көрсету балалармен ортақ тіл табысуға үйрету.
Көрнекілік: «Менің отбасым»(буклет), бәйтерек суреті, нақыл сөздер, слайд, карточкалар.

Жиналыс жоспары.
1. Ұйымдастыру
2. Кіріспе сөз.
3. Ата - аналарға тест «Сіз қандай ата - анасыз?» (әр жауап үшін 1 балл)
4. Әңгімелесу - Миға шабуыл.
5. Слайд: «Таңғажайып ертегі»
6. Балалық шағымызға ораламыз.
7. Жағдаяттар
8. Бақытты отбасының бәйтерегі.
9. Қорытынды: Ата - аналарға кеңестер оқылады (тапсырылады)

Жиналыс барысы:
1) Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері:
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

Ата – аналар шеңбер бойымен тұрып бір біріне тілек айтады
2) Кіріспе сөз.
Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол - менің балаларым»- деген екен. Әрбір ата - ана баласының денсаулығы мықты, ең жақсы болуын, талапты болып өсуін арман етеді. Менің ойымша, құрметті ата - аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін арман ету керек, ол адамдарға және қоғамға пайда келтіріп, «Адам» деген жоғары атаққа ие болып, барлық өмір тіршілігінің сынақтарынан сүрінбей өтіп, жетістіктерге жетеді. «Біз балаларға ұқсамаймыз, балалар бізге ұқсайды» дейтін белгілі тәсіл бар. Ал баланың сізге ұқсауы үшін, сіздің қасиеттеріңізді алу үшін өзіңіз не істедіңіз? Қане, осы орайда тәжірибе алмасайық. Өз отбастарыңызда қалыптасқан, баланың оңды қасиеттерін жетілдіруге бағытталған қандай дәстүрлер бар? Сол туралы әңгімелесейік.
3) Негізгі бөлім
Ата - аналарға «Сіз қандай ата - анасыз?» тест.
Олар балалармен қарым - қатынас барысында неғұрлым жиі сөздерді белгілеу қажет.
- Мен саған қанша рет айтамын?
- Маған кеңес бере қойшы, айналайын!
- Мен сенсіз не істер едім?!
- Бұл не тағы?
- Біз бәрін бірге ойласатын достармыз ғой?
- Кімге тартқан бәлесің өзің?
- Мен сендей кезімде...
- Сен менің тірегімсің, қолқанатымсың!
- Сенің жаныңдағы қандай достар осы?
- Сен не ойлап отырсың?
- Ұлым (қызым), сен қалай ойлайсың, жұрттың баласы бала сияқты, ал сен болсаң…
- Ақылдымсың ғой сен менің!

Жауаптары:
7 - 8 балл
- Сіз өз балаңызбен жүйелі түрде қарым - қатынас жасап отырмасаңыз да, ол сізді құрметтейді. Сіздің көзқарасыңыз оның тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.
9 - 10 балл
- Балаңыз сізді құрмет еткенімен әрқашан ашық сөйлесе бермейді. Оның тұлғалық дамуы кездейсоқ жағдаяттар ықпалынан болмақ.
11 - 12 балл
– Сіздің бала тәрбиесіне мұқияттылау болғаныңыз жөн. Балаңыз сізді құрметтейді, бірақ ол, ата - ананың аялы алақанына, жылы сөздеріне зәру.
13 – 14 балл
- Сіздің бала тәрбиесіне байланысты ұстанған жолыңыз дұрыс емес екенін өзіңіз де білесіз. Балаңыз бен сіздің араңызда сенімсіздік бар – оған көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз, оның сөздеріне құлақ асыңыз.

Мұғалім: Біздің тестіміз істің шын жағдайына қатысты емеурін ғана, сіздің қандай ата - ана екеніңізді өзіңізден басқа ешкім жақсы білмейді.

4) Әңгіме: Ми шабуылының тәсілі (ата - анаға сұрақ)
Мұғалім: — Құдайдан адамдар бала бер деп жалбарыныпа сұрайды. Адамға неге бала керек? (ата - аналар өз пікірлерін айтады)
Мұғалім: Әрине, бақыты отбасы бұл әрбір адам өміріндегі ең маңыздысы. Бұл туыс және туған адамдар, оларды біз құрметтейміз, оларға сенеміз, қуаныш пен бақыт тілейміз. Әрбір бала дүниеге өз миссиясымен келеді. Ал біз не істейміз? Біз балаларға нұсқаулар бере бастаймыз, ал кейбіреуі өмір жолымен жетелейді.

5) Қазір «Таңғажайып ертегі» слайдын ықыласпен көріңіздер.
Осы аңыздың мәні неде? Ол бізді не нәрсеге үйретеді? Слайд:
Тәрбиеші: Бір бала, жарық дүниеге келер алдында құдайдан сұрайды Слайд көру. тәрбиеші: Сонымен құрметті ата - аналар, жарық дүниеге келген мына бала сіздердің ықпалдарыңызда және қамқорлықтарыңызда болады. Сіздер оның бірінші тәрбиешісі боласыздар.

Әрбір ата – ана өз баласынан бақыт көреді. Өкінішке орай кейбір ата - ана «бақыт» деген ұлы сөздің оларға келгенін байқамайды. Қандай болмасын, бар болмысыңызбен өз балаңызды сүйіңіздер, өйткені олар сізді сүйеді, өйткені сіздер олардың әкесі және анасы боласыз. Біреулер байлықты - бақыт деп санайды, басқасы құрмет пен даңқ, үшіншілері – лауазым мен мансапты бақыт дейді. Нағыз бақытты адамға тек жақсы, тәрбиелі балалар ғана сыйлай алады.

6) «Балалық шағымызға ораламыз»
Тәрбиеші:
а)«Менің балалық шағымның ең бақытты күндері» (ата - аналар естеліктер айтады)
ә) Өз баламызды тәрбиелеуде ата - анамыздың тәрбиесін қалай қолданамыз?

7) Жағдаяттар шешу.
1) Марат жазаланды. Ол 2 бірдей «2» алған болатын. Әкесі ұлымен қатаң сөйлесіп, үйден шығуға рұқсат етпей қойды. Бірақ достары келіп Маратты киноға шақырды. Анасы баласын аяп әкесіне оны достарымен бірге жіберуді сұрай бастады. Ата - ана арасында конфликт туындады. (ата - ананың балаға қоятын талаптары бірыңғай болуы тиіс)

2) Айнур анасына тосын сый жасағысы келді. Сөйтіп ол мектептен келе салып ыдыс - аяқтарды жуып, ас даярлады. Анасы келгенде оның алдына көңілденіп шығып, қолындағыларын алды, шешінуіне көмектесті. Бірақ анасы оған ешқандай мән берген жоқ, біртүрлі көңілсіз еді. Сонан соң қызы анасын дастарханға шақырды. Тамақтанып болған соң «рахмет» деді де өз бөлмесіне кетіп қалды. (Бала еркелеткенді, мақтағанды ұнатады. Оны жиі мақтап, аялап, еркелетіп тұру керек).

3) Ата - ана ауылға әжемізге барып, саяжайда жұмыс істеуді ұйғарды. Онда Русланнан басқалардың бәрі өздеріне жұмыс тапты. Оған жүйектерді арам шөптен тазарту, бұлақтан су әкелу ұсынылды. Бірақ ол мұның бәрінен бас тартты. Бақшада көбелек қуып жүрді. Айқайлап, жұрттың жұмысына кедергі келтірді. (Бала өз отбасындағы барлық жұмыстарға қатысуға тиіс)

8) Бақытты отбасының бәйтерегі. Ата - аналар өз отбасыларының ерекше қасиеттерін жазып, ағашқа бекітеді.

9) Қорытынды: Ата - аналарға кеңестер (оқылады) таратылады. тәрбиешісі: Әрине, өмірдің барлық жағдаяттарын қамти алатын, жұрттың бәріне ортақ, бірыңғай ереже жоқ. Әрбір бала әртүрлі. Әрқайсысы өзінше ерекше. Сол сияқты бізбен сіздің қарым - қатынасымыз да өзіндік сипатта. Біздер: педагогтар мен ата - аналар - балалардың бойындағы білуге құмарлық, еңбек етуге, әдемілікке, өз қабілет - қарымы мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруға тырысушылық әрекеттерін жетілдіру, дамыту, қалыптастыру бағытында бірлесіп жұмыс жүргізуіміз қажет. Мен бұл бағыттағы іс - әрекеттеріміздің нәтижелі боларына сенемін. Жиналыстың соңында сіздерге алғыс айта отырып, жауап байланыс парағын толтыруды сұраймын.
Жауап байланыс парағы:
1. Ата - аналар жиналысының мұндай формасы бізге қажет пе?
2. Сіздің пікіріңізше не нәрсе артық болды, нені қосу керек еді?
3. Келесіде қандай тақырыпта әңгімелесуді ұсынар едіңіз?

Жүректен жүрекке: Құрметті ата - аналар! Енді осы балапандарымызға жүрегімізден шыққан жылы сөздеріңізбен, тілектеріңізді қағазға (жапырақ) жазып ағашты көркейтейік.
Жүректен шыққан тілектеріңіз әрдайым жер бетіндегі балаларды қолдап желеп - жебеп жүрсін дегім келеді.
«Ризамын» әні.
27 309
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс жоспары
Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс жоспары
1. Қыркүйек. Жаңа оқу жылымен таныстыру. Ата - аналар үштігін сайлау (Жиналыс)
Ата - аналар жиналысы 2 сынып
Ата - аналар жиналысы 2 сынып
Жиналыс басында педагог ата - аналарға арнап анкеталық сұрақ дайындайды. Қорытындысы жиналыс соңында қаралады.
Ата - ана мен бала қарым - қатынасы
Ата - ана мен бала қарым - қатынасы
Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата - аналармен бірлесе қарастыру.
Ата - аналар жиналысы: Баланың бас ұстазы ата - ана
Ата - аналар жиналысы: Баланың бас ұстазы ата - ана
Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Тақырыбы: “Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі” Мақсаты: Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуда ата - аналармен бірлесе жұмыстар жүргізу.
Тәрбие тал бесіктен
Тәрбие тал бесіктен
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×