Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыл мезгілдеріне саяхат

09 қараша 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қызылорда қаласы
"Сыр - сұлуы" мектепке дейінгі кіші орталық мекемесінің
ортаңғы топ тәрбиешісі Баимбетова Айгул Султанбекқызы

Ортаңғы топ
Білім беру саласы: «Таным».
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру».
Тақырыбы: «Жыл мезгілдеріне саяхат».
Мақсаты: 5 көлемінде заттарды санап, қорытынды санды атау, екі топтағы заттарды салыстырып, оларды теңестіру және геометриялық пішіндер туралы білімдерін нығайту. Заттың кеңістікте орналасуына, көлеміне, санның тәуелсіздігін түсіне білуге үйрету. Заттарды биіктігіне қарай өсу ретімен орналастыру, цифрды заттың санымен сәйкестендіру, реттік санды атап, нешінші деген сұраққа дұрыс жауап беру дағдыларын дамыту.
Көрнекіліктер: Қуыршақ театры: жыл атасының бейнесінде, санауға арналған демонстрациялық материал (киіз үйлер, жемістер), үлестірмелі материалдар: 1 - 5 - ке дейінгі цифрлар, геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыштар), бала санына қарай гүлдер алаңы, көбелектер - 80 дана, әр балаға 1 - 5 - ке дейінгі сандар жинағы, өсу және кему ретімен орналастыратын шыршалар жинағы.
Әдіс - тәсілдер: ойын, сұрақ - жауап, практикалық, түсіндіру.
Т. қ. ж: ДВД, теледидар, ноутбук.
Білім беру салаларын кіріктіру: «Қатынас», «Денсаулық», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»
Билингвистік компонент: қыс – зима, жаз – лето, күз – осень, көктем – весна.

Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
- Балалар бүгін мен сендерді «Жыл мезгілдеріне саяхатқа» шақырамын, ол жерде бізді жыл атасы және қызықты ойындар, тапсырмалар күтіп тұр.
- Осы қандай жыл?
Олай болса саяхатқа атқа мініп барайық.(«Тұлпарым»әні ойналады)
Іздену ұйымдастырушы

Міне балалар «Жыл мезгілдеріне» де келіп жеттік. (Осы кезде ширмадан жыл атасының бейнесінде қуыршақ театры пайда болады) Балалар қане, орнымызға отырайық.
- Жыл атасы: Саламатсыңдар ма, балаларым!
- Жыл мезгілдеріне қош келдіңдер.
- Мен сендерді өзімнің төрт қызыммен таныстырайын деп отырмын. Ол үшін сендер менің жұмбақтарыма жауап берулерің керек. Жұмбақ шешуге дайынсыңдар ма?
Тыңдаңдар.
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп - бояп барлығын,
Сап - сары ғып қояды.
(Слайд «Алтын күз»)
- Дұрыс айтасыңдар балаларым. Менің қызымның аты «Күз
Қүз - осень
- Ол сендерге ойын, тапсырмалар әзірлеп қойды.
(Жапыраққа жазылған тапсырманы алу)
1. Жемістер мен көкөністерді санау:
- Үстіңгі жолаққа алмұрттарды, ал астыңғы жолаққа алмаларды қойып шығайық. (заттарды солдан оңға қарай оң қолмен қоямыз, тақтада көрсету)
- Жасұлан, үстіңгі жолақта неше алмұрт?
- Бақыт, астыңғы жолақта неше алма?
- 5алмұрт, 4 - алма. Айша айта қойшы қайсысы көп, олар нешеу?
Қайсысы аз, олар нешеу?
- Олар тең болу үшін не істеуге болады?
- Бір алманы алып тастаймыз.
Ислам, алма мен сәбіздер туралы не айтуға болады?
- Олар неліктен тең болды, алмұрттар көп, барлығы бесеу еді ғой?
- Жарайсыңдар балалар.
Күз мезгілінің тапсырмасын өте жақсы орындадыңдар.
- Жыл атасының келесі жұмбағын тыңдайық.
- Жыл атасы:
Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Балалар сырғанап ойнайды.
(слайд - қысқы табиғат)
- Жыл атасы: Жақсы балаларым. Менің қызымның аты «Қыс»
Қыс - зима
- Мынау «Қыс мезгілінің сендерге арнаған тапсырмасы. (Қарға жазылған тапсырма)
1. Шыршаларды өсу ретімен орналастыру.
2. Ойын «Моншақтарды тізейік»
- Жұлдызай, шыршаны қалай орналастырдың? (2 - 3 баладан сұрау)
- Енді осы шыршаны безендіретін моншақтарды тізіп шығайық.
- Моншақтар неге ұқсайды?
- Мынау қандай пішін, түсі қандай?
- Ұлдана, қандай пішін, түсі қандай?
- Асылжан, ал мынау қандай пішін, түсі қандай?
- Мақсұт, айта қойшы қандай пішін, түсі қандай?
- Жіпке тіземіз.
- Жарайсыңдар балалар.
Сергіту сәті:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 940
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сиқырлы пішіндер әлеміне саяхат
Сиқырлы пішіндер әлеміне саяхат
Барлық өткен геометриялық пішіндер, түстер туралы қайталау. Оларды бір - бірінен ажырата білуге, салыстыра білуге, айналасындағы заттар арасынан геометриялық пішіндерді таба білуге үйрету. Зейін қоюға, ыждағаттылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Үлкен және кіші
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Үлкен және кіші
Заттарды санына қарай салыстыра алу қабілетін арттыру, бір затпен көп затты бір – бірінен айыра білуге үйрету. Санаудың дұрыс тәсілдерін пайдалана отырып, заттарды санау; солдан оңға қарай санау.
Cаны 3 - ке, 4 - ке тең заттарды салыстыру
Cаны 3 - ке, 4 - ке тең заттарды салыстыру
Cаны 3 - ке, 4 - ке тең заттарды салыстыру, заттарды санау, жыл мезгілдері (күз) оң жақта, сол жақта Мақсаты: 4 көлеміндегі заттарды санауға үйрету, үлгі бойынша санау, екі топтағы заттарды теңестіру, жыл мезгілдері (күз) туралы түсінігін нығайту,
1 2 3 4 5 сандардын құрамы
1 2 3 4 5 сандардын құрамы
Балаларды есептеуге дайындау үшін өзінен кіші екі саннан тұратын сандар құрамымен танысу 5 - ке дейін есептік және реттік санауды бекіту; 2 - 5 сандармен және цифрымен таныстыру, заттың аз тобына қосу немесе көп заттың бір затты алу.
Математика әлеміне саяхат
Математика әлеміне саяхат
Білім саласы: Таным Бөлім: Матеметика Математика әлеміне саяхат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×