Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні

25 сәуір 2021, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ертеңгіліктің тақырыбы: «1 - Мамыр», «Достық», «Бірлік», «Ынтымақ»
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар балалар! Сіздерді 1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін.
Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонағын қуана - қуана қарсы алады. Ендеше бүгінгі осы мерекеге арналған ертеңгілігімізді бастайық. Ортада «ботақан»тобын қарсы алайық. Балалармен әңгімелесіп. Біреу есік қағады. Бұл кім болды екен? Қонақ кіреді, ол - ұсқынсыз үйрек. Бәрімен амандасып, төрге жайғасады.

Тақпақтар
Эвелина
Қазақ осы қарасың ба ақсын ба?
Қоңырсың ба? Жатырқауды білмейтін.

Бекзат
Қазақстан төрінде күн нұрын төксін
Жерінде жұпар иісті гүлі сепсін!

Гүлдана
Алтын дәмді даламыз бай болсын
Ақ күмістей қаламыз көп болсын!

Жанболат
Бұзылмасын сәніміз
Барлық ұлттар бірлесіп
Қазақстан жерінде
Жасасын той мереке

Нина
Веселый праздник Первомай!
По всей строне идет
Танцуй и пой неотстовай!
Миша Всех друзей встречаем
Здоровья всем желаем
Чтобы каждый день
Было весело нам всем!

Аида
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таң.

Кирилл
Солнечный май
Радостный май
Песенку слушай
Привет принимай

Самат
Достық шырағымыз
Достық ұранымыз

Айнура
Достық - туымыз
Достық - әніміз
Санжар Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз

Қазбек
Жалауымда -
Нұрлы күн
Нұрын шашып тұр бүгін
Паш етеді ол
Халқымның
Ынтымағын, бірлігін!

Тамирлан
Достық үлгі санаған
Бір үйде біз тұрамыз
Қалған ата - бабадан
Бірлік асыл мұрамыз

Ән «Қуыршақ»
Біздерде бар қуыршақ
Бұзау қозы құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды
Әмір беріп бұйырсақ
Қуыршақтар ұйықтайды
Айтқанымнан шықпайды
Ал қозы мен құлыншақ
Ұйықта десең ұқпайды
Тыңдамайды ұрысса
Осылары дұрыс па?
Тентектігін қоймаса,
Тұрғызамыз бұрышқа.

Ойын «Пияз жинау» мақсаты: пиязды шапшаң жинап, белсенділік таныту, үлкендерге көмек беруге тәрбиелеу.

Би «цып цып»

Ән «Достар»

Ақпыз, қарамыз, сарымыз
Татумыз біз бәріміз
Достық жәйлі ән салып
Шырқатайық қане біз
Жүзімізге қараңыз
Бал бұл жанған баламыз
Бізге қымбат күн шуақ
Бізге қымбат анамыз!

Күннің нұрын сүйеміз
Қырдың гүлін сүйеміз
Бізді ойнатып, мәпелеп
Күлдіргенін сүйеміз
Балдырғанбыз арай жүз
Бал бұл жанып қараймыз
Ойыншықтар біздерде,
Көп болғанын қалаймыз!

Ұсқынсыз үйрек: рахмет сендерге, балалар, мен достық неге не үшін керек екеніне түсіндім, сендердің осындай үлкен махаббаттарыңнан мен әдемі сүйкімді үйрекке айналдым.
Анасы ортаға шығып шаңыраққа лента байлайды да, жүректі ұстап тұрып «жүректен жүрекке» деп өз шаңырағына тілек айтады.
Жүргізуші: Осымен 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!

Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Озерный ауылы,
Озерный орта мектебінің шағын орталық тобының тәрбиешісі
Балшикбаева Ақнұр Хасенқызы
97 509
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
1 - мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
1 - мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! «Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
«Достығымыз жарасқан» Мерекелік ертеңгілік
«Достығымыз жарасқан» Мерекелік ертеңгілік
1 - Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету. Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым - қатынаста болуға тәрбиелеу.
Достығымыз жарасқан!
Достығымыз жарасқан!
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында Дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
1 Мамыр - Ынтымақ күнін "Бір шаңырақ астында" сайыс
1 Мамыр - Ынтымақ күнін "Бір шаңырақ астында" сайыс
1 Мамыр - Ынтымақ күнін "Бір шаңырақ астында" сайыс Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Ынтымақ мерекесі
Ынтымақ мерекесі
Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту. Тәрбиеші: Ахметкалиева М. Б.
Бейбіт болсын болашақ
Бейбіт болсын болашақ
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақшасы»ММ бастауыш сынып мұғалімі Жуманиязова Жулдыз Дуйсенгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×