Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мозайкадан гүл құрастыру

05 желтоқсан 2015, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Аягөз қалалық
№2 бөбекжай - балабақша тәрбиешісі:
Садвакасова Айнұр Асанқызы

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: Мозайкадан гүл құрастыру
Мақсаты:
1. Білімділік: Балаларға қызғалдақ гүлі туралы түсінік беру. Мозайкадан қызғалдақ гүлін құрастыруды үйрету.
2. Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, саусақ моторикаларын дамыту.
3. Тәрбиелік: Өз ойларын толық жеткізе білуге, гүлдерге қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Гүлдің суреті, мозайкалар
Оқу іс - әрекеттің түрі: аралас (қарапайым математика, тіл дамыту)
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап
Сөздік жұмыс: Мозайка, қызғалдақ.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру.
Таңғажайып сәт: Қызғалдақ гүлі (кейіпкер)

Оқу іс - әрекеттің барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі. Шаттық шеңбері:
Мынау менің – жүрегім
Барлық істі бастаған.
Мынау басым ақылды
Барлық істі басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым.
Барлық істі атқарған.
- Балалар, қане орнымызға жайғасайық.

2. Өткенді қайталау.
Балалар қараңдаршы нелердің суретін көріп тұрсыңдар?
- Гүлдер.
- Дұрыс айтасыңдар, гүлдер. Сендер қандай гүлдерді білесіңдер?
- Бақбақ
- Бақбақ гүлінің түсі қандай?
- Сары
- Міне бақбақ гүлі. Бұл гүлді сендер неден құрастырдыңдар?
- Қағаздан.
- Дұрыс айтасыңдар. Қағаздан яғни майлықтан умаждау арқылы жасадық
- Бақбақ туралы тақпақ білесіңдер ме?
Үлбіреген бақбақ,
Үлпілдеген аппақ.
Уф! – десем, бақбақ,
Ұшасың ғой қаптап.
- Балалар сендер бақбақ гүлі туралы жақсы біледі екенсіңдер.
Осы кезде әуенмен қызғалдақ гүлі кіреді.

3. Жаңа сабақ.
а) кіріспе бөлім.
- Балалар, қараңдаршы бізге кім келді? Бақбақ гүлінен басқада гүлдің түрі бар екен? Бұл қандай гүл екен?
- Сәлеметсіз бе? Сіз қандай гүлсіз?
- Сәлеметсіңдер ме, Балалар?.
Жомарт мынау табиғат,
Өсіргендей бізге арнап.
Қып - қызыл боп жалындап,
Қырда өсер қызғалдақ.

3. Негізгі бөлім.
- Балалар бұл қызғалдақ гүлі екен. Ол өте әдемі екен.
- Қане бәріміз бірге айтайықшы қызғалдақ гүлі. (2 - 3 балаға қайталатып айтқызу.)

4. Сөздік жұмыс: Қызғалдақ
Қызғалдақ гүлі өзімен бірге мозайкасын ала келіпті.
Түймедақ гүл: і - Балалар мен осы мозайкадан не құрастырарымды білмей отырмын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
- Балалар қызғалдақ гүліне көмектесеміз бе?
- Иа
- Мозайкада қандай түстер бар? Қане атап жіберейікші.
- Сары, жасыл.

5. Сергіту сәті: Балалар, бір сәт біз де гүл болып жайқалып тербелейікші.
Шаршағанда ырғалып, (балалар орындарынан тұрып, жаймен тербеліп тұрады)
Гүлге ұқсап дем алам (отырады)
Қанатымды бір қағып (қолдарын жоғары көтереді)
Гүлдей болып жайқалам (қолдарын жоғары көтереді)
- Осы мозайкадан гүл құрастырып, қызғалдақ гүліне көрсетейік. Гүлдер сабағынан өсіп шығады екен. Алдымен мозайканың ортасынан, төменнен жоғарыға қарай гүлдің сабағын қоямыз. Гүлдің сабағы ұзын жіңішке болады. Содан кейін сабағынан жапырақ өсіп шығады. Енді жапырағын қоямыз. Жапырақтың пішіні сопақша болады. Сабағының жоғарғы жағынан гүлдің күлтелерін орналастырамыз.
- Ал, енді балалар гүлді құрастыруды бастайық.
Б) Қорытынды:
- Балалар, міне біз гүлді құрастырып болдық. Түймедақ міне біздің балалар, мозайкадан көп нәрселер құрастыра алады екен. Балалардың құрастырған гүлі ұнады ма?
- Маған балалардың құрастырған гүлі ұнады. Сендерден көп нәрсе үйрендім. Балалар сендер өте жақсы құрастыра алады екенсіңдер. Менің сендермен қоштасатын уақытым келіп жетті. Сау болыңдар, балалар!
- Түймедақ саған көп – көп рахмет сау бол.
(Түймедақ гүлі шығып кетеді)
- Ал, енді балалар ойын ойнайық

6. Бекіту:
Ойын: «Өз гүліңді тап»
Барысы: Балалар екі топқа бөлінеді, яғни 5 баланың басына қызыл қызғалдақ гүлі кигізіледі. 5 баланың басына сары бақ - бақ кигізіледі. Балалар музыка арқылы билеп жүреді де, музыка тоқтаған кезде сары бақ - бақ өз гүліне, қызыл қызғалдақ өз гүліне тұра қалады.( Аппақ гүлдер әніне билейді.)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, ойын өте қызықты болды.
- Балалар, бүгін біз нені құрастырдық?
- Гүлді
- Бізге қонаққа қандай гүл қонаққа келді?
- Түймедақ гүлі.
- Түймедақ гүлін неден құрастырдық?
- Мозайкадан.

7. Үйге тапсырма: Гүлдің суретін бояп келу.

8. Бағалау:
Балалар, мен сендерге гүлді жақсы құрастырғандарын үшін мынадай әдемі гүлдерді сыйға тартамын.
Кел балалар, тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау - саламат болайық!

Күтілетін нәтиже
Білуі керек: Гүлдер туралы, қызғалдақ, бақбақ гүлдері туралы, гүлдің сабағы, жапырағы, күлтесі болатындығын білуі керек.
Болуы керек: Гүлдерге қамқорлықпен қарау керектігі туралы түсініктері болуы керек.
Істей білу керек: Гүлді мозайкадан құрастыра білу керек, сұрақтарға жауап бере білу керек.
37 647
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжановтың өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.
Өсімдіктерді қалай қорғау керек?
Өсімдіктерді қалай қорғау керек?
Өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсыну. Өсімдіктердің табиғаттағы орнын анықтап, маңызын ұғынады.
Өсімдіктерді қалай қорғау керек?
Өсімдіктерді қалай қорғау керек?
Өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсыну. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.
Қызанақ
Қызанақ
Үлгіге сүйене отырып, дайын пішіндерден бейнелерді сала білуге үйрету. Сурет салу арқылы саусақ моторикаларын дамыту: Бейнелеу техникасы дағдылары мен біліктерін дамыту.
Тыныс алу жаттығулары
Тыныс алу жаттығулары
Мазмұны: Балалармен тыныс алу, соның ішінде мұрынмен тыныс алу жаттығуларын орындау. Комплексті жүйелі мұрын мен тыныс алу жаттығуларын қарқыны.
Сауысқан мен Көкек
Сауысқан мен Көкек
Сабақтың тақырыбы: Сауысқан мен Көкек
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×