Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жәндіктер әлемі

02 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
2 – ші кіші топ
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Білімдік аймағы: Таным
Бөлімі: Экология

Тақырыбы: Жәндіктер әлемі
Мақсаты: Б. м: Жәндіктер әлемімен таныстыру. Ара, құмырсқа, өзіндік
ерекшеліктерімен таныстыру. Д. м: Балдың денсаулыққа пайдасы туралы, құмырсқаның еңбекқорлық қасиетін түсіндіру. Т. м: Жәндіктерге деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: қою, сұйық, араның үйі «омарта»
Қостілдік компонент: ара – пчела, бал – мед, құмырсқа – муравей, көбелек – бабочка
Керекті құралдар: Жәндіктер суреттері, араның үйі омарта, құмырсқа илеуі
Іс - әрекет кезеңі. Тәрбиешінің әрекеті
Шаттық № 35
Балдырған баламыз,
Қашан да, қайда да,
Достар бір - біріне
Сенімді боламыз

Ұйымдастырушылық – ізденушілік
1) Жұмбақ жасыру: Балалар мына жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар, бүгінгі әңгімеміз не жайлы екенін білесіңдер?
Ызыңдап ән салады
Жұп – жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады Ол не? Шешуі: Шыбын
Гүлдерге қонады
Шырынын сорады
Түр – түсі сары – ала
Бұл не? Шешуі: Ара
Қылдай белі бүгілген
Өзінен де жүгі үлкен. Ол не? Шешуі: Құмырсқа
- Бұл жұмбақтар не жайлы, оларды бір сөзбен қалай атайды?
- Жәндіктер
- Балалар тағы қандай жәндіктерді білесіңдер? - Құмырсқа, көбелек, шыбын, ара
- Жәндіктердің аяғы нешеу? 4, 2, 6
- Олар иісті сезе ме? - Дәмді иісті мұртшаларымен сезеді
- Ұша алатын (секіретін, жорғалайтын) жәндіктерді атаңдар.
- Шегіртке, инелік, қоңыз, маса т, б
- Ең мазасыз жәндікті кім біледі? – Шыбын
- Қалай ойлайсыңдар, ара пайдалы жәндік пе, әлде зиянды жәндік пе?

2) «Аралар ойыны: Ойынды бастамас бұрын балалармен пікір алмасу жүргізу.
- Гүлзардағы гүлдерден қандай араларды көрдіңдер? - Олар қалай ызылдайды?
- Аралар гүлдерден бал жинайды. Оны аю жақсы көреді. Ол омартадағы балды жеуге тырысады. Аралар оны жолатпайды.
(Балалар араның Ыз – ыз – ыз – ызыңдағанын келтіреді)
- Тағы қандай жәндікті еңбекқор деп айтуға болады?
- Құмырсқаны
Құмырсқаның үйі неге «илеу» деп аталатынын түсіндіреді. (Құмырсқа суреті көрсетіледі) Біреуі илеу салады, бірі илеуге кіріп – шығатын жол салады, азық тасиды)
- Қалай ойлайсыңдар, құмырсқалар жалғыз тұра ма, әлде топтанып па?
- Құмырсқа қысқа азық жинай ма?
- Құмырсқаның илеуін бақылап, жауынның жауатынын қалай білуге болады? (илеуге кіретін тесікті бекітіп тастайды)

3) Ой тастау:
- Егер жәндіктер жер бетінен мүлдем жойылып кетсе, не болар еді?
- Жазда қандай жәндіктерді кездестірдіңдер?
- Жазда олар көп бола ма?
- Жәндіктер қайда қыстайды? Кейбіреуі құрт, қуыршаққа айналады, ал үлкендері өледі. Кейбіреуі тасалау жерге тығылып, ұйқыға кетеді.

4) Көзге арналған жаттығу: Көбелектің сендермен ойнағысы келеді. Сендер оның қалай ұшатынын байқап, көздеріңмен артынан ілесіп отырыңдар. Көбелек жоғары, төмен, оңға, солға ұшады.
- Көбелек қайда ұшты? Жоғары, төмен, оңға, солға. Балалар көбелек сияқты ұшады, гүлге қонады, шырынын ішеді, ұшып қайтадан орындарына отырады.
Рефлективтік - түзетушілік
Ұ. о. іс – әрекетін қорытындылау: «Қиынды суреттер» ойыны. Араның, көбелектің, құмырсқаның суреттері 2, 3, 4 бөлікке қиылған. Балалар қиындылардан жәндіктердің суретін құрастырады.

Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Жәндіктерді қорғауды аялауды білуі керек
Нені игереді: Жәндіктерден достықты, еңбекқорлықты үйренуді меңгерді
Нені біледі: Кез – келген жұмысты достарымен бірлесе істеген оңай екенін білді
60 389
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, жәндіктерді қорғап, оларға қамқор болуға баулу. Жәндіктер түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мәлімет беру.
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Балаларды жәндіктер әлемімен таныстыруды жалғастыру. Жәндіктердің характерлік ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Балаларды түрлі жәндіктермен кездескенде өздерін дұрыс ұстау түсініктерін бекіту.
Жәндіктер тіршілігі
Жәндіктер тіршілігі
Жайнап тұрған бақшамда Гүлдерімді тере кет, Жаңбыр жаушы себелеп, Тақияның астына Тығыла ғой көбелек.
Ормандағы жәндіктер
Ормандағы жәндіктер
Балаларды жәндіктер әлемімен таныстыру, пайдасын түсіндіру, білімдерін толықтыру. Модульдік технологияны қолданып баланың танымын, қызығушылығын арттыру.
Insects – Жәндіктер
Insects – Жәндіктер
табиғатқа қамқоршылықпен қарауға тәрбиелеу
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, жәндіктерді қорғап, оларға қамқор болуға баулу. Жәндіктер түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мәлімет беру. Жәндіктердің тіршілігі, оларды сипаттай білуге үйрету, олар туралы тақпақтар шешуге
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×