Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жәндіктер әлемі

27 шілде 2019, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық қартасы
«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі
Жараталыстану
Тақырыбы: Жәндіктер әлемі
Мақсаты: Балаларды жәндіктер әлемімен таныстыруды жалғастыру. Жәндіктердің характерлік ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Балаларды түрлі жәндіктермен кездескенде өздерін дұрыс ұстау түсініктерін бекіту.
Билингвалдық компонент: көбелек - бабочка, ара - пчела, шыбын - муха, инелік - стрекоза, қанқызы - божья коровка, қоңыз - жук, құмырсқа - муравей, өрмекші - паук, мұртшалар - усики;
Сөздік жұмыстар: қою, сұйық, араның үйі «омарта»

Мотивациялық қозғаушы
Әртүрлі жәндіктердің дыбыстарын тыңдайды.
- Балалар, бұл ненің дыбыстары?

Ұйымдастырушылық ізденіс
Ызыңдап ән салады
Жұп – жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады Ол не?

Гүлдерге қонады
Шырынын сорады
Түр – түсі сары – ала
Бұл не?

Қылдай белі бүгілген
Өзінен де жүгі үлкен. Ол не?
Бұл жұмбақтар не жайлы, оларды бір сөзбен қалай атайды?
Билингвальді компонент: көбелек - бабочка, ара - пчела, шыбын - муха, инелік - стрекоза, қанқызы - божья коровка, қоңыз - жук, құмырсқа - муравей, құрт - гусеница, ұлу - улитка - өрмекші - паук.
- Балалар тағы қандай жәндіктерді білесіңдер?
- Жәндіктердің аяғы нешеу?
- Олар иісті сезе ме?
- Ұша алатын (секіретін, жорғалайтын) жәндіктерді атаңдар.
- Ең мазасыз жәндікті кім біледі?
- Қалай ойлайсыңдар, ара пайдалы жәндік пе, әлде зиянды жәндік пе?
- Тағы қандай жәндікті еңбекқор деп айтуға болады?
- Қалай ойлайсыңдар, құмырсқалар жалғыз тұра ма, әлде топтанып па?
- Құмырсқаның илеуін бақылап, жауынның жауатынын қалай білуге болады? (илеуге кіретін тесікті бекітіп тастайды)
Ол зиянды жұлдызқұрттармен, жауын құрттармен және жалаңаш шырыштармен қоректенеді. Ағаштардағы зиянды жәндіктерді құртып, пайда келтіреді.
Құмырсқалар күндіз қоректеніп, түнде ұйықтайды.
Құмырсқалардың азығы: Әр түрлі ағаш жапырақтары, өлі жәндіктердің денелері және егіннен қалған қалдықтар, құрғақ азықтармен қоректенеді.
Сергіту сәті:

Бұл жәндіктердің пайдасы қандай?

Көбелек гүлдерді тозаңдандырады, талшығынан жібек мата алынады.
Қоңыз өсімдіктердің жапырағын зиянды құрттардан тазартып, емдейді.
Құмырсқа еңбекқор, илеуіне қонған құстардың үстіндегі бүргелерін тазартады. Шегіртке зиянды көк шөптерді, егінді жеп құртып отырады. Шегірткелер топталып жүреді.
Ара гүлдердің шырынынан бал жинайды. Қоңыздар топырақты қазып шіріген заттарды ыдыратып табиғат тазалығын сақтауға үлес қосады.

Дидактикалық ойын: «Ойлан, тап»
Ойын шарты бойынша бірнеше жәндіктер арасынан атаған жәндікті тауып, сипаттауы тиіс.
Жәндіктер әлемі. жүктеу
2 496
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жәндіктер тіршілігі
Жәндіктер тіршілігі
Жайнап тұрған бақшамда Гүлдерімді тере кет, Жаңбыр жаушы себелеп, Тақияның астына Тығыла ғой көбелек.
Жәндіктер әлемінде
Жәндіктер әлемінде
Жәндіктер туралы түсініктерін кеңейту. Жәндіктер әлеміне деген қызығушылығын ояту, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Insects – Жәндіктер
Insects – Жәндіктер
табиғатқа қамқоршылықпен қарауға тәрбиелеу
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, жәндіктерді қорғап, оларға қамқор болуға баулу. Жәндіктер түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мәлімет беру. Жәндіктердің тіршілігі, оларды сипаттай білуге үйрету, олар туралы тақпақтар шешуге
Жәндіктер. Сын есімді қайталау
Жәндіктер. Сын есімді қайталау
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Донецк орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақыт Зейнілғабиденқызы
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×