Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика еліне саяхат

24 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы,
№19 "Қызғалдақ" бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі
Примкулова Аякоз Саримсаковна

"Математика еліне саяхат"

Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу үлкенмен
Тәрбиенің - басы ғой
Ал кәнеки, бәріміз
Сәлем дейік үлкенге

2. Шаттық шеңбері:
Достық сырын білеміз,
Ренжімейміз, күлеміз.
Шеңбер құрып дөңгелеп,
Қол ұстасып жүреміз.
Бір кездері топтала,
Жиналамыз ортаға
Орнымызға кайтамыз,
Достық әнін айтамыз.

3. Сұрақ - жауаптар:
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемнің келгенін біз қалай білеміз?
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Көктем айларын кім атап айтып береді?
Бір жылда неше мезгіл бар?
Бір айда неше күн бар?
Бір аптада неше күн бар?
Санды немен белгілейміз?
Цифрді біз не істейміз?
Қазақстан Республикасының рәміздері нешеу?
Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
Қандай ертегілерді білесіңдер?
Қазір бізде математика сабағы.
Біз бүгін сендермен математика мен бірге ғажайып ертегілер еліне саяхаттаймыз.

Музыка ойналып ішке мысық кіреді.
Мысық: - Менің атым Мысық
Екі көзім қысық
Тышқан аулап отырмын
Сүт көжемді ішіп.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мақтақызбен ренжісіп қалып едім. Ертең Мақтақыздың туған күні, соған не сыйласам екен?
Туған күндеріңде дастарқанда не болғанын ұнатасыңдар? Балалар мысыққа көмектесеміз бе?
Ендеше мысық не тұрыс, сен бар да, сиырдан қатық сұрап әкел.
Мысық сиырға келеді: Сиыр, сиыр, бізге Мақтақыздың туған күніне арнап тәтті нан пісіру үшін қаймақ пен қатық берші.
Сиыр: - Менің атым - Сиыр
Өрісім алыс - қиыр
Етім үшін, Сүтім үшін
Адамдар маған үйір.
Ол үшін менің тапсырмамды орындаңдар!

Сандарды тура және кері сана. Жұп және тақ санды анықта.
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 - 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0
Жұп сандар - 2, 4, 6, 8, 10
Тақ сандар - 1, 3, 5, 7, 9
Сиыр: - Менің қарным ашты, маған жапырақ керек.
Мысық ағашқа келеді: - Ағаш, ағаш сиырға жапырағыңнан берші.
Ағаш: - Мен жасыл ағашпын! Ол үшін менің тапсырмамды орындаңдар! Д/О «Жоғалған санды жаз»
Сиыр: Ой мен шөлдедім, маған су керек!
Мысық: - Қыздарға келеді: Қыздар, қыздар, Ағашқа су беріңдерші! Қыздар: - Су тіршілік негізі
Онсыз өмір сүрмейсің
Тазалықтың негізі
Су деп және білгейсің
Ол үшін біздің тапсырмамызды орындаңдар! Геометриялық пішіндерді ата.
Сәуле, Арсен, Заңғар, Нариман
Мысық: - Тәтті нан пісіру үшін бізге жұмыртқа керек екен ғой, мен дүкеншіге барайын. Дүкенші, дүкенші жұмыртқа бересің бе?
Дүкенші: - Мен Бекнұр дүкеншімін
Өзім үнемшілмін
Дүкенімде бәрі бар
Не аласың келіп ал
(Қап әттеген - ай ойланып тұрып) ол үшін менің тапсырмамды орындаңдар! Балалар тапсырмамды орындап болғанға дейінгі мен қоймадан іздеп көрейін.

Есептер шығару
5+5= --------- 10 - 2=----------- 7+3=
8 - 6= ------------ 8+1= --------- 10 - 3=
4+3= ------------ 6+2= -------- 5+4=
Дүкенші: - Шынында дүкенімде жұмыртқа бітіп қалыпты: Енді сендер маған жұмыртқа әкеліп бересіңдер ме?
Мысық: - Онда біз тауыққа барайық. Тауық, тауық бізге жұмыртқа беріңізші? Тауық: - Мен ақ тауықпын, өзім қақсауықпын күніне 1 жұмыртқа табам осыған жетеді шамам. Ол үшін менің тапсырмамды орындаңдар! Қандай мақал - мәтел, санамақ білесіңдер?
А. Аяулым, Ертай, Айзере, Диас, Көркем, Абылай, Нұрсезім, Кәусар
Тауық: Менің қарным ашты, маған тары керек!
Мысық: - Жарайды біз саған тары әкеліп береміз. Мысық тышқанға келеді.
Тышқан, тышқан сен бізге тары бересің бе? Тауықтың қарны ашып қалыпты. Тышқан: - Мен тышқанмын, тышқанмын
Өзім дән екпеймін
Егістен ұзап кетпеймін
Айналам толы ән
Қоймам толы дән
Дәнді тастап кетпеймін

Ол үшін менің сендерге қояр тапсырмам бар, егер орындасаңдар 1 кесе тары беремін.
Кеңестікті бағдарлау мен Заттардың қасиеті дегеніміз не?
Оң жақ, сол жақ, ұзындығы, ені, көлемі.
Мысық: Ой рахмет деп 1 кесе тарыны қолына ұстап алып, ой жақсы болды ғой Мен енді мұны
тауыққа беріп одан жұмыртқа алайын. Содан соң аспаз апайға барайын. Ол дәмді етіп бізге тәтті
нан пісіріп берсін.
Мысық: Біздің аспаз апайға
Бұл маңда ешкім жетпейді Ол пісірген тәтті нанның дәмі Ауыздан еш кетпейді. Аспазшы апай: Тәтті нан, тоқаш пісірем Тілді балдай үйірем
Құлақ салсаң сөзіме
Тапсырмам бар өзіңе
Бүтін мен бөлікті салыстыру және уақытты бағдарлау, дегеніміз не? Аспазшы апайдың сыйлығы Аю бал - бала
Балалар біз енді ғылыми орталыққа барып геометриялық пішіндерден заттар құрастырамыз. Гүлбану, Ахмедин, Аяна, Қуаныш. Зымыран, машина, қоян, гүл, үй, поезд, қайық.

Логикалық есептер:
А) Әкем, шешем және мен
Болса есепке талабың
Айта қойшы, кәне сен
Неше адамды санадым?

Б) Көлден ұшты - 7 қаз
Қайтып қонды - 2 қаз
Қонбады оның нешеуі
Кәне, кім тез табады?

В) Табақта бес алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы
Болды неше алма?
Бір - бірімен жарысқан
4 - аю, 1 - арыстан
3 - қоян, 1 - маймыл бар
Бәрі нешеу табыңдар? (9)
Мысық: Балалар Мақтақыз барлығымызды туған күнге шақырып жатыр. Ал бізде Мақтақызға беретін сыйлығымыз жоқ. Сыйлыққа тамаша биімізбен, әніміз бар емес пе, ендеше сол өнерімізді көрсетейік.
Мияу, мияу балалар мені Мақтақыз шақырып жатыр. Қош сау болыңдар балалар!

Сергіту сәті.
Қорытындылау.
- Балалар біздің бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма? - Сендер кімдердің тапсырмаларын орындадыңдар?
- Тапсырмалар қиын болды ма? Қай тапсырма оңай болды?
- Сендерге сабақтың қай кезеңі ұнады? Ал балалар барлығың бүгінгі болған ашық сабаққа белсене, жақсы қатыстыңдар! Барлығыңа да үлкен рахмет!
3 222
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыл бойы не үйрендік, не білдік?
Жыл бойы не үйрендік, не білдік?
Жануарлардың төлдерін ажырата білуге, пішіндерді, түстерді ажыратуға, үй құрастыруға үйрету.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
Ертегілер әлемі
Ертегілер әлемі
Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту, драмалық қойлымды ойната білу, жыл мезгілі мен айлар, апталар арқылы білімдерін қорытындылау
Математика әлеміне саяхат
Математика әлеміне саяхат
Атырау облысы, Атырау қаласы, №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Куанова Анар Аманкайыровна
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, КМҚК «Ақерке» бөбек -жайы қазақ тілі маманы Шакенова Мерей Төлеубайқызы
Уақытты бағдарлау
Уақытты бағдарлау
Сабақтың тақырыбы: Уақытты бағдарлау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×