Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үйшік ертегісі бойынша

24 наурыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Солтүстік Қазақстан облысы,
Ақжар ауданы, Талшық селосы
"Балдырған" балалар бөбек бақшасы тәрбиешісі
Токушева Айнагуль Шокенаевна

Сабақтың тақырыбы: Үйшік ертегісі бойынша

Сабақтың мақсаты:
1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, сандар таңбаларын атау. Геометриялық пішіндерді, түстерді ажырату және дұрыс атау, оларға ұқсас заттарды таба білу. Математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру. Зейін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Балаларды достыққа, бірлікке баулу, ертегілерді сүюге және адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Танымдық аясын кеңейту, ертегіні кейіпкерлендіре отырып байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, қайталау, сұрақ - жауап, тыңдау, ой - қозғау, дидактикалық ойындар.

Сабақтың барысы:
Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше, өйткені іс - әрекетімізге қонақтар келіп отыр. Ендеше барлығымыз шеңберге тұрайық.

Шаттық шеңбері:
Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Қол ұстасып бәріміз
Ақ тілекті жолдайық.
Әлемде нұр тыныштық,
Әрбір бейбіт күн ыстық.
Қайырлы таң бақшамыз!
Қайырлы таң достарым!
(ал енді қонақтармен де амандасайық)

- Сәлеметсіздер ме қонақтар!
(орындықтарына балалар барып отырады)
- Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?
Бүгін біз өткен ертегілерді еске түсіреміз. Мен сендерге ертегілерден үзінділер оқимын, ал сендер ертегіні атайсың - дар, жақсы ма.
-«Маша мен аю», «Жабайы қаздар», «Ақша қар», «Жеті лақ», «Үйшік» ертегілерден үзінділер оқу. «Үйшік» ертегісіне қысқаша тоқталу, кейіпкерлерді атау.
Бүгінгі іс - әрекетімізге «Үйшік» ертегінің кейіпкерлері өз тапсырмаларымен бірге келеді егер сендер тапсырмаларын жақсы орындасаңдар олар сендерге өз сыйлықтарын береді.
- Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оның қасына тышқан келеді...
Тышқанның тапсырмасы:

- Сандар туралы өлеңдер оқы;
1 - саны: Достар мені бір дейді, қарайды да бүй дейді
Мұқтажсың қол аяққа, ұқсап тұрсың таяққа.
2 - саны: Мен екімін балалар, екі деген баға бар.
Алаңғасар жалқаудың, алатыны екілік басын шайқап өкініп.
3 - саны: Мен ғой үштің таңбасы зейін қойып тыңдашы.
Шідерлі аттай тұсалып жүр біреулер үш алып.
4 - саны: Достарым мені төрт дейді, беске бірім жетпейді.
Қуанады анасы, төрт алғанда баласы.
5 - саны: Әр қолымда бес саусақ, жетпейді оған еш саусақ
Бір мен екі алмаңдар, үшке алданып қалмаңдар.
- Ойын: «Өз үйлерін тап» (тақтаға бірнеше үйлер ілінген, әрбір үйдің терезелерінің санын санап әр үйге тиісті сандарды қоясыңдар, терезелерінің санына сай).
- 1 - 5 тура және кері сана.
- Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді...

Бақаның тапсырмасы:
Геометриялық фигураларды және түстерін ата; ұқсас фигураларды тауып ата.
- Енді үйшік қасына ытқып - ытқып қоян да келеді.

Қоянның тапсырмасы:
- Жыл мезгілдерін ата; ( жаз, күз, қыс, көктем)
- Көктем айларын ата; (наурыз, сәуір, мамыр)
- Апта күндерін ата; (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
Апта күндері туралы өлең оқу:
Дүйсенбіде гүл ектім,
Сейсенбіде жуа тердім.
Сәрсенбіде су әкелдім.
Бейсенбіде бақша баптап,
Жұма күні тақпақ жаттап.
Сенбіде мен киноға бардым,
Жексенбіде бір дем алдым.
Келесі кейіпкер түлкі келеді.

Түлкі балалармен бірге сергіту сәтін өткізеді:
Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
- Айналасына алақ жұлақ қарап үйшікке қасқыр келеді...

Қасқырдың тапсырмасы:
Қасқыр сендерге есептер әкелді. (суреттер бойынша есептер шығару, санау)
- Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшікке келеді.
Аюдың тапсырмасы:
Аю балалар сендерге бір ойын алып келді. Ойын «Өз орнын тап» деп аталады.
- Барлық тапсырмалар орындалып болғаннан соң балаларды мадақтау, «Үйшік» ертегісінің кейіпкерлері өте риза болғандарын айту.
Қорытынды жасау.
«Үйшік» ертегісін сахналау.
3 591
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кім қайда істейді?
Кім қайда істейді?
Мақсаты: Түрлі мамандық иелерінің еңбектері жайлы әңгімелесу. Сұрақтарға жауап беру арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Балаларды еңбек етуге баулу.
Заттар тобын салыстыру
Заттар тобын салыстыру
Балаларды заттарды салыстыруға үйрету. «Қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.
Пішіндер
Пішіндер
- Балалар білетін геометриялық пішіндерді естерімізге түсірейік. Қандай пішіндерді білесіңдер? - Пішіндерді кезек - кезек тақтаға іліп, оларды дұрыс атау: - Бұл геометриялық пішін қалай аталады? (дөңгелекті көрсетіп). - Дөңгелекке доп, тәрелке
«Үйшік» ертегісі моделдік технологиясын қолдану
«Үйшік» ертегісі моделдік технологиясын қолдану
Балаларды жаңа технологияны қолдану арқылы ертегінің мазмұнын айта білуге үйрету. Фигуралардың көлемін және түстерді айыра білу. Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге, түсініктерін айтуға үйрету.
Қызықты математика
Қызықты математика
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Жапарова Әйгерім Муслимқызы
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×