Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа жылдың қызықтары ертеңгілігі

12 желтоқсан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Жаңа жылдың қызықтары ертеңгілігі
Ортада безендірілген шырша. Кішкентай қыз көңілсіз келіп, айналасына қарап, шыршаның артына барып, жылап отырады. Қыздың анасы қызын іздеуге шығады.
Жаңа жылдың сағаты соғып жатыр.
Жүргізуші:
- Сағат болса, соғып жатыр, жаңа жылдың басталуына аз уақыт қалды. Қызым қайда кетті. Сымбат, қайдасың? Жылаған дауыс шығады ғой деймін.
- Сымбат неге көңілсізсің, неге жылап отырсың?
Сымбат:
- Жаңа жыл болса жақын қалды, ал менің жаңа жылды бірге қарсы алатын достарым жоқ.
- Жүргізуші:
- Сен жылама, мына әсем шыршаға қарашы. Ойыншықтары да көп екен. Мен естіп едім, шыршаның ойыншықтары сыйқырлы болатынын. Кәне, қарап көрелікші
(Бір ойыншықты ашып көреді, ол сиқырлы болады. Сиқырлы әуен естіледі. Ортаға әуенмен балалар шығады)
Жүргізуші:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын! Сымбат қарашы, мына сиқырлы ойыншықтардың арқасында сен өзіңнің көп достарыңды таптың. Достарың қандай әдемі. Барлығың жаңа жылды көңілді өткізетін боласыңдар! Келісесіңдер ме балалар?
Балалар:
-Иә.
Ән « Аппақ-аппақ»
(Ортаға бір-бірін қуған Том мен Джери шығады)
Джери:
-Қап бәлем. Сенің істемегенің жоқ маған. Ұсталасың қазір. Том мазақтап қашады.
Жүргізуші:
- Тоқтаңдар,тоқтаңдар! Тағыда не болды сендерге? Сендер қашанғы бір-біріңді қуып жүресіңдер. Балалармен бірге жаңа жылды тойлағалы жатырмыз. Сендерде бірге болыңдар. Достасатын кез жетті. Біздің балалар сендерді достыққа шақырады. Балалар, достық туралы тақпақ айтып береміз бе?
1-бала.
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әріміз
Тыныштықты сақтаймыз.
Атсын күліп таңымыз.
2-бала.
Біздің топта балалар.
Тату тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан.
Тек жақсылық ойлайды.
(Том мен Джери бір-бірінің қолын алып, құшақтасып достасады.)
Жүргізуші:
- Том, Джери неге бізге ойнамасқа.
Том: -Ойнайық. Мен келісемін. Мен қашқанды жақсы көремін.
Джери. Ал мен қуғанды жақсы көремін.
Жүргізуші:
-Том мен Джери мен сендерді балалармен бірге екі топқа бөлейін.
–Мына қатардағы балалар Томның тобы, ал мына қатардағы балалар Джеридің тобы боласыңдар. Келісесіңдер ме?
Ойын: «Аққала»
Жүргізуші:
- Екі жақта бірге болдыңдар. Достық жеңді.
Том:- Жоқ, жоқ біз жеңдік.Ендеше, биден жарысайық.
Джери: -Жарыссақ, жарысайық.
Би: «Гномдар», «Аққала»

Жүргізуші:
- Жарайсыңдар! Қандай епті, бишісіңдер.Олай болса...
- Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Қызыққа бір тоймаңдар,- деп ортаға кімдерді шақырамыз, балалар?
Балалар:- Аяз атаны, Ақшақарды.
- Аяз ата, Ақшақар. Аяз ата, Ақшақар.
Аяз ата:
Бүлдіршіндер, балғыным
Өмір гүлім шалғыным..
Тілегенім жыл бойы,
Сеңдердің бақтарын мен денсаулығың.
Сәлеметсіздер ме, балалар?
Балалар:Сәлеметсіз бе!
Міне мен де жеттім ғой сендерге. Орман, тоғайды, үскірік аяздан сендерге кем жатқанда сендердің хаттарында тауып алдым. Сендермен бірге жаңа жылды тойлайын деп асығып жеттім.

Ән «Сәлеметсіз бе Аяз-ата»

Менің немеремді, Ақшақарымды көрмедіңдер ме?
Балалар: - Жоқ көрмедік.
Аяз ата:- Ол менен бұрын шығып етіп еді. Адасып кеткен болар. Кәне, бәріміз қаттырақ шақырайықшы.
- Ақшақар, Ақшақар.
(Мыстан келеді)
Мыстан: - Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Үйге алып кетсем бе екен? Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбірімен жұлып алғысы келеді.
Ж: Мыстан кемпір! (Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды)
Біз Жаңа жыл мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздің шыршамызға! (Мыстан сөзге мән бермей) Туу! Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып. Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!
Аяз ата: - Сен нағып жүрсің. Немерем қайда?
Мыстан: - Немереңді қатырып тастадым. Ха-ха-ха.
Аяз ата: Ой, мыстан ай, сенің бір жаман әдетің қалмаған екен.Жаңа-жылды Ақшарымсыз қалай өткіземіз. Мыстан, не қалайсың. Не шартың бар?
Мыстан:- Шарт дейсің бе, Менің көңілімді көтеріңдер, мен сосын ойландым.
(Том мен Джери балалармен ақылдасып жатады, тәрбиешіге сыбырлайды)

Атырау қаласы,
КМҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай балабақшасы.
Мусабаева Эльмира Сабыргалиевна
екінші кіші топ тәрбиешісі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 594
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа жылдық тосын сый
Жаңа жылдық тосын сый
Жаңа жыл мерекесін сезінуге үйрету, киіпкерлерге қызығышылығын ояту, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу. Музыка ойнап тұрады.
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Жаңа жыл, жаңа жыр Жаңа жылда жаңа жыр Жасыл шырша жанында Жадырап барлық бала жүр.
Ертегілер елінде
Ертегілер елінде
Көңілді әуен ойналып тұрады. Оқушылар көңілді ән ырғағымен залға кіріп, биге қосылады
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Актобе облысы, Мугалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Мухамбетова Жулдуз Эльбекбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×