Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үйренгенім көп менің!

04 қаңтар 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Үйренгенім көп менің!
Ұйымдастырылған ашық оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Мақсаты: балалардың бір жыл бойы алған білімдерін тексеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қиын жағдайда бір - біріне көмек көрсетуге, қамқорлыққа тәрбиелеу. Дүниедегі ең асыл қазына оқу білім, кітап екенін түсіндіру. Экологиялық тәрбие беру. Қоршаған ортаны сүюге, аялай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: слайдтар, үлестірмелі материалдар, тақырыпқа байланысты суреттер, Әліппе макеті.

Мотивациялық қозғаушы
Сәлемдесу шеңбері:
Армысың шапағатты күніміз!
Армысың мейірімді жеріміз!
Армысың табиғат анамыз!
Әдеппен бас иер баламыз!
Қайырлы таң, қайырлы күн баршаға
Қош келдіңіз біздің балабақшаға!

- Балалар бүгін бізде ерекше күн! Бүгін біз бір жыл бойы алған білімдерімізді тиянақтап, не біліп, не үйренгендерімізді ортаға салатын боламыз. Ендеше ашық оқу іс әрекетімізді қысқаша сұрақ жауаптан бастағым келіп тұр.
- Балалар маған жыл мезгілдері туралы кім айтып бере алады?
- Ал енді маған ай аттарын үш тілде атап бере аласыңдар ма?
- Апта күндерін ше?

Іздену ұйымдастырушы
Ғажайып сәт:
Электронды хат келеді.
- Балалар қараңдаршы бізге электронды хат келіпті.. Қызық бұл хатты бізге кім жазды екен? Қане оқып көрейік.
«Сәлеметсіңдер ме құрметті балалар! Мен Данышпан атаймын. Мен сендерді өте ақылды, білімді, өнерлі деп естідім. Сондықтан сендерге көптеген балалар армандаса да жете алмайтын «Қазыналар елінің» картасын жолдап отырмын. Егер сендер картада берілген бағытта жүріп отырып жолдарыңда кездескен барлық бөгеттен сүрінбей өтетін болсаңдар «Қазыналар елін» міндетті түрде табасыңдар. Сендерге сәттілік тілеймін. Жолдарың болсын!» С/Н: Данышпан атай
- Ой, балалар мына ғажапты қараңдаршы Данышпан атай бізге «Қазыналар елінің» картасын жіберіпті.
Сендер Қазыналар еліне саяхатқа барғыларың келе ме?
- Олай болса картаға назар аударайықшы, ең алдымен қайда жол тартуымыз керек екен.

1 - Бағыт
«Сауат ашу қалашығы»
- Балалар саяхатқа бару үшін бізге не керек?
- Көліктің қандай түрлерін білесіңдер?
- Қалашыққа бару үшін мына көліктердің қайсысын таңдаймыз?
Олай болса жолға шығайық.
- Балалар міне Сауат ашу қалашығына да жетіп келдік. Бірақ қалашықтың қақпасы жабық тұр екен. Қане қақпаны қағып көрейік.
- «Бұл кім?»- деген дауыс естіледі.
- Біз №25 «Қарақат» балабақшасының балаларымыз. Біз «Қазыналар елін» іздеп жүр едік. Сіздердің қалашықтарыңыздан өтіп кетсек бола ма?
- Қақпаны ашу үшін біздің тапсырмамызды орындауларың керек.
Қақпаның тапсырмасы: «Сұрақ - жауап»
• Дыбыс дегеніміз не?
Дыбыстың түрлерін ата.
• Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
- Бәрекелді жарайсыңдар!
(Қақпа ашылады)

Ішінен «Әліппе» шығады.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым Әліппе...
Мен сендердің саяхатқа шыққандарыңды естідім.
Бірақ біздің қалашықтан өту үшін менің де тапсырмамды орындауларың керек. Дайынсыңдар ма?
Әліппенің тапсырмасы:
• Ребусты шеш
• «Буындардан сөз құра» ойыны
- Жарайсыңдар балалар! Сендер тапсырмаларды мүдірмей орындадыңдар. Жолдарың болсын! Сау болыңдар!

Балалар саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Картаға назар аударайық. Келесі кезекте қайда бағыт алатынымызды біліп алайық.

2 - бағыт
«Математика аралы»
- Балалар «Математика аралына» бару үшін бізге қандай көлік керек?
- Олай болса саяхатымызды жалғастырайық. Бәріміз кемеге шығайық.
- Міне аралға да келіп жеттік. Балалар мұнда неге тып - тыныш.
(кенеттен қарақшылар шыға келеді)
- Сендер кімсіңдер? Біз сендерді аралымызға кіргізбейміз!!!!
- Біз №25 «Қарақат» балабақшасының балаларымыз. Біз «Қазыналар елін» іздеп жүр едік. Сіздердің аралдарыңыздан өтіп кетсек бола ма?
- Алдымен бізге көмектесіңдер, содан соң өткіземіз. Біздің аралдағы математикалық таңбаларды бұзық балалар ұрлап кетті, енді біз есеп шығара алмай жатырмыз. Бізге есеп шығаруға көмектесіңдер.
Қарақшылар тапсырмасы:
• «Таңбасын тап» ойыны
• Логикалық есептер
• «Тез ойла» ойыны
Балалар жол жүріп біраз шаршадық келіңдер бой сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
- Балалар картаға назар аударайық. Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.

3 - бағыт
«Еріншектер шыңы»
- Балалар шың деген не деп ойлайсыңдар?
- Шыңға шығу үшін бізге қандай көлік керек?
- Балалар мынау не?
- Бұл жай тау емес екен. Бұл таудың шыңында еріншек, жалқау, бұзық балалар өмір сүреді екен. Біз осы шыңға шығып оларды тазалыққа, әдептілікке, достыққа үйретуіміз керек.
• 1 - тапсырма:
Суретпен жұмыс:
Тазалықтың достарын\ ата.
• 2 - тапсырма:
Табиғат туралы тыйым сөздер
• 3 - тапсырма:
Мақал - мәтелдер айту.
- Жарайсыңдар балалар! Бұл сыннан да сүрінбей өттік. Жолды ары қарай жалғастырайық. Картаға назар аударайық.

4 - бағыт
«Өнерпаздар елі»
Балалар қараңдаршы біз ең керемет елге келіп жеттік. Қараңдаршы балалар мұнда да біздің елдегідей көктем мезгілі екен. Айналаның бәрі гүлге толып, құлпырып тұр.
Балалар бұл елде өте ақылды өнерлі балалар өмір сүреді екен, бірақ мұнда біраз жұмыстар бітпей қалған екен келіңдер біз оларға көмектесіп мұндағы жұмыстарды бітіріп тастайық.
• Шығармашылық жұмыс
Балалар қараңдаршы бізге тағы да хат келген сияқты.
«Жарайсыңдар балаларым! Сендер барлық тапсырмаларды мұқият орындадыңдар. Енді мен сендерге ең қымбат қазынаны жіберіп отырмын.»
Есік қағылып, топқа Әліппе кіріп келеді.
- Сәлеметсіңдер ме балалар! Мені сендерге Білімпаз атай жіберді, сендерді ең ақылды ең білімді деп мақтады. Енді мен сендермен бір жыл бойы дос боламын.
- Көрдіңдер ме балалар біз іздеген ең асыл қазына Әліппе екен.

Рефлексивті коррекциялаушысы
Балаларға оқу іс - әрекеттен алған әсерлерімен бөлісуді ұсынып, не үйреніп, не білгендерін сұрап, оқу іс әрекетті қорытындылау. Балалар өз әсерлерімен бөліседі.

Шымкент қаласы,
№25"Қарақат" бөбекжай - балабақшасының
ІІ санатты тәрбиешісі Шолатова Айжан Нуралиевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 473
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Көліктер
Көліктер
Балаларды көліктің түрлерімен таныстыру. Жүк көлігі жіне оның маңызы туралы ұғым қалыптастыру.
Айналамыздағы әлем - біздің үйіміз
Айналамыздағы әлем - біздің үйіміз
Адам мен табиғат арасындағы мықты байланыс туралы ұғымды дамыту, адам табиғатта тіршілік ететіні туралы түсінікті қалыптастыру. Табиғатты өзінің үйі ретіндк ұғынуды тәрбиелеу: оның қамын ойлау, қорғау, көмек көрсете білу.
Қоршаған орта
Қоршаған орта
№ 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Жақсылық жасау да – бақыт
Жақсылық жасау да – бақыт
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды ауылы, «Құлыншақ» балабақша директоры Өтесінова Алтынай Ізімбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×