Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арба

15 ақпан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Арба
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Жапсыру
Мақсаты: Берілген пішіндерді қағаздың бетіне дұрыс орналастырып, арбаның бейнесін жапсыруды үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту.
Қажетті құрал - жабдықтар: Үлгі, қылқалам, желім, сүлгі, қиылған қағаздар.
Билингвалды компонент: Арба - телега; повозка, көлік - транспорт, ұшақ - самолет.

Шаттық шеңбері
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп - өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Ал сендер жаңа сыныпқа келем дегенше бізге белгісіз біреу ашық хат тастап кетіпті.
- Ашып көреміз бе?
Ой балалар мұнда жұмбақтар бар екен кәне мұқият тындап шешуін табайық.

Жұмбақ шешу:
1. Төбесінде ебелек,
Ұшады өзі керемет. /Тікұшақ/

2. Табанында жолы бар,
Төбесінде қолы бар. /Трамвай/

3. Құстан аумайды,
Көкке заулайды, (ұшақ)

4. Сымға асылып,
Жүр асығып./троллейбус/

5. Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Не жүретін жолы жоқ.
Мініп алсаң заулайды
Бірақ ізі қалмайды.
Бұл не? ( Ұшақ)

6. Адам істеп шығарған бір жануар,
Құрғақ жерде жаны жоқ, суда болар,
Жаз болса күні - түні су ішінде,
Бұл не еткен жануар табыңыздар. Қайық
7. Төрт аяғы дөңгелек,
Қозғалады орнынан.
Жүреді ол дөңгелеп,
Жүйіткиді желменен,
Дауысы бар гүрілдек. (Машина)

Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін көліктер туралы әңгімеден бастайды. Тақтаға түрлі көліктер түрлері бейнеленген суреттер іледі.
Көліктердің суреттерін көрсетіп, сұрақтар қояды:
- Балалар мына суретте нелер бейнеленген?
- Барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?
- Көліктердің аттарын атаңдар?
- Оның қандай бөліктері бар?
- Ол не үшін керек?
Балалардың жауаптарын тыңдап толықтырады.

«Дауысынан таны» дидактикалық ойыны
- Балалар көліктер 3 топқа бөлінеді: Әуе көліктері, суда жүзетін және жерде жүретін.
Бұрын осы көліктердің барлығы болмаған кезде адамдар арбаны көлік ретінде пайдаланған. Арбаны түйеге, атқа, өгізге жегіп айшылық алыс жерлерге дейін барған. Бүгін біз осы арбаны түрлі түсті қағаздан жапсырамыз.

Үлгі суретпен жұмыс
Жапсыру жолымен жасалған арбаның үлгі суретін көрсетіп, сипаттады.

Арбаны жапсыру жолдары
*Ақ қағаздың ортасына шаршыны жапсырту
*Арақашықтық сақтатып, шаршының бұрыштарына жолақшалар жапсырту.
*шаршының төменгі жағына дөңгелек пішіндерді жапсырту.
*Дайын суретті сүлгімен бастыру.

Сергіту сәті
«Бір, екі, үш» деп айтайық,
Саусақтарды тартайық.
Жалқау бала болмайық,
Қолды қысып ойнайық.

«Қай жолмен жүреді?» дидактикалық ойыны
Тақтаға аспанның, жолдың, судың, темір жолдың суреттерін іліп, көліктерді өз жүретін жолдарына апарып қоюды ұсынады.
Көрме ұйымдастырады. Балалардың жұмыстарын мадақтайды.

Қорыту
«Текшелер» ойыны арқылы қорытындылайды. Шаршыны ортаға лақтырады, шаршының бетіндегі түскен сурет бойынша не орындағандарын айту керектігін түсіндіреді.

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Көлік түрлерін.
Нені игереді: Геометриялық пішіндерден арба бейнесін жапсыруды.
Нені біледі: Желімді жағу әдістерін.

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
І. Үргенішбаев атындағы орта мектебі
Болыскей Нұргүл Кенжеғалиқызы
6 200
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көлік туралы жұмбақтар
Көлік туралы жұмбақтар
Арқасында ауыл жүр, Ала тайым шауып жүр. (Автобус)
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Көлік түрлерімен таныстыру, ҰОҚ - де үйренген көлік түрлерін атай алады, сұрақты түсінеді, өзінің немен және кіммен баратынын айта алады.
Топта ұшып жүрген түрлі - түсті шарлар
Топта ұшып жүрген түрлі - түсті шарлар
«Кең - тар», «ұзын - қысқа» сөздерін дұрыс қолдану және ретімен санау қабілеттерін тереңдету.
Біздің көлік
Біздің көлік
Астана қаласы, №35 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Оразбекова Гульсум Булатовна
Ұшақ
Ұшақ
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, №1 «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Машаева Ақкенже Баделқызы
Ұшақ
Ұшақ
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×