Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, балабақша!

23 маусым 2017, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
«Қош бол, балабақша!» ертеңгілігі.
Жүргізуші:
Бүгін бізде мереке.
Бүгінгі күн ерекше,
Сүйкімді ұл - қыздармен
Қоштасатын күн, міне
Кереметтей қошеметпен
Ортамызда жарқырасын!
Қане, достар бастайықшы
Балымызды қоштасатын!

Балалардың кіруі: Вальс
Жүргізуші:
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден өсіп, қанаттарың қатайды,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Ән: «Қош бол балабақша».
(Ән айтып болған соң балалар орындықтарға отырады.)

Жүргізуші:
Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Ақназ:
1. Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың.
Балабақша қорғаны,
Балғын сәби жастықтың.
Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.

Өмірбек: Осы мектеп деген не өзі?
Бекасыл:
1. Мектеп деген не өзі
Естідің бе бұл сөзді.
Ертемен барлық балалар
Асығад екен оған дейді.
Бұл неткен қызық сұрақ
Жүрген бізді мазалап!
Алты жасқа сен толсаң
Бірінші сынып күтіп алмақ.
А. Әли:
2. Мектеп деген не екен?
Білетін кім бар екен?
Бар қызықты біздерге
Үйрететін жер екен.
Қосу менен көбейту
Азайту мен кеміту
Етістік пен буын бар
Дөңгелектей жерім шар.
Таңнұр:
3. Мектеп деген осы деп
Жауапты біз берейік
Қоңырау мен үзілісте
Буфеттен бәліш біз жейік.
Күнделік толы бағалар
Тақта толы сұраулар,
Түсініп сен аласың
Мектепке осылай барарсың.
Жүргізуші: Ал қазір, көңілді қойылымды тамашалайық!
«Мектепке Мұхаммед барады» қойылымы:
Мұхаммедте бүгін мереке,
Барады ол мектепке,
Көшемен Мұхаммед барады
Таңғалып жұрт қарады.
Мұхаммед жалғыз емес қой
Саусақпен қане, санап қой!
Артынан еріп келеді
Пойыз боп бәрі жүреді.
Жүргізуші: Мұхаммедтің артынан кім екен асыққан?
Мамасы: Анасы ғой!
Жүргізуші: Мұхаммедтің артынан кім екен жүгірген?
Әкесі: Әкесі ғой!
Жүргізуші: Мұхаммедтің артынан тәттісін беретін кім екен?
Әжесі: Әжесі ғой!
Жүргізуші: Мұхаммедтің артынан кім бауын байлайтын?
Атасы: Атасы ғой!
Жүргізуші:
Айтыңызшы біздерге,
Не істеп жүрсіз сіздер де
Бәріңді жалғап әкелген
Мұрат паравоз ба әлде!
Анасы:
Көйлегінің түймесін кім салып береді?
Әкесі: Портфелін баламның кім көтеріп жүреді?
Әжесі: Кім нанға май жағып оған береді?
Атасы: Бәтеңкенің бауын оған кім байлап береді?
Балалар: Өзі!
Анасы: Ол әлі кіші ғой!
Әкесі: Әрі ол әлсіз ғой!
Әжесі: Ол әлі нәзік қой!
Атасы: Ол тағы әлжуаз ғой!
Анасы:
Аяңдаршы баламды
Бірінші сыныпқа тек барады!
Әкесі:
Қамын ойлап баламның
Жұмыстан да сұрандым!
Әжесі:
Немерем бәліш жеу керек
Жүдеген бала кімге керек?
Атасы:
Сабақтан жіберіп тұрыңдар
Бауын байлап берейін!

Жүргізуші:
Мұның бәрі бос әуре
Жарамайды бүйтуге.
Мұхаммедті сіздерден аламыз,
Осылай сыныпқа барамыз!
СыныпқаМұхаммед кіре ғой,
«Өзім» деп жауап бере ғой!
Жүргізуші: (балаларға қарап)
Бұл қызықты кім білсе,
Өзіне енді үлгі етсін!
Мұхаммедке ұқсап балалар,
Жүрмеңдер сендер мектепте!
Ән жеке дауыста: Сабина
Уәзір:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!!! Жолды ашыңыздар, Хан келе жатыр.....(екі рет айналып шығады)
(Хан уазірлерімен бірге келеді)
Хан: Құрметті менің елімнің кішкентай тұрғындары. Мен сіздерге бір өтінішпен келдім. Менің жалғыз ғана ұлым мұрагерім бар. Ол мектепке барғысы келмейді. Сіздер балалар ханзаданы мектепке барып, білім алуына көндіресіңдер ме? Көндірсеңдер сіздерге Хан сарайының үлкен сыйлық тәтті торты бар.
Көңілді әуенмен ортаға ханзада келеді, жанында екі қызметшісі болады.
Қызметші: Ханзада, ханзада
Ханзада: Бармаймын мектепке, бармаймын, оқымаймын, оқығым келмейді.
Хан: Сүйікті менің кішкентай ханзадам, сен мектепке міндетті түрде баруың керек, сен білім алып оқуың керексін.
Ханада: Неге баруым керек?
Хан:
Оқып білу үшін,
Санап білу үшін,
Ел билейтін хан болу үшін сенің оқуың керек.
Ханзада: Хан болу үшін оқудың, санаудың қажеті жоқ.
Хан: Ой, ханзада олай деме, оқымаған А мен Ә әрпін білмеген өте ұят.
Тәрбиеші: Ханзада, ол дұрыс емес, сен олай деме, бұл елдің кішкентай тұрғындары сауатсыз емес, мысалы біздің балалар оқып та, жазып та, санап та біледі.
Хан: Міне, Ханзада сенде осы балалар секілді білімді болуың керек. Сен осы жерде балалармен бірге қалып әріптер мен сандарды үйрен.
(Хан шығып кетеді, Ханзада таққа отырады.)
Ханзада: Осы балалардың білімді екенін қайдан білеміз?
Тәрбиеші: Ендеше ортаға Білім Ханшайымын шақырайық.
Музыка әуенімен Білім ханшасы кіреді, қолында «Әліппе» кітабы болады.
Білім ханшайымы:
Мерекеге мен келдім
Сыйлығымды әкелдім.
Үлкейіп міне, қалдыңдар,
Салмақты енді болыңдар!
Осылайша сендермен
Қоштасуға мен келдім!

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№33 «Көркемай» балабақшасы
Ересек топ тәрбиешісі.
Сарсенова Лаззат Сериккалиевна
Толық нұсқасын жүктеу
10 088
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
Қош бол, балабақша!
Қош бол, балабақша!
Қош бол, балабақша! Армысыздар құрметті ата - аналар, бүлдіршіндер, балабақша қызметкерлері! Бүгінгі біздің балаларымыздың балабақшамен қоштасу кешіне қош келдіңіздер. Бүгінгі сәт балаларымыздың естерінде қалатын әсерлі сәт екені белгілі.
«Қош бол, балабақша» ертеңгілігі
«Қош бол, балабақша» ертеңгілігі
«Қош бол, балабақша» ертеңгілігі. Ханымдар мен мырзалар! Біз сіздерді №40 балабақша - бөбекжай әуежай бортында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Біздің ұшақ бағыты «Қош бол, балабақша!», «Қош келдің мектеп!» бойынша сапарға аттанады.
Балабақшамен қоштасу
Балабақшамен қоштасу
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды Бізден ұшып қанат қағып есейіп Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Қош бол, әсем бақшамыз!
Қош бол, әсем бақшамыз!
Жақсылыққа құмармыз, Жақсы адам болып шығамыз Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс!
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
2 - Жүргізуші: Өте қызық көп күндер Алты жасқа жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер Өсті ақыл, ойларың Өсті, міне, бойларың Қуанышқа ортақпын Құтты болсын тойларың
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×