Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қай аспаптың дыбысы. Алақан.

10 тамыз 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Кіріктелген білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық»
Кіріктіріліп ұйымдастырылған оқу қызметі: «Көркем әдебиет», «Сурет»
Блок тақырыбы: «Менің қоршаған әлемім»
Апта тақырыбы: «Музыкалық аспаптар»
Тақырыбы: «Қай аспаптың дыбысы» «Алақан»
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларға музыкалық аспаптардың дыбысын білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, алақандарына бояуды жағып қағаз бетіне бастыруға үйрету.
Дамытушылығы: Аспаптардың дыбысын есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Алақанға бояды жаға білуді қалыптастыру. Әсемдік талғамын дамыту.
Тәрбиелігі: Балаларды ұқыптылыққа, әдемілікке баулу. Өзінің бейнелеген жұмысының нәтижесіне қуана білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсіл: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктер: Аспап түрлері, субояқ, губка, ақ парақша, сулы сүрткіш.

Жүру барысы:
- Балалар бүгін ерекшк күн, бізіге қонақтар келіп отыр. Олай болса амандасайық.
Шаттық шеңбер:
Ал кәнекей тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Аспаптарды алайық
Біз оркестр құрайық.

Ғажайып сәт:

Есік қағылды.
- Тыңдаңдаршы балалар бір дыбыс естілетін сияқты.
- Балалар қараңдаршы, бізге «Ботақан» тобынан сиқырлы қоржын беріп жіберіпті.
- Қоржынды ашып қарайық, не бар екен?
- Бұл не, балалар?
- Домбыра.
- Ендеше, балалар домбыраның дыбысын тыңдайықшы.
- Қоржынды тағы қарайық.
- Бұл не?
- Дауылпаз (барабан)

- Балалар біздің сиқырлы қоржынымызда тағы бір нәрсе қалған сияқты.
- Бұл не балалар?
- Сылдырмақ.
- Домбырамен ән айтылып, күй тартылды.
- Дауылпаздың үнін мейрамдарда естиміз.
- Сылдырмақ оркестр құрамында ойналады.

Дидактикалық ойын: «Дыбысын ажырат»
Ал енді аспаптармен таныстық, дыбысын ажыраттық, ендеше серігіп алайық.

Сергіту сәті:
1, 2, 3
Демаламыз жинап күш
Субояқты аламыз
Алақанды басамыз.

- Балалар біз серігіп алдық, енді алдарымыздағы ақ қағазға субяоқпен әдемі алақанымызды басамыз.

- Жарайсыңдар! Өте тамаша!
- О, балалар алақандарың қандай әдемі!

Дидактикалық ойын:«Музыкалық аспаптарды құрастыр»

Қортынды:
- Балалар сабақ с ендерге ұнады ма?
- Балалар жауабы.
- Қандай аспаптармен таныстық?
- Домбыра, Дауылпаз, Сылдырмақ.
- Ненің суретін салдық?
- Алақанның.
- Ия, дұрыс

Атырау қаласы, Бірлік ауылы,
№33 «Көркемай» балабақшасы I кіші топ тәрбиешісі
Ситкалиева Анаргул Боранбаевна
3 156
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Л дыбысы мен әрпі
Л дыбысы мен әрпі
Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты – дауыссыз дыбыстарды бір – бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көңілді дыбыстар
Көңілді дыбыстар
Музыка әлемінде көңілді дыбыстар көп кездеседі. Көңілді дыбыстар бізге шаттыққа толы көңіл күй сыйлайды. Көңілді әуен тыңдағанда көтеріңкі көңілде боламыз. Шалқып ән салып, би билегіміз келеді. Музыкалық дыбыстарға – ән, әуен, музыкалық аспаптардың
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Оркестр
Оркестр
Оркестр - музыкалық шығарманы әртүрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы және оны басқаратын дирижер болады. Музыкалық шығармалардың түріне қарай симфониялық оркестр, ішекті аспаптар оркестрі, үрлемелі аспаптар оркестрі, эстрада
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×