Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңеу

24 қаңтар 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Қызғалдақ» орта тобы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Математика
Тақырыбы: Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңеу.
Мақсаты:
Білімділік: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру, апта күндерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Балалардың үлкен - кіші, көп - аз туралы ұғымдарын қалыптастыру. Заттарды түстеріне, түрлеріне қарай ажыратып салыстыруды меңгерту.
Тәрбиелік: Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу
Әдіс - тәсілі: Қуанышты сәт, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сергіту сәті, таңғаларлық сәт, қорыту.
Көрнекілігі: Бір жұмсақ ойыншық - аю, 4 - аю бейнеленген сурет - карточка, аюлардың әрқайсысына 4 - тен бал салынған бөшкелер, құрастырғыш, қарындаш, әртүрлі суреттер, жіп, доптар.
Пән аралық байланыс: құрастыру, жапсыру
Сөздік жұмыс: Бірдей - тең, үлкен - кіші, көп - аз.
Билингвальді компанент: бірдей - поровну

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1. Мотивациялық қозғаушылық:
- Қане балалар, шаттық шеңберіне тұрайық. Бүгін біздің сабағымызға қонақ апайлар келіп отыр, алдымен амандасып алайық.
Қане шеңбер құрайық
Дөңгелене тұрайық
Үлкендерді құрметтеп
Сәлемдесіп алайық.
Жарайсыңдар балалар, орнымызға жайғасайық.
Қызығушылық ояту:
- Балалар жылдың неше мезгілі бар?
- Жылдың төрт мезгілі бар.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір көктем мезгілі.
- Әр мезгіл неше айдан тұрады?
- Әр мезгіл үш айдан тұрады.
- Қазір көктемнің нешінші айы?
- Қазір көктемнің екінші айы.
- Көктемде қандай өзгерістер болады -?
Көктемде күн жылынып, қар еріп, жылға - жылғалардан су ағады, адамдар жұқа киіне бастайды, жылы жақтан құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады, көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек өсіп шығады.
істер болады?
Көктемде күн жылынып, қар еріп, жылға - жылғалардан су ағады, адамдар жұқа киіне бастайды, жылы жақтан құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады, көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек өсіп шығады.

2. Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Балалар біз өткен сабақта не өттік, қане есімізге түсірейікші.
Алдында - артында ұғымымен танысқан болатынбыз. Қане қайталайықшы.
- Мына суретте, нелер бейнеленген?
- Жемістер
- Неше жеміс, санайықшы.
- Үшеу - алма, алмұрт, өрік..
- Алмұрттың алдында не бейнеленген?
- Алма.
- Ал, алмұрттың артында не бейнеленген?
- Өрік.
- Ал мынау қай ертегі?
- Шалқан ертегісі?
- Атаның артында кім тұр?
- Атаның артында ап тұр.
- Ал мысықтың алдында не тұр?
- Мысықтың алдында күшік тұр.
- Жақсы балалар өткен сабағымызды қайталадық. Бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы: Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңеу.
Таңғажайып сәт: «Аю»
- Балалар мен балабақшаға келе жатып, жолда мына аюды кездестірдім(ойыншық аюды көрсету). Қолында өзімен хат ала келіпті. Мен хатты оқып берейін, сендер мұқият тыңдаңдар!
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Мен орманда құлпынай теріп жүріп, адасып қалдым. Сендер менің өз апанымды табуға көмектесесіңдер ме? Маған апанымды табуға көмектессеңдер, менің сендерге арнаған сыйым бар.
- Қалай, оған көмектесеміз бе?
- Иә.
- Аюға көмектесу үшін біз таным еліне саяхатқа барамыз. Ол үшін біз бірнеше аялдамадан өтеміз.
Бірінші аялдама:

Дидактикалық ойын: «Жете ме?»
- Суреттегі қонжықтар көңілсіз сияқты.
- Балалар қараңдаршы, мына жерде неше қонжықты көріп тұрсыңдар?
- Санайықшы, төрт қонжық.
- Ал мына бөшкелерді санайық, нешеу екен?
- Бөшкелер үшеу.
- Қонжықтардың әрқайсысына бөшкенің жеткен жетпегенін қайдан білеміз?
- Қонжықтарға бөшкелер жетті ме?
- Олар бірдей болу үшін не істеу керек?
- Тағы бір бөшке керек.
- Қайсысы көбірек: қонжықтар ма, әлде бөшкелер ме?
- Бірдей болды.
Билингвальді компонент: Бірдей - поровну.

Сергіту сәті: «Аю»
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп - теріп аламыз
Қалтамызға саламыз.
Екінші аялдама: «Көңілді сандар»
- Балалар мына суретте не көріп тұрсыңдар?
- Күшіктер.
- Санайықшы неше күшік?
- Үш күшік.
- Ал мына суретте не көріп тұрсыңдар?
- Пілдер.
- Неше піл?
- Төрт піл.
- Беске дейін кім санап береді?
- Кері қарай кім санап береді?
Үшінші аялдама: «Заттар тобын салыстыру»
- Қызыл қарындаш - ұзын, көк қарындаш - қысқа.
- Мына доптардың қайсысы көп?
- Сары доптар көп, жасыл доптар - аз.
- Мына жіптің қайсысы жуан, қайсысы жіңішке?
- Ақ жіп - жуан, қара жіп - жіңішке.
Төртінші аялдама: «Кім жылдам?»

Топтық жұмыс:
Бірінші қатар: сандарды құрастырады.
Екінші қатар:- геометриялық фигуралардан үй құрастыру.
Үшінші қатар:- Бірдей заттарды жапсыру.
- Өзін - өзі бағалау:
Аю:- Балалар, сендерге көп - көп рахмет! Бүгін сендер әр аялдамадан, сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Мен сендерге өзімнің дайындаған сыйымды таратамын, осылай сабаққа жақсы қатысып жүріңдер, жарайсыңдар! Аю балаларға сыйлығын таратып, қоштасып шығып кетеді.
- Балалар біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болды. Қане жолымыз қысқа болу үшін, жаңағы өткен сабағымызды қайталап барайық.

Үйге тапсырма:
Бірден беске дейін санамақ жаттап келу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: Заттарды бірінің үстіне бірін салу және жанастыру тәсілдері;
Түсінеді: Заттардың санын қалай дұрыс теңестіруге болатынын;
Қолданады: Дайын пішіндерді(жапсырмаларды) жапсыруды.

Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз қаласы, Ақтоғай бекеті,
№3Ақтоғай балабақша - бөбекжайының тәрбиешісі
Мурумбаева Жанар Аманжолқызы
34 797
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Тапқырларға тапсырма
Тапқырларға тапсырма
Білімділік: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін молайту, геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру, апта күндерін ажырата білуге үйрету.
Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңесу
Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңесу
Балаларды таңертең - тәулік бөлігімен таныстыру., осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану, таныс заттарды көлеміне қарай және санына қарай салыстыруды үйрету.
Заттар тобын салыстыру
Заттар тобын салыстыру
балаларды заттарды салыстыруға үйрету. «Қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.
Заттар тобын салыстыру
Заттар тобын салыстыру
Балаларды заттарды салыстыруға үйрету. «Қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Үлкен және кіші
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Үлкен және кіші
Заттарды санына қарай салыстыра алу қабілетін арттыру, бір затпен көп затты бір – бірінен айыра білуге үйрету. Санаудың дұрыс тәсілдерін пайдалана отырып, заттарды санау; солдан оңға қарай санау.
Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі
Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Жұмашева Кенжегүл Құралқызы "Үздік тәрбиеші" номинациясы бойынша
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×