Драматизациялық ойындар
Драматизациялық ойындар:
Аулада
Мақсаты: Тілдік естуді және дауысқа еліктеу қабілеттілігін дамыту.
Қажетті құралдар: Ойыншық қораз, тауық, қаз, торғай.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді мәнерлеп оқиды және сәйкес суреттерді көрсетеді.
Ақ тауық ау ақ тауық
Ақ тауық неден қақсауық
Ертемен қыт - қыттайды
Ауламыздан шықпайды.
Балпаң басқан үйрегім
Бұлтыңдайды бүйрегің
Жалпақ тұмсық жем іздеп
Қырқылдайсың, қоймайсың
Тамаққа бір тоймайсың.
Торғай – торғай тоқылдақ
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі томпайып,
«Шиқ - шиқ» десіп отырмақ.
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті – қолын жуады.
Мяу – мяу, мяу – мяу.
Ән – жыр
Мақсаты: Дыбысты дұрыс айтуды бекіту. Тілдік естуді және тілдік белсенділігін, еліктеу бойынша дыбыс тіркесін және дыбыстарды айта білуін дамыту.
Қажетті құралдар: Бұзау, лақ, қозы, бота.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқып ойыншық кейіпкерлерді көрсетеді. Өлең ішіндегі еліктеу сөздерді балаларға қайталатып үйретеді.
Әнші төлдер
Жайылымнан кешкілік
Жамырады бес түлік.
Төңірекке тараған
Төлдер әнін естідік.
«Мә - мә» деген әні бар,
Секірер ор, жары бар.
Селтеңдеген лағым
Секіргіш бір жануар.
«Мәә - мәә» деген әні бар,
Жібек тоны - сәні бар.
Қошақаным момақан,
Сүйкімді бір жануар.
«Бөө - бөө» деген әні бар,
Енесін тез сағынар.
Жібек жүнді ботақан,
Мөлдір көзді жануар.
«Мөө - мөө» деген әні бар,
Үй маңынан табылар.
Ойқастаған бұзауым,
Ойнақтағыш жануар.
«Күмбірлеген» әні бар,
Желкілдеген жалы бар,
Желдей өсіп құлыншақ,
Желмен шапқан жануар.
Әдібай Табылдиев
Өлең соңында балалардан қай жануар қалай дыбыстайтынын сұрап, пысықтау.
Тауық пен балапандар
Мақсаты: Дауысқа еліктеу қабілетін, кеңістікті бағдарлауды дамыту.
Қажетті құралдар: Қораз бен балапандардың бастарының суреттері салынған бас киімдер (балалардың саны бойынша).
Ойын барысы: Тәрбиеші қоразды, ал балалар балапандарды бейнелейді. «Қораз балапандарымен көгалда қыдырып жемді шұқып жейді» (саусақтарымен еденді тықырлатады).
Қораз:
Мен қоразбын, қоразбын
Жалқаулармен аразбын
Таңды бұрын қарсы алып
Елді оятам жар салып.
Ку - ка - ре - ку!- деп нықтап
Айтты өзінше ақылды
Әке - шешең сендерге
Тамақ іздеп кетеді,
Менің күнім «таң атты»,
«күн батты»мен өтеді.
Қызмет етіп теп - тегін
Жүрмеймін босқа, жетеді,
Тым болмаса көңілімді
Көтерсеңдер не етеді?
Балапандар:
Қыт - қыт - қыт - қыт, иә - деп,
Сүйер бар балақан,
Мен - сары балапан.
Енеме еремін
Көгалды шоқып көп
Дән іздеп теремін.
Тәрбиеші балалардың өзінен соң «ку - ка - ре - ку, қыт - қыт - қыт - қыт» дыбыс тіркестерін анық айтуларына қол жеткізуі қажет.
Шөре – шөре
Мақсаты: Дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.
Қажетті құралдар: Ешкі, жылқы, сиыр, түйенің суреттері.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқуды жануарлардың суреттерін көрсетумен жалғастырады.
Өрісте өскен жануар,
Шөкетайым қайдасың?
Шөре – шөре деп ешкіні шақырады.
Қамбар ата өсірген,
Құла атым қайдасың?
Құрау – құрау - деп жылқыны шақырады.
Зеңгі баба өсірген,
Әукешім менің қайдасың?
Ауқау – ауқау – деп - сиырды шақырады.
Ойсыл қара баласы,
Ботақаным қайдасың?
Көс – көс деп түйені шақырады.
Балалардың сөз тіркестерін дұрыс айтуын қадағалау.
Бип, бип, пыш
Мақсаты: Еліктеу бойынша дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.
Қажетті құралдар: Паравоздың суреті.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқиды, ал балалар бірінен соң бірі тізбектеліп паравоздың қимылын жасайды. Сосын еліктеу сөздерін қайталап айтады.
Бип, бип, пыш.
Мен паравоз алам.
Саяхатқа бет алам,
Бірте - бірте тездейміз,
Тез жетуді көздейміз.
Бип, бип, пыш.
Көп қаладан өтеміз.
Қызықтарға жетеміз,
Бип, бип, пыш.
Гук пыш,
Гук, пыш паравоз.
Мықты болсаң басып оз,
Қызық болды кеп қалдық,
Енді жайлап тоқтаймыз,
Бип, бух, пыш.
Балалардың сөз тіркестерін дұрыс айтуын қадағалау.
Драматизациялық ойындар. жүктеу

Драматизациялық ойындар балабақшаға арналған ойын түрлері тілдік естуді және дауысқа еліктеу қабілеттілігін дамыту
Жаңалықтар
Торғай мен мысық
Балаларға өлеңді есте сақтауға, тәрбиешіден кейін қайталауға үйрету. Сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының көркемдігін қалыптастыру.
Көгалдағы балапан
Балаларды коллаж жанрымен таныстыруды жалғастыру үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту.
Мысыққа Мақта қыздың қатығын төлеуге көмектесейік
Ертегі желісімен ойын арқала түрлі тапсырмалар орындауға үйрету. Балалардың тілдік қорын жетілдіру. Есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін дамыту. Балаларды достыққа тәрбиелеу
Еліктеу сөздер туралы түсінік
«Қостанай қаласындағы №9 орта мектебі» ММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Скендирова Г.А
Шұбар тауық
Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі Мырзабаева Анаргүл Есмаганбетовна
Құстар біздің досымыз
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.