Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақшада денсаулық сақтау шынықтыру шаралары

01 наурыз 2019, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Балабақшада денсаулық сақтау шынықтыру шаралары
Қыстырғыштармен ойнаймыз
Ойын арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінін жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.

Күн сайынғы таңертеңгілік жаттығулар, ойындар балалардың денсаулықтарын күшейтеді, шыңдандырады.

Ойыншығым құрастырғыш,
Көрсетеді көмегін.
Кімге көлік, кімге үй,
Құрастырам керегін.

Қимылды ойындар
Қимылды ойындар зеректілікке, байқағыштыққа, зейінділікке, қиялдауға, дұрыс сезімдердің дамуына мүмкіндік жасайды.
Бала өзінің тең құрбылары арасында олармен тең сезінуге тиіс. Ойындағы белсенді әрекет балалардың күшіне деген сенбеушілікті, ұялшақтықты, жасқаншақтықты болдырмайды. Қимылдарды дәлме дәл орындау батылдық, ептілік, тапқырлық, сенімділік сезімдерін күшейтеді және ұжымда өзінің тиісті орнын алуға көмектеседі.
Аю, аю тұршы,

Аю, аю тұршы,
Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Ал, енді, бізді қушы!

Ұзын құлақ сұр қоян
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.

Ойын - бала бойындағы қандай да болмасын бір өнердің басталуы. Өйткені, болашақ ел қорғаушы батыр, халық қайраткерлерінің нышаны ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі.

Добым, добым домалақ
Кеттің қайда домалап.
Үстел үстін бүлдірдің
Тәрелкені сындырдың
Тентек болып кетті деп
Тұрмын сені тепкім кеп

Құлыншағым - құндызым
Құлдырайды, шабады
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады

Ұйқыдан тұрған соң денсаулық жолымен жүру
Қайырлы таң.
Қайырлы таң, көздерміз (балалар қастарын, көздерін сипайды)
Қайырлы таң, құлақтарымыз(құлақтарын сипау)
Қайырлы таң, беттеріміз (беттерін сипау)
Қайырлы таң, қолдарымыз (қолдарын сипау)
Қайырлы таң, аяқтарымыз (аяқтарын сипау)
Қайырлы таң күннің көзі!
Күлімдеп саған қараймыз,
Күннің көзі мен тұрамыз

Ерте жастан бастап баланы жалаң аяқ жүруге үйрету керек.
Жалаң аяқ жүру үнемі және жүйелі түрде болса, адам жақсы шынығады, шымыр болып шынығып өседі.
Жалаң аяқ жүруді үдетсе оған қызығушылық іс - әрекеті барлық дене бұлшық еттеріндегі адам ағзасындағы қан айналымы жақсарып, мидың даму әрекеттері де жақсарады.
Ояну жаттығулар эмоциналдық көңілдерін көтереді.

Атқа мінгізу
Ат
Қас жүйрікке балаймын,
Құйрық - жалын тараймын.
Қарғып мініп мен атқа,
Барам сосын қонаққа.
Балабақшада денсаулық сақтау шынықтыру шаралары жүктеу
5 850
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балабақшада түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру іс-шаралары
Балабақшада түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру іс-шаралары
Бүкіл халықтың, әсіресе балалардың денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты, соңғы онжылдықта мектепке дейінгі балалармен денсаулық сақтау жұмыстары ерекше маңызды болып табылады. Осыған байланысты, қазіргі жағдайды өзгерту үшін жаңа сауықтыру
Бала саусағын ойната отырып, тілін дамытайық
Бала саусағын ойната отырып, тілін дамытайық
Саусақ ойыны — бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.
Табиғат әлемі
Табиғат әлемі
Балалардың өз балабақшаларына деген ыстық сезімдерін дамыту. Балабақшада қызмет істейтін апайларға құрмет көрсетіп, топта тазалық сақтай білу сияқты әдептілік дағдыларын қалыптастыру.
Айгөлек тобының перспективалық жоспары
Айгөлек тобының перспективалық жоспары
Балалардың бойында балабақша туралы түсініктерін, танымдық қабілеттерін, ой - өрістерін кеңейте отырып бірлескен әрекетке қызығушылықтарын дамыту
Денсаулық сақтау технологиялары
Денсаулық сақтау технологиялары
Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат поселкесі, «Нұрбөбек» ясли – бақшасының тәрбиешісі Карлданова Гүлнұр Бисенғалиқызы
Балалардың денсаулығын нығайтамыз
Балалардың денсаулығын нығайтамыз
Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшаларда дене тәрбиесі маңызды орын алады. Балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×