Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бақбақ

04 наурыз 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тобы: Бәйтерек ІІ кіші
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сурет салу
Тақырыбы: Бақбақ
Мақсаты:
 Балалардың көктемгі табиғат ерекшеліктері туралы түсініктерінен кеңейту.
 Балаларға көктемде өсетін бақбақтың бейнесін салуды үйрету.
 Табиғатты сүйе білуге, жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
 Дәстүрден тыс сурет салу жолдарымен, балалардың қызығушылықтарың, ойлау қабілеттерің одан әрі қалыптастыру;
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: суреттерді қарастыру, жұмбақтар шешу
Әдіс - тәсілдер: ертегі тыңдау, сұрақ - жауап, ойын, қолдану, түсіндіру
Қажетті көрнекі құралдар: слайд, гуашь бояуы, картоп таңбалары, шырпы таңбасы, айыр таңбасы, сулықтар
Қостілділік компонент/ билингвальный: Бақбақ - одуванчик, бақбақ - plant

Мотивациялық - қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Қуанайық бәріміз, (шапалақтау)
Дос болайық қол ұстаса (қол ұстасу)
Ажырамасын күлкіміз (жымиямыз)
Күніміз өтсін Тамаша! (бас бармақ ортаға)
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?
- Көктем мезгілінде неше ай бар? атап беру
- Жарайсыңдар!
- Балалар көктемнің Наурыз айында алғашқы қандай гүл шығады?
- дұрыс
«Көктем» туралы тақпақ сұрау.
- Ал Сәуір айында бақбақ гүлі шықса, ал Мамыр айында қызғалдақтар өседі екен.

Іздену ұйымдастырушы
Ал сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?
Қандай ертегілерді білесіңдер?
Ендеше мен сендерге осы гүлдердің бірі «Бақбақ» гүлі туралы ертегі айтып берейін, мұқият тыңдайық.
(Слайд арқылы ертегі мазмұның айту)
Көктем келді. Бір күні көгал арасынан кішкентай бақбақ гүлі шығып жан - жағына қарап:
- Қызық! Ертең мен өскенде қандай болар едім?- деп ойланады. Бір кезде жай жаңбыр жауды, бақбақ оданда жоғары өсіп, аспандағы күнді көреді:
- Мәссаған! Анау күн секілді жап жарық болып өссем ғой!- деп армандайды. Оны естіген күн жымия төменге қарап, бақбақ гүлді сары түске айналдырады.
Күн сайын ол сарғайып жәндіктердің күні болады.
Арада күндер өтеді бақбақ гүлі аспанда жылжып бара жатқан аппақ, үлпілдеген бұлттарды көреді.
- Мәссаған! Менде анау бұлттар секілді аппақ болсам ғой!- дейді. Жоғарыдағы бұлттар төменге қарап, әлгі бақбақты аяғы бар бұлтқа айналдырады. Кеңеттен жел соғып бұлттар жан жаққа ұша бастайды, алыс алыс жерлерге. Бірақ ұшқан бұлттар қонған жерлерінде, алдымен сары күн түстес, содан кейін ақ бұлт түстес болып, осылайша бақбақ гүлдері пайда болған екен.
Билинг/комп: Бақбақ - одуванчик - plant
- Балалар, бақбақ гүлі ең алдымен неге ұқсағысы келеді?
- Содан кейін ақ түсті нені көреді?
Ғажайып сәт: Көбелек ұшып кіреді. (көңілсіз)
Көбелек: - Салеметсіз ба, балалар!
Тәрбиеші: Сен неге көңілсізсің?
К - к: Сыртта еш қонатын гүлдерде шықпай қалды. Мен болсам көктем келген шығар деп ұшып келдім. Мен сол үшін көңілсізбін.
Т - ші: Көбелек сен мұнай ма, балалар сенімен ойын ойнап көңіліңді көтерер, ал содан кейін саған көптеген гүлдер салып береді. Солай ма балалар?
- Көбелек: Мен ойынды жақсы көрем, қуанады
Ойын: «Мұқият бол!» Шарты: бір неше сөздер айтылады соның ішінен «бақбақ» сөзің естісе шапалақтайды. Мақсаты: Шапшаңдыққа, ойлау қабілетің дамыту.
(Қызғалдақ, тоқылдақ, бақбақ, тақпақ, бақбақ, балмұздақ, жапырақ, бақбақ, топырақ, бақбақ, қызанақ, қуырдақ, бақбақ)
- Балалар көбелекке қонуға болатындай гүлдер әлемін жасап берейікші.
Балалар ертегідегі гүлдің пайда болу жолдарымен түстес кийіммен отыра қойындар.
Жасыл түстілер: дайын тұрған суреттің күлтешелерің вилкамен бояу
Сары түстілер: дайын тұрған суреттің күлтешелерің жіпті шырпымен бояу
Ақ түстілер: көк беттегі дайын тұрған суреттің күлтешелерің картоп таңбасымен бояу

Сергіту сәті:
Енді біз демаламыз,
Айналаны шоламыз
Қол аяқты кезекпен
Оңға солға созамыз
Күн шыққанда сүйсініп
Бәйшешектей иіліп
Біз тынығып аламыз.
Жиі жиі жаттығып,
үлкен бала боламыз.
Балаларды қадағалау, бақылау, мадақтау
Көбелек: сендер барлық достарыма жететіндей гүлдер жасапсыңдар, ендеше мен достарымды шақырып келейін) шығып кетеді.
Бақбақ жүктеу
8 172
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Торғай мен мысық
Торғай мен мысық
Балаларға өлеңді есте сақтауға, тәрбиешіден кейін қайталауға үйрету. Сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының көркемдігін қалыптастыру.
Бақбақ гүл
Бақбақ гүл
Қысқа қисық сызықтармен шөптің суретін салып, кепкен соң үстіне сары гуашьпен қылқаламды тура қойып айналдыру әдісі арқылы, бақбақ гүлін салуға үйрету.
Күзгі ағаштар
Күзгі ағаштар
Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістер жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту, оның құбылыстарын ажырата білуге үйрету.
Күн
Күн
Саусақтарды бояуға малып қағазға ізін түсіріп күннің суретін салу. Балалардың саусақ бұлшықеттерін және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тауық пен балапандары
Тауық пен балапандары
Музыка жетекшісі Капезова Гулдана Нурболатовна
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпі
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Урынбаева Айгерім Жалғасқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×