Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


3 санымен таныстыру

19 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті
№28 «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі
Сәнкебаева Нұргүл Шорақызы

Тақырыбы: 3 санымен таныстыру
Сабақтың мақсаты: Баларды қызықтырып 3санымен таныстыру. Сандарды логикалық ойлауға ойын арқылы үйрету және тәрбиелеу. Балалардың сөздік қорын молайтып, есту көру қабілетін дамыту. Сонымен қатар баланың түрлі ойындар арқылы ой-өрісін, тіл байлығын жетілдіру.
Керек көрнекіліктер: сандар, дидактикалық ойындар, бірнеше ойыншықтар, шарлар, суреттер.

Сабақтың барысы: Топқа әуен ырғағымен келіп тұрады.
Ұшып жүрген аспанда
Ала қарға угай-ай
Өлең айтып берейік
Апайларға угай-ай
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем
- Дұрыс айтасыңдар.
- Көктемде күн қандай болады?
- Жылы.
Жақсы балалар жарайсыңдар.
Ал, бүгін балалар көп апайлар сендердің не білетіндеріңді білуге келіпті.
- Қане біздің қандай өнеріміз бар?
- Көрсетейікші апайларға.
- Балалар, менің қолымда қандай пішін бар?
- үшбұрыш
- Дұрыс.
- Ал мынау ше?
Төртбұрыш
- Ал мынау ше?
Дөңгелек.
Жарайсыңдар өте тамаша айттыңдар.
- Енді балалар мына суретке назар аударайық
- Мына суреттен не көріп тұрмыз?
- Доп.
- Қанша доп көріп тұрсың?
- Біреу
- Ал мына сурет бойынша кім айта қояды?
- Мынау кубик
- Қанша кубик көріп тұрсың?
- Екеу
- Кубик қандай пішінге ұқсайды?
- Төртбұрышқа
- Жарайсың
- Ал балалар екі туралы кім тақпақ айтып береді?
Тәрбиеленуші:
Бір ағашта екі алма
Мен алмаймын сенде алма
Қызыл емес көк екен,
Әлі піскен жоқ екен
- Өте керемет айттың
- Ал балалар менің қолымнан қандай ойыншық көріп тұрсыңдар?
- Қоян
- Дұрыс
- Менің қолымда қанша қоян бар?
- Үшеу
- Қоянның түсі қандай?
- Ақ
- Ал балалар тағы кім тақпақ біледі?
Бірі - бірімде
Бар көжек інінде
Екім екім екі еді
Екі қоян шертеді
Балалар қазір біз ойын ойнаймыз.
- Алдарыңдағы қапшықтың ішінде пішін бар
- Мен айтамын сендер көрсетіңдер
- Ал балалар орнымыздан тұрып біз оңымыз бен солымызды білеміз ғой.
- Қане апайларға көрсетейікші «Қайсы екен қолымыз?
- Тағы кім тақпақ біледі екен?
- Үшім үшім үш екен
Үшкір тұмсық құс екен
Енді балалар қазір біз ойын ойнаймыз қане бәріміз дөңгелене шар сияқты тұрамыз?
Ойын «Шар шашу» ән әуені ойналады шарды шашамын әуен өшкенше шарды сендер жинайсыңдар. Неше шар жинағандарыңды, түсі қандай екенін, пішіні қандай екенін айтып бересіңдер. Есік қағылады «Қараторғай» кіреді.(таңдану сәті)
- Балалар бізге кім келді?
- Қараторғай
«Көкек» әні орындалады Қараторғай балаларға сыйлығын алып келіпті
«Ұшты - ұшты әні орындалады
8 576
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Сиқырлы сандық
Сиқырлы сандық
Геометриялық пішіндер, көлемдер туралы білімдерін тереңдету, аттарын айтып, түстерін ажырата білуін жаттықтыру.
4 санымен танысу
4 санымен танысу
4 санымен таныстыру, дұрыс санай білуге үйрету. логикалық ойлауың, пәнге қызығушылығын дамыту.
Ғажайып пішіндер
Ғажайып пішіндер
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, "Ақбота" балабақшасының тәрбиешісі Амирова Гульмира Догдырбаевна
Әжеме әдемі орамал
Әжеме әдемі орамал
Атырау қаласы, №16 «Дюймовочка» балабақша тәрбиешісі: Шалтақова. Э. Ж
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×