Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заманауи технологиялар

04 қараша 2021, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Заманауи технологиялар.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады.
Педагог пен баланың өзара әрекет етуі жүзеге асырылатын оқытудың интерактивті әдістерін қолдану барынша маңызды бола бастады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру бойынша бірыңғай талаптар және практикалық ұсыныстармен қамтамасыз етуге бағдарланған және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын және тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
«Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық педагогикалық технологиялар» диагностикасын жүргізу материалдарына талдау, қолданылатын технологиялар жұмысының ерекшеліктерін анықтау және әртүрлі жас топтарында туындайтын қиындықтарды, мәселелерді шешу жолдарын айқындау;
- мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудың заманауи интерактивті нысандары туралы біртұтас білім қалыптастыру;
- мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде интерактивті нысандарын (диалогтық технологиялар, ТРИЗ технологиялары, денсаулық сақтау технологиялары және т. б.) қолдану дағдыларын дамыту;
 - мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында мектеп жасына дейінгі балалармен интерактивті өзара әрекет ету үшін ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру;
- мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында өзіндік білім алу қажеттілігін қалыптастыру.
Міндеттері:
 - мектепке дейінгі ұйымдардың материалды - техникалық базасын нығайту және жетілдіру; мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі әдістемелік шараларды қолдану арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру; педагогтардың мониторинг нәтижелерін практикалық қызметте қолдану қабілетін дамыту;
- инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мәселесі бойынша педагогтар арасында тәжірибе алмасу жүйесін ұйымдастыру;
- педагог пен балалардың бірлескен іс - әрекетінде инновациялық педагогикалық технологиясын қолдану арқылы олаПедагогикалық технологиялар міндетті түрде таным белсенділігінің негізін – ізденгіштігін; өз бетімен шығармашылық (ойлау, көркемдік) және әртүрлі іс - әрекет түрлерінде табысты болуға мүмкіндік беретін басқа да міндеттерді:
- интеллектуалдық және тұлғалық дамуы ретінде шығармашылық қиял – елесі;
- коммуникативтік – ересектермен және құрдастармен сөйлесу қабілеті;
- рефлексия қабілеті – басты тұлғалық қасиеттердің бірі ретінде;
- өзін тануы мен ұғынуы (іс - әрекеттер, сөйлеу тәртібі, сезім, жағдай, қабілеттілік) шешу қабілетін дамытуы керек.
Педагогтардың мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды игеруі – бала тұлғаның табысты дамуының кепілі. Қазіргі таңда ойынның маңыздылығы заманауи баланың ақпаратпен қанығуынан артады. Теледидар, бейнетаспа, радио, интернет алынатын ақпарат ағымын ұлғайтты және түрлендірді.
Заманауи денсаулық сақтау технологиялары
Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиясы: стретчинг, ырғақ пластикасы, динамикалық үзілістер, қозғалмалы және спорт ойындары, релаксация, эстетикалық бағыттағы технологиялар, саусақ гимнастикасы, көз гимнастикасы, дем алу гимнастикасы, сергіту гимнастикасы, түзету гимнастикасы, ортопедиялық гимнастика.
Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
ТРИЗ – өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы. Негізін салушы - Генрих Альтшуллер. Оның технологиясының басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір заңдармен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға болады және өнертапқыштық тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады. Қазіргі таңда Г. С. Альтшуллердің ТРИЗ технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, тапқырлығын, шығармашылық елестетуін, диалектикалық ойлауын дамыту үшін бала бақшаларда табысты қолданылады. ТРИЗ мақсаты – балалардың ой - өрісін дамытумен қатар, жүріп жатқан үдерісті түсіндіре отырып, жүйелі ойлауынуға үйрету. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін «ТРИЗ» технологиялары – бұл тәрбиешілер үшін толық әдістемелік ұсыныстары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар жүйесі. ТРИЗ негізгі бағдарламасын ауыстыруға емес, оның тиімділігін барынша арттыруға арналған. Балалармен жұмыс істейтін кез келген бағдарлама негізінде практикада тексерілген ТРИЗ әдістері мен тәсілдерін күнделікті оқу қызметтерінде, серуенде, ойын барысында қолданып отырамын. Өз жұмысымда балабақша ұжымының алдына қойған мақсатымен ұштастырамын."Балабақшада ТТШТ бойынша оқу іс - әрекеттер жинағы"тақырыбындағы авторлық бағдарламамдағы ойындарды өзім және балабақша педагогтары оқу қызметтерінде қолданысқа еңгізуде. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. Ең басты мақсатым: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру.
Бірқатар зерттеушілердің ойынша, заманауи интеллектуалдық әрекеттің педагогикалық және психологиялық ойдың негізі, белсенді ізденімпаздық әрекет әдістеріне негізделсе, мектепке дейінгі баланың интеллектуалды әрекеті табиғи үйреншікті болуы мүмкін. Бұл ата - анамен педагогтың күнделікті тәрбие беру барысында баланың танып білуге қызығушылығын ояту қажеттілігін туғызу, өз беттерімен мәселені шешу, нәтижеге жетуге тәрбеленуінің, бағыт беруінің арқасында туындайды. Мектепке дейінгі тәрбиелеуде ТРИЗ технологиясын алғашқы математикалық түсініктерін қалыптастыруда тиімді екені байқалды. Мысалы: «Ұқсастықтарын тап» ойыны арқылы қарама - қарсы тұрған заттардың ұқсастықтарын тауып айту керек.
«Не жетіспейді» деген ойын арқылы баланың есте сақтау қабілеті шынығады.
· Баланың танымдық әрекетін белсендендіру.
· Баланың шығармашылығын көрсетуге мотивациялау.
· Бейнелі ойлауға жағдай жасалады. Сөздік қоры лексикасы молаяды.
· Синоним, антонимдермен танысады. Тіл құралын кеңінен қолданудың нәтижесі көрінеді.
·Сөйлемнің лексикалық - грамматикалық құрылымын мойындау қалыптасады.
·Ойлау әрекетінде аналитикалық - синтетикалық операциясының икемділігі дамиды.
Сөйлеуді дамыту оқу қызметінде ТРИЗ элементтерін қолдану кезінде төмендегідей дидактикалық принциптерді ескеру керек
1. Таңдау еркіндігі
2. Мәселенің ашықтығы - мәселені шешуде бірнеше жауаптың болуы.
3. Әрекеттілігі - кезкелген шығармашылық жұмысқа практикалық әрекетті араластыру керек.
4. Кері байланыс. Тәрбиеші баланың ойлау операциясын меңгергенін үнемі бақылап отырады. Себебі жаңа шығармашылық жұмыста ол қажет болуы мүмкін.
5. Кіршіксіздік - шығармашылдық мәселе әдеиі құралды қажет етпейді, ол өткен оқу қызметінің бөлімі болуы мүмкін. Бұл баланың мүмкіншілігін, білімін кеңінен қолдануға мүмкіншілік жасайды.
ТРИЗ балалар үшін – балалармен оқу әрекетінде және ұжымдық ойындағы жүйе
«Мен не жасырдым»
«Не болсаң – сондай бол»
«Теріс айналған ертегі»
«Неге ұқсайды?»
«Не не нәрсенің бөлігі»
«Жақсы - жаман»
«Достарыңды тап»
«Не, неге?»
«Фантазия»
«Тізбектеме»
«Үйшік»
«Айналсоқ»
ТРИЗ элементтерімен ойындар
Ойын"Жақсы – жаман"
Мақсаты: Балаларға қоршаған ортадағы заттар мен нысандардың жақсы және жаман жақтарын ажыратуға үйрету.
Ойын ережесі:
Ересек топта жүггізуші қандайда бір нысанның жүйесінің, көрнісінің жағымды және жағымсыз қасиеттерін айтады.
1 түрі:
Ж: Кәмпит жеген - жақсы. Неге?
Б: Себебі, ол тәтті.
Ж: Кәмпит жеген - жаман. Неге?
Б: Себебі, тісің ауырады.
Ережесіне қарай сұрақтар беріледі: "Бір нәрсе жақсы - неге?", "бір нәрсе жаман - неге?".
2 түрі:
Ж: Кәмпит жеген - жақсы. Неге?
Б: Себебі, ол тәтті.
Ж: Кәмпит жеген - жаман. Неге?
Б: Себебі, тісің ауырады.
Ж: Тісің ауырса жақсы. Неге?
Б: Уақтылы дәрігерге қараласың. Егер сенің тісің ауырса, сен байқамай қалар едің. Сұрақтар тізбектеліп қойыла береді.
Ж: Адамзат отты ойлап тапты. От – бұл жақсы. Неге?
Б: Одан жылылық беріледі. Әкем алау жақса өте қызық болады.
Ж: От - ол жаман. Неге?
ДБ: Ол қауіпті, өрт тұтануы мүмкін. Егер үй өртенсе жасайтын орын болмай қалады.
Ойын «Әшекей тізбек»
Мақсаты: сұрақтар көмегімен мәнін байланыстыра отырып, сөз тізбегін құруға үйрету,
Барысы: Жүргізуші сөрелік сөз ұсынады.
Мысалы, көбелек. Осы заттың қасиеті мен әрекеті туралы сұрақтар қояды.
- Көбелек не істеп жүр?
Баланың жауабы: - ұшып жүр.
Осы сөзге байланысты тағы сұрақ қойылады. Мысалы:
- Тағы не ұшады?
Ребенок отвечает: - құс.
- Құстың несі бар?
Қауырсыны.
- Қауырсын тағы қайда бар?
- Жастықта
- Жастық қандай?
- Жұмсақ……т. с. с.
Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым - қатынас арқылы ғана өз жемісін береді. Бүгінгі күн бәсекелестікпен жоғарғы технологияның, ғылым мен білімнің заманы.
 Сондықтан оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әрбір ұстаздың міндеті.
Заман талабына сай білімді, мамандығының қыр - сырын игерген педагог - тәрбиешілерді даярлауда оқу - тәрбие ісін тәжірибемен үйлестіру, кәсіптік білім беруді жетілдіру, жаңа оқу жоспары, жаңа бағдарламаға сай курстар мен түрлі семинарлар өткізудің маңызы зор. Мұның өзі педагогтың жұмысына деген қызығушылығын, шығармашылық қабілетіншыңдауына, бала тәрбиесіне деген түсінігінің кеңеюіне бірден - бір себеп болып табылады.
Білім – теңіз, оның тереңіне құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Ондай адамдарды дайындайтын, білім, тәрбие беретін бала жанының бағбаны – тәрбиеші. Ал ұстаз білімді бала санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол – ұстаздың бір - біріне ұқсамайтын жан - жақты өткізген сабақтары. «Білім беру – табиғат пен қоғам жайында ғылымды жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білу» деп көрсетеді Ж. Қоянбаев. Тәрбиешінің бағыттауымен бала білімді меңгеріп қана қоймай, оны өмірде, іс - тәжірибесінде тиімді қолдана білуі шарт.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетінің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі. Жас ұрпақты рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұның құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.

Қызылорда қаласы,
№2 Нұр - Шұғыла балабақшасының тәрбиешісі
Уайсова Айжамал Бертлеуовна
5 156
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектепке дейінгі ұйымдағы заманауи педагогикалық технологиялар
Мектепке дейінгі ұйымдағы заманауи педагогикалық технологиялар
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі де, бірегейі де ұрпақ тәрбиесі.
Орта жастағы балалардың логикалық ойлау қабілетін акт арқылы дамыту
Орта жастағы балалардың логикалық ойлау қабілетін акт арқылы дамыту
Заманауи кезеңде бағдарлама талаптарын тиімді іске асыру және білім сапасын арттыру мақсатында педагогтардың күш - жігері мектеп жасына дейінгі баланың ақыл - ой тәрбиесін жетілдіруге бағытталады.
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой - өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
ГОСО мектепалды даярлық сыныбына
ГОСО мектепалды даярлық сыныбына
ГОСО мектепалды даярлық сыныбына Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×