Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Айсұлу әжеге қонаққа барамыз»

23 қаңтар 2022, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Балалар сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?
Таңертең балабақшаға келсем хат тауып алдым.
Хатта Айсұлу әжей бізді қонаққа шақырыпты.
Барамызба? (Әрине)
Қанеки, жолға шығайық
Біз – біз - біз келеміз
Сіз сіз бізді күтесіз
Дық-дық келіп қалдық
Балалар міне Айсұлу әжейдің киіз үйіне де келдік
Әжей қарсы алады
 Сәлеметсіңдер ме балаларым (амандасады)
Балаларым, қане жайғасыңдар
Бүгін менің немерем Асылды бесікке салу
Осы бесікке салу салт дәстүрін бірге көрейік
 ОЛ үшін сендерге ойын ұсынғым келеді
Ойын: «Ретімен орналастыр» (Мольбертте ортада бесік суреті, балалар қажетті суреттерді жапсырады.)
 «40 - шығару» «Бесікке салу» дәстүрін өткізу үшін, қандай заттар керек?
- леген, су, қайшы, қасық. май шам, пышақ, жастық, көрпе....
Балалар үстел үстіндегі заттардың керегін алып бесік суретінің жанына апарып жапсырады.
Жарайсыңдар, балалар
Мынау бесік деп аталады. Бесікті таза ағаштан жасайды.
Мен сендерге Асыл бөпені бесікке қалай бөлеу керек екенін көрсетейін. Сендер мұқият қарап отырыңдар. Бәріңде осы бесікте жатып, өскенсіңдер.
Әже: Ең алдымен бесіктегі баланың бас жағына жұмсақ жүннен жасалған жастық саламыз. Ал мынау бөпенің үстіне жамылатын көрпесі. Мынау белбеуі, бала құлап қалмас үшін белінен және аяқ тұсынан осы белбеумен байлап қояды.
Бесікті бала ұйықтағанда шошып - қорықпау үшін сіріңкемен аластаймын. (бесікті аластайды)
«Алас - алас, пәледен алас,
Иесі келеді, пәледен қаш!
Алас - алас, пәледен алас
Көзі жаманның көзінен алас
Тілі жаманның тілінен алас,
Отсыз омыртқасынан алас»
- Балалар, қараңдаршы бесіктің де, төсеніштің де ортасы ойылып алып тасталған екен. Себебі сол жерде түбегі тұрады.
Ал мынау шүмегі, осы шүмек арқылы баланың кіші дәреті түбекке құйылып, баланың денесі былғанбай таза болады.
 — Балалар, айтыңдаршы мынау қандай заттар?
— Мынау тарақ, айна.
— Иә, бұл айна мен тарақты кішкентай бойжеткен қызымыз «әдемі болсын» деп, ал мынау не?
— Иә, бұл пышақты бала шошымас үшін жастығының астына саламыз.
— Асылжанды әкел, бесігіне салайық ( Бесікке салуды көрсетеді) Жарайсыңдар, балалар енді кішкене тілімізге жаттығу жасап алайық.
 Артикуляциялық жаттығулар
Тілге арналған жаттығу.
 «Тәтті тосап»- тілдің ұшымен үстіңгі және астыңғы ерінді жалау.
«Сылақшы»– тілің ұшымен таңдайды әрлі - берлі сылау.
«Тілді тазалау»- тілдің ұшымен үстіңгі (ішкі және сыртқы), астыңғы тісті (ішкі және сыртқы) тазалау.
 Әженің әлдиі. Әжеміз кішкентай бөбекті ұйықтатарда «Ә... ә... ә... әлди - әлди ақ бөпем...» деп әндетеді. Кәне, бізде әндетейік.
— Бөпеміздің ұйқысы тәтті болсын деп « Бесік жырын» айтайық:
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін
Байқұтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін
Әлди, әлди бөпешім,
Қозы жүні көкешім
Жұрт сүймесе, сүймесін
Өзім сүйген бөпешім.
- Бөпеміз ұйықтасын, бесікті тербетейін, ал сендер Асылжанға арнап тілектеріңді білдіріңдерші. Ол өскенде қандай болсын? ( Балалар тілектерін білдіреді)
991
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бесік жыры
Бесік жыры
Лирикалық сипаттағы әндерді орташа екпінмен, күш түсірмей әндете айтуға баулу және тембрін, динамикасын қабылдап сезінуге, таныс шығармалар ырғағын сезіне, музыкалық аспаптармен ансамбльде ойнауға дағдыландыру.
Бесік жыры
Бесік жыры
Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрін дәріптеу, соның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала, баланы бесікке бөлеу дәстүрін атадан балаға жеткізу.
Отбасы мерекесі «Тұсау кесу»
Отбасы мерекесі «Тұсау кесу»
Павлодар қаласы, "№126 сәбилер бақшасы" тәрбиешісі Тукенова Айман
Тыйым сөздер – тәрбие көзі
Тыйым сөздер – тәрбие көзі
№ 6 мектеп - интернат тәрбиешісі: Шынбергенова Мариям
Балалы үй базар
Балалы үй базар
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жалмухамбетова Эльвира Бауржановна
Дәстүр күні
Дәстүр күні
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы Дәстүр күні Мақсаты: Балаларды өз еліне, жеріне, туған халқына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, ата-баба
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×