Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жәндіктер

22 ақпан 2022, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша

Мақсаты:
Білімділік: Сұрақтарға жауап беру, дыбысты ажырату, жәндіктерді, гүлдерді. түстерді, пішіндерді тану. Көктем мезгіліндегі маусымдық өзгерістер жайлы білім беру. Шығармашылық дағдыларын дамыту.
Дамытушылық: Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, жәндіктерді қорғауға, жақсылық жасауға, көмектесуге тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: Жәндіктердің суреттері, видео ролик, слайд, т. б.
Сөздік жұмыс: жәндік, көбелек, ара, шыбын, инелік, қанқызы, қоңыз, құмырсқа, құрт, ұлу, өрмекші.
Билингвалдық компонент: көбелек - бабочка, ара - пчела, шыбын - муха, инелік - стрекоза, қанқызы - божья коровка, қоңыз - жук, құмырсқа - муравей, құрт - гусеница, өрмекші - паук.
Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Музыка әуенімен балалар билеп кіреді.
Жарайсыңдар, балалар. Сендердің көңіл күйлерің жақсы екен. Осы көңіл күймен келген қонақтармен амандасайық.
- Балалар амандасады.
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
«Түсіңді тап» ойын жаттығу
Тәрбиеші балаларға әртүрлі түсті пішіндер таратып береді. Балалар пішінін айтып, түсіне қарап орындарына орналасады.
Мысалы: Демек сен мына қызыл түсті үстелге отырасың.
Жарайсыңдар балалар, екі топқа бөлініп отырдық.
Бүгін біздер жәндіктермен танысамыз.
- Қандай жәндіктерді білесіңдер? (Слайд арқылы жәндіктерді көрсетеді.)
Ұшатын жәндіктер, ұшпайтын жәндіктер, бауырымен жорғалайтын жәндіктер, сулы жерде өмір сүретін жәндіктер, құрғақ жерде өмір сүретін жәндіктер, шағатын жәндіктер, шақпайтын жәндіктер адамдарға пайдасын тигізетін жәндіктер болып бөлінеді.
Ендеше менің сендерге арнап дайындап қойған екі түрлі тапсырмаларым бар.
Мен сендерге жұмбақ жасырамын, дұрыс шешімін тапсаңдар қандай тапсырма екенін білесіңдер.
Жұмбақ
Үстіндегі көйлегі
Түрлі - түсті не керек,
Қызықтырар көргенді.
Мұның аты....... Көбелек
Балалар: Көбелек
«Сары» топтың тапсырмасы.
Жарайсыңдар, дұрыс айтасыңдар бұл көбелек. Көбелек ұшатын жәндік түріне жатады. Демек сендер көбелекпен жұмыс жасайсыңдар.
Көбелектің түсіне қарай ермексазды жабыстырамыз. Және сол ермексаздың үстіне түсіне қарай түтікшелерді орналастырамыз.
«Қызыл» топтың тапсырмасы.
Жұмбақ
Гүл ұшып гүлге қонады
Гүлдерім қызылды, қара болады. Ханқыз
Балалар: Ханқыз
- Дұрыс бұл ханқызы. Ханқызы да ұшатын жәндік. Сендер ханқызының түсіне қарап ермексазды жабыстырасыңдар. Ермексаздың үстіне түсіне қарай қақпақтарды және түтікшелерді орналастырамыз.
Сергіту сәті (Музыка әуенімен тапсырма орындайды.)
Дидактикалық ойын: «Пішініне қарай орналастыр»
Мақсаты: Пішіндерді ажыратуға үйрету.
Ойынның шарты: Араның ұясының пішініне қарай араны орналастыруы керек.

4 363
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Балаларды жәндіктер әлемімен таныстыруды жалғастыру. Жәндіктердің характерлік ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Балаларды түрлі жәндіктермен кездескенде өздерін дұрыс ұстау түсініктерін бекіту.
Жәндіктер тіршілігі
Жәндіктер тіршілігі
Жайнап тұрған бақшамда Гүлдерімді тере кет, Жаңбыр жаушы себелеп, Тақияның астына Тығыла ғой көбелек.
Жәндіктер әлемінде
Жәндіктер әлемінде
Жәндіктер туралы түсініктерін кеңейту. Жәндіктер әлеміне деген қызығушылығын ояту, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Insects – Жәндіктер
Insects – Жәндіктер
табиғатқа қамқоршылықпен қарауға тәрбиелеу
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, жәндіктерді қорғап, оларға қамқор болуға баулу. Жәндіктер түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мәлімет беру. Жәндіктердің тіршілігі, оларды сипаттай білуге үйрету, олар туралы тақпақтар шешуге
Жәндіктер. Сын есімді қайталау
Жәндіктер. Сын есімді қайталау
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Донецк орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақыт Зейнілғабиденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×