Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа жылым төрге шық!

03 мам 2022, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ертеңгілік: «Жаңа жылым төрге шық!»
Балалар көңілді әуенмен балалар залға кіреді, жартылай шеңбер болып тұрады.
Жүргізуші: Қымбатты балалар, қонақтар! Барлықтарыңызды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Балалар, қараңдаршы, біздің шыршамыз қандай керемет безендірілген. Сендерге ұнадыма? Балалар тыңдаңдаршы біреу келе жатқан сияқты.
Музыка әуенімен Ақшақар кіреді.
Ақшақар: Мен Ақшақар боламын
Балалармен ойнаймын
Билеймін, әндетемін
Ля - ля - ля!
Балалар сендер неге көңілсізсіңдер? Мерекелік әуен де ойнап тұрған жоқ.
Жүргізуші: Ақшақар біздің балалар Аяз Атаны көргісі келеді.
Ақшақар: А - аа, онда Аяз Ата деп дауыстап шақырайық
Балалар: Аяз ата, Аяз ата
Жүргізуші: Балалар Аяз Ата естімей жатқан сияқты, мүмкін өлең айтып берерміз?
Ән: «Шырша, шырша, шыршамыз»
Аяз Ата: Естідім, естідім менің кішкентай балақайларым. Әндерін өте керемет екен.
Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар тек ән айтып қоймай, көңілді билей алады.
Аяз ата: Қане онда тамашалайық
Би: «Аю - аю тұршы»
Жүргізуші: Аяз Ата сиз шаршаған шығарсыз, отырып демалып алыңыз
Шыршаның артынан түлкі шығады.
Түлкі: Мен ормандағы ең сұлуы, әдемісі менмін(құйрығын сипайды) Мұнда не болып жатыр?
Ақшақар: Қандай жақсы келгенін
Ж: Сәлеметсізбе түлкіжан! Біздің балалар ойын ойнағысы келіп тұр, бүгін бізде мереке
Ойын: «Қар жинау»
Түлкі: Жарайсыңдар балалар! Балалар менің досым бұл мерекеге қатыспаған сияқты
Ж: Сіздің досыңыз кім?
Түлкі: Қоян
Ақшақар: Әне қараңдар балалар қоянда келе жатыр.
Жүргізуші: Сәлеметсің бе қоян! Біздің кішкентай көжектер сізді күтіп қалды
Би: «Көжектер»
Қоян: Жарайсыңдар балалар!
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар, Түлкі, Қоян біздің балалардың тағы да бір әнін тамашалаңыздар!
Ән: «Топ - топ балақан»
Аяз Ата: Балапандар сендер өте сүйкімді және өнерлі екенсіңдер! Мен сендерге арнаған сыйлықтарым бар! Рахмет!
Бәрі қоштасып шығып кетеді.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№13 бөбекжай - бақша тәрбиешісі
Тохтабаева Бахытай Байрамбекқызы
824
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертеңгілік: «Қош келдің, Жаңа Жыл!»
Ертеңгілік: «Қош келдің, Жаңа Жыл!»
Тауда туып, тауда өскен Шырша келді ортаға Құтты болсын жаңа жыл! Жаңа бақыт, жаңа жыр!
Жарқыра шыршамыз, жарқыра!
Жарқыра шыршамыз, жарқыра!
Балалар біз жаңа жыл мерекесіне келдік. Жаңа жыл мерекесі Аяз атамен Ақшақарсыз қалай өтеді. Балалар мен біреудің даусын естіген сияқтымын. Ақшақар билеп кіреді.
Жарқыра шырша
Жарқыра шырша
Құрметті ата - аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Жаңа жыл, жаңа жыр Жаңа жылда жаңа жыр Жасыл шырша жанында Жадырап барлық бала жүр.
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа жылмен құттықтаймын бәрінді, Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық, Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Кел, кел, жаңа жыл
Кел, кел, жаңа жыл
І сәбилер «Балапан» тобы «Кел, кел, жаңа жыл» атты ертеңгіліктің сценарийі Зал мерекеге сай безендірілген. Ортада әсем шырша. Музыкамен балалар залға кіреді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×