Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын күз

30 қаңтар 2023, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Алтын күз
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар бүгінгі біздің «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Біздің бүлдіршіндер өздерінің өздерінің көңіл - күйлерін ән - тақпақтарымен, билерімен жеткізгелі отыр, көріп тамашалаңыздар.
Тәрбиеші: Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын.
Жер мен көк жалтыраған сап - сары алтын.
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Қасымхан: Ел байлығын арттырған берекелі күз құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін силайды.
Інжу: Күз дегенің ақындардың дастаны,
Қандай ғажап бейбіт күннің аспаны.
Бізбен бірге болыңыздар бәріңіз,
Алтын күздің той думаны басталды.
(Балалар қолдарына жапырақ ұстап залға кіреді, би қимылдарын жасайды)
Тәрбиеші: Балалар ертеңгілігімізді бастамас бұрын, сендерге бір сұрақ қояйын Халқымыз неліктен Алтын күз дейді.
Ерасыл: Күз маусымының алғашқы айы қыркүйек. Ол ерлік пен еңбек айларының бірі. Қойма алтын астыққа толады.
Алихан: Күз маусымының екінші айы қазан. Бұл ай жиын - терін аяқталатын, дихандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы.
Аянат: Күздің соңғы айын қазақтар қараша дейді. Қараша айында айнала қоңырқай түске енеді. Ағаштар қурап, жапырағынан айрылады. Қара суық түседі.
(осы кезде қорқынышты әуенмен Қара күз кіріп келеді.)
Сұр бұлт түсі суық каптайды апсан
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаныма.
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Інжу: Сен кім болдың, біз сені танымадық?
Қара күз: Мен қара күзбін. Мен бүгін ашулымын, көңіл - күйімде жоқ. Мен қазір
ауа – райын өзгертіп, барлығыңды тоңдырамын.
Аяла: Қара күз ашуыңды басып, ақылға кел. Бүгін бізде мерекеБіз саған көңіл -
күйіңді көтеру үшін өзіміздің ән - тақпақтарымызды айтып берееміз.
Қара күз: ал олай болса тыңдап көрелік.
Медина: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті Алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Алижан: Келістіріп бар сәнінін,
Берген өзі табиғат.
Алтын күзді ал қане
Қарсы алайық жамағат.
Аяла: Жайдарлы күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам,
Дариядай шалқар күз.
Аянат: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен біз бенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Алихан: Ел егінді жинайды,
Қырманға дән симайды.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Қасымхан: Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сиыңды.
Ерасыл: Сары алтындай сары күз,
Қамбадағы дәніміз.
Шелек шелек балымыз,
Ағыл тегіл дәніміз.
Ән: Күзгі әуен.
(балалар отырады)
Қара күз: Жарайсыңдар балалар, рақмет сендерге. Мен енді кетейін, қайта көріс -
кенше сау болыңдар.
Дина апай: Балалар қасымыздағы жапырақтардың барлығы сары түске боялған.
Оларды қандай сиқыршы жасаған екен?
Балалар: Күз
Дина апай: Қане олай болса барлығымыз кел деп Алтын күзді шақырайық.
Балалар: Кел - кел Алтын күз.
(әуенмен Күз ханшайымы кіріп келеді.)
Күз ханшайымы: Сәлем өрен достарым,
Өмірге көп қосқаным.
Күз силығын алыңдар,
Молшылыққа кенеліп,
Шаттықпен ән салыңдар.
- Сәлеметсіңдерме балалар. Сендермен кездесетін уақытты асыға
күттім, менің байқағаным, бойларың өсіп, әдемі болып кетіпсіңдер.
Бірақ неге көңіл - күйлерің жоқ?
Бағдат: Күз ханшайымы біз мерекеге дайындалып жатқан кезімізде, күтпе -
ген жерден Қара күз кіріп келді. Ол бізді тоңдырмақшы болды. алай -
да біз оған ән айтып шығарып салдық.
Күз ханш: Ия, балалар мен жаңа жолда келе жатып оны байқағандай болдым.
Ештеңе етпейді балалар, сендер көңіл - күйлеріңді түсірмеңдер. мен
Сендерге себетке толы жемістер мен көкөністерімді ала келдім.
Тәрбиеші: Рахмет саған күз ханшайымы, біз ертеңгілігімізді жалғастыр -
айық, қане олай болса балалар Алтын күзге арналған тақпақтары -
мызды айтып берейік.
Бағым: Бүгін мейрам бүгін той,
Қуанышты күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой.
Жасмин: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын күз.
Сары алтынға малынған,
Жетті міне алтын күз.
Айкөркем: Күзім ау, күзім ау,
Мінезің бұзықау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызықау.
Еңлік: Түсті алтын жапырақ,
Ағаштардан үзіліп.
Ұшты алыс сапарға,
Тырналары тізіліп.
Қасымжомарт: Алтын сары қызыл көк,
Алуан алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Алдияр: Берекесін силауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырды біздерді.
- балалар бізді күз көмекке шақырып жатыр, жүріңдер сонгда барай -
ық.
Би: «Саңырауқұлақтар» биі.
Күз ханш: Балалар сендердің өнерлерің қандай керемет, менің сендермен ой -
ын ойнағым келіп тұр.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы осы ойынды біз ата - аналармен ойнасақ қалай
қарайсың? ойынның шарты: балалар күз өнімдері туралы жұмбақ
жасырады, ал аналар сол жұмбақтың жауабын табатын
болады. Тапқан анаға сол жеміс немесе көкөністі беретін боламыз.
Ойын: «Кім тапқыр»
(3 - 4 жемістерді жұмбақ арқылы жасыру).
Күз ханш: Рахмет сіздерге аналар, жұмбақтың жауабын өте дұрыс таптыңыз -
дар.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, біздің балалар енді осы көкеністер туралы
«Қызанақ неге қызыл атты?» көрініс сомдап береді.
Бір күні кішкентай бағбан бау - бақшаға көкеністер отырғызыпты.
Оларға күнде су құйып өзі қарайды екен. Бір күні қызанақ басын
көтеріп, былай деп мақтанады.
Қызанақ: Менің атым қызанақ, мені барлық адамдар жақсы көреді. дәмді, тәт -
ті деп салатқа, тамаққа қосады. тіпті менен шырында жасайды.
Көкеністердің ішіндегі ең тәттісі, пайдалысы менмін.
Қияр: Түсім бар жасылдан,
Қияр деген атым бар.
Мен тұздалған күйімде,
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.
- Ау, қызанақ неге мақтанып тұрсың, ұят емеспе?
Қызанақ: - Мен сондай дәмді қызанақпын.
Сондықтан мені барлығы жақсы көреді.
Қырыққыбат: Қабат - қабат киініп.
Қырыққабат атандым.
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді ши қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.
- Бауырым қызанақ, мынауың не, неге мақтанып тұрсың?
Қызанақ: Айттымғой сендерге, мені жақсы көреді деп, өйткені көзге қып қызыл
Болып бірінші мен түсемін.
Сәбіз: Өсіретін бойыңды,
Өсіретін бойыңды.
Қояндарға азықпыз,
Сәбіздерміз жазықпыз.
Қызанақ: Бәрібір мен тәттімін, дәмді қызанақпын.
Алдияр: Асханадан шықпаймын,
Атым пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
- Мен пайдалымын бәрінен.
Қызанақ: сендер босқа мақтанасыңдар. Пияз сен мақтанба, бар дәрумен менде
Мен дәмдімін бәрінен.
Тәрбиеші: Күз мезгілі келіп, кішкентай бағбан көкеністерді жинай бастапты.
Ол пиязды, сәбізді, қырыққабат жәнеқиярды алыпкөлікке артыпы.
Ал, қызанақ бір қуыста қалып кетеді.
Қызанақ: Достарым кешіріңдерші, мен сендердің аалдыларыңда ұятты болып
қалдым.
Оразгул апай: Достары оныда кешіріп алып кетеді. Міне көрдіңдерма балалар дос -
тарымызға мақтанбауымыз керек және кешірімді болуымыз керек.
Күз ханш: жараайсыңдар балалар, өте қызық екен. Сендер маған ұнап жатыр -
Сыңдар, тағы қандай өнерлерің бар?
Бағдат: Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.
Нұраян: Жапырақ ұшты,
Суықта түсті.
Сонда да бізде,
Қызық көп күзде.
Алинур: Жаңбыр, жаңбыр жауа бер,
Сенен бақша бау өнер.
Жадырасын туған жер,
Күміс моншақ тама бер
Каусар: Жаңбыр жауды себелеп,
Жасырынды көбелек.
Аспан кетті күркіреп,
Бұл не деген керемет.
- Жаңбыр биін қабыл алыңыздар.
Би: Жаңбыр
Күз ханш: Балалар сендердің мерекелерің өте қызық өтіп жатыр,
Алайда менің қоштасатын кезім келді, келесі жылы кездескенше
сау болыңдар.
(балалар 4 - қатарға тұрады.)
Ән: Золатая осень
Тәрбиеші: Осымен біздің «Берекелі Алтын күз»атты ертеңгілігіміз аяқ -
талды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Шымкент қаласы, Асар м/а,
№42"Толағай"бөбекжай бақшасы тәрбиешісі
Тотанова Дина Джимбаевна
949
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Берекелі алтын күз
Берекелі алтын күз
Балаларды күз мерекесіне тән белгілерді тауып, табиғатты қорғауға, жемістер мен көкөністерді ажырата білуге, оның сұлулығын тамашалауға тәрбиелеу
Арайлы күз, алтын күз
Арайлы күз, алтын күз
Балаларды күз кереметімен таныстыру. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Алтын күз!
Алтын күз!
«Алтын күз» мерекесі құтты болсын! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі де күз мезгілі келді. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлады. Олай болса «Алтын күзге» арналған ертеңгілігімізді бастайық.
Берекелі Алтын күз!
Берекелі Алтын күз!
Армысыздар құрметті ата - аналар, барша қонақтар! Ортаңғы топ бүлдіршіндерінің «Берекелі Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Арайлы алтын күз
Арайлы алтын күз
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын, Көңілді серіппелі күйін ашсын. Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып, Береке бірлікпенен ортақтассын.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×