Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызыл кітап. Қ. Мырза Әли

04 ақпан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қызыл кітап. Қ. Мырза Әли.
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
Білімділігі: Оқушыларға жер бетінде жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар әлемі, «Қызыл кітаптың» маңызы туралы жан - жақты түсінік беру. Адам мен жан - жануар табиғаттың бөлінбес бөлшегі ұғымын кеңейту.
Дамытушылығы: Оқушының алған білімдері бойынша түйін сөзді таба білуге, тұжырым, қорытынды шығара білу қабілеттілігін арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушылардың табиғаттың жанашары болып қорғауға өз үлесін қосуына табиғатты қорғау парызын орындауға үйрету.

Басталуы
Ұйымдастыру
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал.
Біздің топта ұл – қыздар
Тату тәтті ойнаймыз
Сыйласатын өмір сүріп
Тек жақсылық ойлаймыз
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көріп қуанам!
Үй тапсырмасын тексеру
М. Дулатов
«Ағаш ек», «Наурыз жыры».

Ортасы
Мағынаны тану
1. Кең дала көрмесің сонау жақтан.
Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен
Әне, сол анам еді мені тапқан – деп Сәкен Сейфуллин жырлағандай, бізде тылсым дүниенің тіршілігіне ана тілі сабағында бойлап көрейік.
- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз – Қ. Мырза Әлидің «Қызыл кітап» өлеңі. Алдымен өлеңнің авторы Қ. Мырза Әлимен танысайық. Қ. Мырза Әлі 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. Ол қазақ әдебиетінің өсіп, дамуына үлкен үлес қосқан ақын әрі жазушы. «Балаларға арналған», «Балдырған», «Пионер» журналдарында жұмыс жасаған. Тұңғыш туындысы 1954 жылы «Пионер» журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде 40 - тан астам жыр жинақтары мен ән өлеңдері, пьесалары сахнада қойылған. Өлеңдері көптеген шетел тілдерінде аударылған. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанады. Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР алғашқы Әнұраны авторларының бірі. 2001 ж. Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды. Қ. Мырза Әли 2011 жылы қаңтардың 22 - сі күні дүниеден өтті.

2. Көкорай шалғын, жайқалған гүлдер, сарқыраған өзендер, табиғатқа сән беріп, жұпар иісі мұрныңды жарады. Осы көрініске бүркіт сияқты қыран құстардың қалықтай ұшуы, саққұлақ қояндардың секіруі, алаңсыз су ішіп тұрған киіктердің жайбырақат қалпы табиғат әсемдігін толықтырып тұрғандай.

Мұғалім: Омиралиева И.
Қызыл кітап. Қ. Мырза Әли жүктеу
9 363
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктерді қалай қорғау керек?
Өсімдіктерді қалай қорғау керек?
Өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсыну. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.
Табиғат – тал бесігім. Эссе
Табиғат – тал бесігім. Эссе
Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған.
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлардың тіршілік ортасы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қартбаева Ақсырға
Қызыл кітап құпиясы
Қызыл кітап құпиясы
№7 Қалалық балабақшаның тәрбиешісі Халматова Райхан Нуртазаевна
Жануарлар дүниесін қорғау
Жануарлар дүниесін қорғау
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Елшібекова Сәуле Орынбасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×