Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа жылдық ертегі

02 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
" Жаңа жылдық ертегі"
Құрметті ата - аналар, апайлар, балдырғандар міне тағыда бір жылды қарсы алуға жиналдық. Өткен жыл біз үшін еліміз үшін жақсы, бейбіт тыныш жыл болды. Балдырған бөбектеріміз жасына жас қосып, тағы да 1жасқа өсті. Келе жатқан жаңа жылымыз бәріміз үшін құтты жыл, жемісті жыл болсын!
Келеді міне, жаңа жыл аппақ болып,
Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып.
Ауламыздың тұсында қонып жатыр
Аяз болып, мұз болып, қатпақ болып.
Айша: Армысыңдар халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Ақпейіл: Жасыл шырша жанында,
Барлық достар жиналды.
Кәне балақай, байқашы,
Мән беріп қарашы!
Айша: Достардың барлығы,
Үлгерді ме, санашы,
(Қалған балалар залға кіріп,
Шеңберге тұрады)
Ақпейіл: Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын жаңа жыл
Құттықтаймыз сіздерді.
Айша: Шыршамыз, шыршамыз,
Көңілдіміз баршамыз.

Ән салуға, би билеуге,
Біз дайынбыз бәріміз.
Ақпейіл: Ал, балалар, құр тұрмайық.
Ханзадамен ханшайымды шақырайық.
Ән салайық, би билейік,
Жаңа жылда қарсы алайық!
Шырша жанында сандық тұр. Ханзада мен Ханшайым көңілсіз отыр.
Ханшайым: Сәлеметсіңдер ме балалар сендер көріп тұрсыңдар біздер қандай жағдайға тап болдық.
Ханзада; Сендерге аяз ата сандық толы сыйлықтарды дайындаған еді, біз осы сандықты сақтай алмадық. Ашулы сиқыршы өзінің сиқырымен сандыққа 6 құлып салып сиқырлап қойды. Ол балалардың қуанғанын көргісі келмейді. Себебі оның жүрегі қара, еш қуануды білмейді. Енді жаңа жыл мерекесі болмайды, себебі сыйлықтар жоқ. Сыйлықтарсыз мереке бола ма?
Ханшайым: Тоқта сабыр сақта балаларға сыйлық жоқ деп қорқыта бер ме? Сандықтың сиқырын ашуға барлық мүмкіндіктерді қарауымыз керек. Мен ойлаймын құлыптың кілті болмауы мүмкін емес. Біз қайткенде кілті табуымыз керек.
Ханзада: Сиқыршы құлыптың кілттерін барлық ертегілерге лақтырып жіберген екен. Енді біз кілті қай ертегіден табамыз.
Ханшайым; Біз кілтті табуға жолға шығуымыз керек.
Ханзада: дұрыс айтасың. Бізді ұзақ жолдар күтіп тұр. Ал балалар сендер сиқырланған құлыптың кілтін табуға бізбен барасыңдар ма?
Балалар: Ия.
Ханшайым: сендер арам пиғылды күштерден қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ қорықпаймыз.
Ханзада: жарайсыңдар бәріміз бірге барамыз.
Ханшайым: жолымыз жеңіл болсын деп жақсы бір ән айтайық. Балалар сендер ән білесіңдер ме?
Балалар; ия, білеміз?

Ханшайым; онда жолға шығайық.
Ән: "Қыс қызығы"
Ханшайым: Міне біз келдік.(балалар отырады)
Ханзада: Мына үйде кім тұрады?
Балалар: жалмауыз кемпірдің үйі.
Ханзада: тук - тук – тук кіруге бола ма?
Ж. кемпір: кіре ғой батыр жігіт.
Ханшайым: Саламатсың ба әже.
Ж. Кемпір: Саламатсың ба мұнда не істеп жүрсіңдер?
Ханзада: Біз сиқырланған құлыптың кілтін іздеп жүрміз. Сіз көпті – көрген әжесіз бізге көмектесіңізші.
Ж. Кемпір: сиқырлы құлыптың кілтін табу оңай емес. Оны табуға сендердің ақыл - ойларың жете ме?
Ханшайым: Әже әрине жетеді..
Ж. Кемпір: онда мен сендерге жұмбақ жасырып сендерді тексеріп көрейік.
Ханшайым: Әже барынша табуға тырысамыз.
Ештеңеден қаймықпай, Қысы - жазы шешпейтін,
Көзді арбаған өрнекпен көйлегі бар жасылдан.
Сурет салар айнытпай Өзгертпейді еш кейпін,
Шебер еді ол неткен.(аяз) жаралғандай асылдан. (шырша)
Ж. Кемпір: үйім менің жалғыз досым, сен мына балаларға жұмбақ жасыршы;
1 Қыста шыны боп қатады,
жылыда су боп жатады.( мұз)
Жарайсыңдар балалар мен сендерге ризамын.
Ж. Кемпір: көріп тұрмын сендер тапқыр екенсіңдер. Ал сендер билей аласыңдар ма?
Балалар: Ия.(би ж. кемпірмен)

Ж. Кемпір: ой, шаршадым мені қуантыңдар, көптен билеген жоқ едім. Енді мен сендерге көмектеспесем болмас. (үйге кіріп машинаның кілтін алып келеді. ) Міне кілт.
Ханзада: жоқ бұл емес. Құлыптың кілті басқа.
Ж. кемпір: ой, қартайған басым - ай тауып алған бір кілт бар еді, соны әкеп берейін. Міне мына кілт пе?
Ханшайым: рахмет әже. Сиқыршының басқа кілттерді қайда жібергенін білесіз бе?
Ж. Кемпір: білмеймін, сендерге сиқырлы кілті бергенімді сиқыршы білсе, онда маған жақсы болмайды. Егер білсе мені жазалайды. Жолдарың болсын қалған кілтті өздерің тауып аларсыңдар.
Ханшайым: қызыл телпек сен қайда барасың?
Қызыл телпек: Әжемнің үйіне барамын.
Ханзада: сен бізге сиқырланған кілтті табуға көмектесші.
Қызыл телпек: қандай кілт?
Ханшайым: балаларға арналған мерекелік сыйлықтар салынған сандыққа сиқыршы сиқырлы құлыптар салып қойды. Сен сиқырлы кілтті көрген жоқсың ба?
Қызыл телпек: Маған қасқыр мына кілтті берген етін, бәлкім осы кілт шығар?
Ханзада: Ой, рахмет Қызыл телпек дәл осы кілт? Ал басқа кілттерді қайдан табуға болады?
Қызыл телпек: Жоқ, білмеймін. Орман тұрғындарынан сұра бәлкім солар білер?
Түлкі: Мен түлкімін әдемі,
Кім білмейді түлкіні.
Жаңа жылда бұл күні.
Алдамаймын ешкімді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
41 326
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа жылдың әуендері сыңғырлайды
Жаңа жылдың әуендері сыңғырлайды
Балалардың қыс мезгілінің ерекшеліктері жайында білімдерін бекіту. Эстетикалық талғамын жетілдіру. Ертегілерге деген қызығушылығын ояту. Балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Тез, шапшаң қимыл - қозғалысын тәрбиелеу.
Жаңа жылға арналған тақпақтар жинағы
Жаңа жылға арналған тақпақтар жинағы
Жаңа жыл, жаңа жыл. Жаңа жылға жаңа жыр! Жасыл шырша жанында, Билеп барлық бала жүр!
Жаңа жыл, жаңа жыр ертеңгілік
Жаңа жыл, жаңа жыр ертеңгілік
Балаларға жаңа жыл мерекесі туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен бірлікпен достықпен өткізуге баулу.
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
Қайырлы күн, құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін міне, 1 сынып оқушыларының жаңа жылды қарсы алуға арналған «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
"Қош келдің Жаңа жыл!"
"Қош келдің Жаңа жыл!"
Қандай жақсы шыршамыз, Ән шырқайық, баршамыз. Тақпақ айтып, би билеп, Жаңа жылды бастайық
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×