Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ою-өрнек сыры

14 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Ою - өрнек сыры
Сабақтың мақсаты: Балаларға ою - өрнектердің негізгі ерекшеліктері туралы түсінік беру, түстерді дұрыс таңдап, үйлесімділікті құра білуге үйрету.
Әр түрлі ойындар арқылы балалардың сөздің қорын, танымдылығын айнала қоршаған ортасын, шығармашылығын одан әрі кеңейту.
Өз ұлтының өнерін сүюге, құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: киіз үй, жайлау көрінісі, ою - өрнек түрлері, ұлттық киім, суреттер, асық, конверттер, т. б.
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Балалар бүгінгі сабағымызда біз жайлауға барамыз
- Барғыларың келе ме?
- Олай болса аттарымызға мінейік.
(Жайлауда көк шөптер өскен, әр жерлерде гүлдер жатыр. Ортасында киіз үй. Киіз үйде көрпе төселген. Сандық, қамшы, тымақ ілулі тұр).
- Музыка ырғағымен балалар жайлауға да келіп жетті.
- Балалар, мінекей біз жайлауға да келіп қалдық. Қараңдаршы, қандай тамаша! Біздердің жайлауға баратынымызды есітіп, тамашалауға қонақтарда келіп қалыпты. Қанекей амандасайық.

Шаттық шеңбері.
Қайырлы таң, көк аспан.
Қайырлы таң, жер ана,
Қайырлы таң, қонақтар
Қайырлы таң, достарым.
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз,
Достарымызды көргенде,
Қуанып қарсы аламыз.
Сәлем, Сәлем, Сәлем.
- Қәнекей, балалар, киіз үйге жайғасайық.
(Суретте ұлттық киімдерді, ыдыс - аяқ т. б. ілулі тұр).
- Мына суретте нені көріп отырмыз?
- Ұлттық киімдерді, ыдыс - аяқтарды.
Бұлар неге ұлттық киімдер деп аталады? (балалардың жауабы)

Қазақ халқының қол өнері - бай өнер. Қол өнер түрлері көп. Мысалы: кесте тігу, тоқу, өру, ұлттық киімді әшекейлеу, киізден жасалған заттар. Қол өнердің ең негізгі орын алатыны ою - өрнек. Ою - өрнексіз бұйым жасалмайды. Ою - өрнек киіз үйден көптеп көруге болады. Ою - өрнекті жан - жануарлардан, өсімдіктерден, құстардан қарап жасаған. Ең көп тарағаны "Қошқармүйіз". Бұл ою киізден, былғарыдан жасалған бұйымдарда әшекейленеді. "Гүл" өрнегімен орамалдарды әшекейлесе, "Балдақ", "Толқын" өрнектерімен алаша, кілем шеттерін өрнектеуге пайдаланған.
("Қошқар мүйіз", "Қаз мойын", "Түйе таба", "Ботакөз", "Қарға тұяқ", "құсқанат" т. б. ою өрнектермен таныстырамын).

2. Сергіту сәті.
Ал, балалар тұрайық,
Ою - өрнек сызайық,
"Түйе табан", "Ботакөз",
"Қой ізі", мен "Құс қанат"
"Қарға тұяқ", "Қосмүйіз"
"Бүршік" пен "Гул" әдемі
Ою - өрнек әлемі
Қылқаламды аламыз.
Әдемі сурет саламыз.
Олай болса, қазір ыдыс - аяқтың бір түрі торсықты әшекейлейміз. Торсыққа көже, айран, шұбат т. б. сусындарды құйып алыс жолға шығады екен.
(Балалар бастырылған "Қошқармүйізді" қиып торсықты әшекейлейді).
- Жарайсыңдар, енді бойымызды жазу үшін қазір көп қолданып жүрген "Қаражорға" сергіту биін билейміз.
- Ал, енді балалар біздер "Асық ойынын " ойнайық. Мына дорбаның ішінде нөмірленген асық тұр. Осы асықты алып нөмірленген конверттегі тапсырмаларды орындаймыз.
1. 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері сана.
2. "М" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Сөз ойла. Сөйлем құра.
3. Қазір жылдың қай мезгілі?
4. Ұлттық ойындардың атын ата?
5. - ке, - са буындардан сөздерді құра
6. 5....... 7....... 9......... көршісін табу.
- Жарайсыңдар! Олай болса тағы да бойымызды сергітіп "Жан сырым" әнін орындаймыз.
- Балалар, енді біз құрастыру арқылы біздің зейінімізді тұрақтандыру мақсатында мозайка құрастырамыз. Қандай ою - өрнек қай затқа сәйкес келер екен. Мысалы: киіз үй - қошқар мүйіз, көйлек - жапырақ, алаша - толқын т. б. оюымен әшекейленген.
- Жақсы балалар, тапсырмаларды дұрыс орындадық. Олай болса киіз үйге кіріп ақтан ауыз тиейік. Балалар бата береді.
Асың асың асыңа,
Берекет берсін басыңа.
Дастарханның мол болсын.
Қайда барсаң алдыңнан,
Жарқыраған жол болсын!
Аумин!!!
- Жарайсыңдар.
Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей
Шешен болар ме екенсің
Бармақтарың майысып
Түрлі ою ойысып
Шебер болар ма екенсің - деп сабақты аяқтап балалар аттарына мініп музыка ырғағымен топтарына барады.
10 511
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Әже әлдиі
Әже әлдиі
Ата-бабамыздың салт-дәстүрін әдет-ғұрпын, өнерін, тұрмысын таныстыруды жалғастыра отырып, бесік жыры, оның маңызы туралы түсінік беру.
Киіз үй жабдықтары
Киіз үй жабдықтары
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы №1 Жалпы орта білім беретін мектепте Мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі Абилдиева Гульшат Желдешовна
Жайлау
Жайлау
Ақтөбе облысы. Шалқар қаласы. 12 балабақша тәрбиешісі: Сартаева Жарқынай
Жайлауда
Жайлауда
Мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Тілін дамыту
Жайлауда
Жайлауда
Атырау облысы, Сағыз селосы, №9 орта мектеп МАД сынып жетекшісі Әлиева Айгерім
Төрт түлік мал
Төрт түлік мал
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Жусупбекова Роза Қылышбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×