Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жайлауда

04 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Тілін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Жайлау туралы түсініктерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Жайлау суреті, киіз үйдің құрылысы, үй жануарларының суреттері.
Әдісі: түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап.
Дамытушылығы: Балалардың ойлау қабілетін арттыру, сауаттылыққа баулу.

І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Кәне балалар, апайлармен амандасып алайық.
Балалар: Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп,
Сәлемдесіп аламыз.
- Жарайсыңдар балалар. Бәріміз орнымызға отырайық.

ІІ. Негізгі бөлім.
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Көктем мезгілі.
- Күн жылынып, көктем шыққанда малдарды, яғни үй жануарларын далаға, өріске, жайлауға шығарады.
- Көктем мезгілі келгенде жер жүзі көк түске боялады, шөптер, гүлдер шығадды, адамдар жайлауға көшіп ол жаққа киіз үй тігіп отырады. Киіз үйдің құрылысына кереге, уық, шаңырақ жатады.
- Балалар үй жануарларын кім атап береді?
- түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі.
Енді осы төрт түліктің төлдері туралы тақпақ айтайық:
Айбибі: Айналайын торпақ,
Бола берме қорқақ.
Тар болып тұрса аула,
Тысқа шықта заула.
Бекнұр: Құлын - құлын, құлыншақ,
Желкілдейді тұлымшақ.
Маңдайында жұлдызы,
Құйрығында құндызы.

Естай: Жалт – жұлт етіп лақ,
Жағалайсың бұлақ.
Секірем деп бірақ,
Қала көрме құлап.

«Жайлау көркі» өлеңін хормен оқиық.
Жайлау көркі.
Табиғат әлемі,
Гүл толған әдемі.
Ұйқы ашар сағаттай,
Боқторғай әуені
Сайға түс, қырға шық
Жүресің гүл басып
Көбелек алдайды
Бір қонып, бір қашып.
Жайлау көрінісін таныстыру.

Сергіту сәті:
Дөңгелене тұрайық,
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Ағаш үйді құрайық.
Ән: «Қошақан»

ІІІ. Қорытындылау.
Д\о: «Төлдерін тап»
Шарты: Суреттегі төрт түліктің төлдерін тауып орналастыру және олардың дауыстарын салу.
- Балалар, бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- Жайлау.
- Адамдар жайлауға қай уақытта шығады?
- Көктемде.
- Көктемде күн қандай болады?
- Күн жылынып, қар ериді, жерге шөптер шығады.
- Үй жануарларын атап беріңдерші?
- Түйе, сиыр, жылқы, қой - ешкі.
- Төлдерді атайық?
- Бота, бұзау, құлын, қозы - лақ.
- Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар, сендерге көп - көп рахмет.
- Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңдар!
12 843
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары мен төлдері
Үй жануарлары мен төлдері
Үй жануарлары және төлдері туралы түсінік бере отырып, білімдерін кеңейту, және аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Жайлау
Жайлау
Балаларға үй жануарлары туралы мағлұмат беру, түсініктерін кеңейту, олардың адамдарға тигізетін пайдасын түсіндіру. Балалардың үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата білуін дамыту, өлең жолдары арқылы тілін дамыту.
Төлін тап
Төлін тап
Жайлау қандай тамаша, Көзді тартар қараса. Қызыл, жасыл төңірек, Бейне жайған алаша.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Үй жануарлары жайында білімдерін бекіту. Жануарларды өзгешеліктеріне байланысты салыстыра білу
Жайлау
Жайлау
Ақтөбе облысы. Шалқар қаласы. 12 балабақша тәрбиешісі: Сартаева Жарқынай
Жайлауда
Жайлауда
Атырау облысы, Сағыз селосы, №9 орта мектеп МАД сынып жетекшісі Әлиева Айгерім
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×