Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жайлау

08 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы; «Шығармашылық»
ҰОІӘ; «Жапсыру»
Тақырыбы; «Жайлау»
Мақсаты; Жайлау пейзажын бейнелеуге үйрету, Геометриялық пішіндерді, жапсыру дағдыларын қалыптастыру, Туындыны әңгімелеу арқылы тілін дамыту, көркемдік талғаным арттыру,
Шығармашылыққа баулу,
Көрнекіліктер; Жайлау туралы слайд, «Жайлау суреті; М. Хамзиннің «Жайлау» күйі
Қағаз түрлі - түсті қағаз, желім сүрткіш жіп үлгі, мақта,
Ұйымдастыру;
Тәрбиеші; Балалар, таңертең ұйқыдан тұрғанда ең алдымен нені көреміз?
Балалар; Күнді
Тәрбиеші; Күнді көргенде қалай қуанасыңдар?
Балалар; Алақай! Шапалақ ұру.
Тәрбиеші; Күн бізге жылуын шашады ма, әлде суығын төгеді ме?
Балалар; Жылуын
Тәрбиеші; Олай болса, алақанымызды жылытайықшы,
( қолдарын күнге созады)
Алақанымыздағы жылуымызды жүрегіміздің, тұсына әкеліп, күннен алғаш күш қуатымызды бойымызға таратайық,
(қолдарын жүрек тұсына қояды)

Негізгі бөлім;
Тәрбиеші балаларға слайд арқылы жайлау туралы көрсетеді, Көрсете отырып, балалармен; жайлау табиғаты, тау, өзен, ағаш, шөп, гүлдер, жайлаудағы киіз үйлер, оның айналасындағы адамдар, жан - жануарлар гүлдер, жайлаудағы киіз үйлер, оның айналасындағы адамдар жан - жануарлар жайында әңгімелеседі,
Балалар атаны жайлау көрінісін елестете отырып М, Хамзиннің,»Жайлау» күйін тыңдатады,

Сергіту сәті;
Бүкпе бойды тік ұста
Еркін тұрып тыныста
Жәй оң қолды сол жаққа
Жәй сол қолды оң жаққа
Балалар; Атаға арнап тақпақ айтып береді,

Тақпақ: Жайлауда
Атам биыл мені де,
Алып барды жайлауға,
Құлындар тұр желіде,
Биелер түр байлауда,
Бұлағын да ұнатам,
Қыранын да ұнатам,
«Жылда жылда» жайлауда,
Апарам - деп жүр атам.

Тәрбиеші; жайлау бейнесін, көрінісін бейнелейтіндерін айтып, үлгі бойынша жасау жолдарын көрсетіп түсіндіреді,

Саусақ жаттығуы
Мына саусағым атам,
Мына саусағым әжем,
Мына саусағым әкем,
Мына саусағым анам,
Мына саусағым мен,
Бәріміз біз жанұя,

Балалардың жұмысы, Үлгіге қарап орындайды,
Дидактикалық ойын; «Өрнектерді құрастыр»

Қорытынды; Тәрбиеші атаға балалардың жұмыстарын көрсетіп мадақтайды,
Ата балаларға риза болып батасын,
Бата берсе атасы,
Бата берсе анасы,
Немересі өспей ме,
Болып жұрттың данасы,
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейін,
Фарабилер секілді,
Қас биіктен көрейін,
31 286
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жайлау
Жайлау
Балаларға үй жануарлары туралы мағлұмат беру, түсініктерін кеңейту, олардың адамдарға тигізетін пайдасын түсіндіру. Балалардың үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата білуін дамыту, өлең жолдары арқылы тілін дамыту.
Төлін тап
Төлін тап
Жайлау қандай тамаша, Көзді тартар қараса. Қызыл, жасыл төңірек, Бейне жайған алаша.
Гүл
Гүл
Ірі және ұсақ элементтерді орналастырып, әжелеріне гүл жасауды үйрету, пішіндерден гүлді құрастырып, жапсыру тәсілін үйрету; ұқыпты жұмыс жасауды үйрету;
Графика тәсілімен сурет салу
Графика тәсілімен сурет салу
Сайқын мектептен тыс тәрбие орталығы. Талипов Бахтияр Таужанулы
Жайлауда
Жайлауда
Мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Тілін дамыту
Жайлауда
Жайлауда
Атырау облысы, Сағыз селосы, №9 орта мектеп МАД сынып жетекшісі Әлиева Айгерім
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×