Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жолың болсын, балдырған!

20 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Жолың болсын, балдырған!
Жолың болсын, балдырған!
Мақсаты: оқушылардың жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсетіп, балалардың сөздік қорын, тілін, ой - өрісін кеңейту. Ұйымшылдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекі - құралдары: Зал әсем безендірілген. Әдемі қанатты сөздер, шарлар, гүлдер ілінген.
Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін өзіміз оқып үйренген мектепалды даярлық тобымен қоштасып, бүлдіршіндерімізді «Жолың болсын, балдырған» деп мектепке шығарып салмақшымыз. Олай болса осы түлектерімізді құрметпен қошеметтеп ортаға шақырайық.
І. Вальс: Даярлық топ бітірушілер вальсі
ІІ.
1. Алмат
Айтып шаттық өлеңін,
Алақай дер күн бүгін!
Түсіңдіріп себебін,
Берер екен кім бұның?
2. Ақниет
Қуанышты көңілді.
Нағыз жақсы мереке.
Дайындық топ түлектерін,
Шығарып салмақ мектепке.
3. Нурислан
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби кездерім.
Би биледім ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
4. Нұрдана
Көп - көп күндер қатарынан -
Күзде және қыста да.
Қалмай келіп жүрдік біз,
Сүйікті мектеп алдына.
5. Ә. Темірлан
Қуанамыз сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Алғашқы топты қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.
6. Зухра
Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам болып шығармыз.
Таза сәби жүрекпен,
Айтамыз сізге мың алғыс.

Тәрбиеші:
Айналайын балалар,
Сендерде ой, сана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнершілдер, даналар.
Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Жақсы білім – көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Кәне, ортаға салайық!

Ертегі: Бауырсақ
Рөлдерде:
Автор - Шұғыла
Бауырсақ - Әліби
Шал - Бекжан
Кемпір - Унзиля
Аю - Перизат
Қоян - Дильназ
Түлкі - Зухра
Қасқыр - Т. Темірлан
Автор: Ерте, ерте, ертеде шал мен кемпір болыпты. Бір күні шал кемпіріне былай депті.
Шал: Кемпірім, кемпірім, бауырсақ пісірші.
Кемпір: Ұн жоқ.
Шал: Қаптың түбін қағып ал.
Автор: Кемпір қаптың түбін қағып алып бауырсақ пісіреді. Кіскен бауырсақты суыту үшін терезенің алдына қойып қояды. Ал бауырсақ терезеден домалап түсіп, қашып кетеді.

Аю: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.
Бауырсақ: Жемеші, мен саған балалармен қосылып өлең айтып беремін.
ІІІ. Ән: Мұғалім ол біздің
Аю: Рахмет, көңілімді көтеріп тастадыңдар, сондықтан бауырсақты жемеймін.
Бауырсақ: Рахмет, балалар.
Қоян: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.
Бауырсақ: Жемеші, мен саған балалармен қосылып әріптер жайлы өлеңдер оқып беремін.

ІV. Әріптер
1. Т. Темірлан: А - «А» дегенің – Ана ғой,
Ана деген дана ғой.
2. Балауса: Ә – Әжем әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады.
3. Ернар: Б - «Б» дегенің – бала ғой,
Жұмсаса апаң бара ғой.
4. Айым: Г - «Гу» - деп алғаш бөбектер,
Гуілдейді ақырын.
5. Ақжол: Ғ – Ғалым, ғылым, ғасырды,
«Ғ» білімге асырды.
6. Дильназ: Д – Дүлділ аттар баптаған,
Дәркенді жұрт мақтаған.
7. Бекжан: Е - Елге есті ер керек,
Ер жет өсіп ертерек.
8. Аяулым: Ж – Жыр алыбы – Жамбыл ата,
Ардақтайды – оны бала.

9. Әдемі: З - Зауза ұшады зыңылдап,
Зымыранша зырылдап.
10. Эльдар: И – Ирина енді іздейді,
Инженер мына біз дейді.
Қоян: Рахмет, көңілімді көтеріп тастадыңдар, сондықтан бауырсақты жемеймін.
Бауырсақ: Рахмет, балалар.
Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.
Бауырсақ: Жемеші, мен саған балалармен қосылып сандар жайлы өлеңдер айтып беремін.

V. Сандар
1. Камила:
Бір дегенім - білім,
Төрт пен беске ілін.
Алып, жүргін балам,
Мұғалімнің тілін.
2. Бекарыс:
Екі дегенім – еңбек,
Еңбекпен іс өнбек.
Жалқау болсаң, балам,
Бар қиындық төнбек.
3. Шұғыла:
Үш дегенім – үміт,
Жайдары жүр күліп.
Сотқар болсаң балам,
Бар қиындық төнбек.
4. Аида:
Төрт дегенім – төзім,
Төзімді бол өзің.
Ал асықсаң балам,
Мәнсіз болар сөзің.
5. Аяужан:
Бес дегенім – ақыл,
Бол ақылды, батыр.
Атаң не айтса, балам,
Құп алғаның мақұл.
6. Мағжан:
Мен өзімді қатарға,
Бестен кейін қоямын.
Басым бірден басталып,
Нөлмен бітер аяғым.
7. Перизат:
Жеті деген – Жеңіс,
Тұр алдыңда көп іс.
Тым ұзаққа созбай,
Орындап шық тегіс.
8. Айбек:
Сегіз дегенім – сенім,
Сенсін саған елім.
Соны да ойла сенім,
Ақтамайды тегін.
9. Унзиля:
Тоғыз дегенім – тоқташы,
Қазулы бол шоқтан.
Сақ болғайсың балам,
Тілсіз жауың – оттан.
10. Әліби
Он дегенім – оқу,
Қажет емес қорқу.
Білгеніңді, балам,
Көңіліңе тоқу.
Аю: Рахмет, көңілімді көтеріп тастадыңдар, сондықтан бауырсақты жемеймін.
Бауырсақ: Рахмет, балалар.
Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.
Бауырсақ: Жемеші, мен сенің кез келген тапсырмаңды орындаймын.
Түлкі: Онда мына менің қоржынымнан асық алып, асықтың нөмірі бойынша тапсырмаларға жауап бер.

VІ. Тапсырмалар:
Ай аттарын ата
Күн аттарын ата
Мақал - мәтел айт
Жұмбақ айт
Бірден онға дейін тура сана
Бірден онға дейін кері сана
Төрт мезгілді ата

Түлкі: Енді мен балаларды ойнатқым келіп тұр.
VІІ. Ойын. Мерген
Мақсаты: Тез ойлап, тез жауап беруге үйрету.
Шарты: оқпен шарды атады, жарылған шардың ішіндегі сұраққа жауап береді.
Сұрақтар:
1. Көлден ұшты төрт қаз,
Қайтып қонды екеуі,
Ұшып кетті нешеуі? 2
2. Дыбыстар қандай - қандай болып бөлінеді?
3. Дауысты дыбыстар қандай - қандай болып бөлінеді?
4. Табиғатты қорғауға өз үлесіңді қалай қосасың?
5. Маратта 5 іні,
Мұратта 2 іні,
Қоссаң 5 пен екіні,
Нешеу болады шешуі? 7

6. Хат сөзіне дыбыстық талдау жаса
7. Елік сөзіне дыбыстық талдау жаса
Түлкі: Әлі де сені жегім кеп тұрғаны
Бауырсақ: Біз саған ән айтып берсек қалай қарайсың
Түлкі: Айтыңдар
VІІІ. Ән: Ұстазым
Түлкі: Рахмет, көңілімді көтеріп тастадыңдар, сондықтан бауырсақты жемеймін.
Бауырсақ: Рахмет, балалар.
Автор: Сөйтіп даярлық тобының балаларының арқасында бауырсақ аман қалыпты.
Тәрбиеші:
Айналайын гүлдерім,
Айым менің, күндерім.
Маған қызық тілдерін,
Естен кетпес тілдерің.
Сендердікі болашақ,
Өтер балғын жастық шақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
Осымен «Жолың болсын, балдырған!» атты даярлық топты бітіруге арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Ендігі сөз кезегін мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары ------------------------- береміз.
Тәрбиеші:
Ата - ана тәрбиелеп балапанын,
Әлдилеп аялаған алақанын.
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын, - дей келіп, сөз кезегін ата - аналарға берейік. Ата - аналар сөйлейді.
Тәрбиеші: Келгендеріңізге көп - көп рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар.
4 669
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Даярлық топпен қоштасып, Біз мектепке барамыз!
Даярлық топпен қоштасып, Біз мектепке барамыз!
Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу - білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Жолың болсын балдырған!
Жолың болсын балдырған!
Балалардың жыл бойы алған білімдерінің, тәрбиелерінің, өнерлерінің нәтижесін көрсету. Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу - білімге деген қызығушылықтарын арттырып, Отанын, елін, жерін сүюге баулып, адамгершілікке,
Даярлықпен қоштасып, біз мектепке барамыз!
Даярлықпен қоштасып, біз мектепке барамыз!
Ақтөбе қаласы, К. Нокин ауылы Благодар орта мектебінің мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі Нұрлыгүл Шауқымқызы
Даярлық топпен қоштасып біз мектепке барамыз!
Даярлық топпен қоштасып біз мектепке барамыз!
"Абай атындағы орта мектебі" ММ мектепалды даярлық топ мұғалімі Абдулгазиева Айгул
Біз мектепке барамыз
Біз мектепке барамыз
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінде мектепалды даярлық сынып мұғалімі Қонарбаева Жеміс Абдошовна
Жолың болсын балдырған!
Жолың болсын балдырған!
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Қуанышбаева Райка Бермұхамедқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×