Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойыншықтар дүкені

04 тамыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Математика
Тақырыбы: Ойыншықтар дүкені.
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндерге сәйкес қоршаған ортада заттарды табуға үйрету және оларды қоршаған өмір заттарымен салыстыру; дөңгелек – доп, алма, жүзім, шар, үшбұрыш - сәбіз, алмұрт, сопақша - балық, банан. Қарапайым математикалық мазмұндағы ойындарға ықылас қоюын арттыра отырып, қызығушылығын дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің әдіс - тәсілдері: Ертегі терапиясы, ой қозғау,
сұрақ - жауап, ойын.
Қажетті көрнекілігі: Ойыншықтар дүкені, қоян, аю, түлкінің бетперделері қолғап
театрына негізделген және аю, қоян, түлкінің суреттері.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: өткен білімді тиянақтау
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет типі: ойын іс әрекеті
Пәнаралық байланыс: Айналамен таныстыру
Мотивациялық қозғаушы
Балалар біз бүгінгі ойынымызды бастамас бұрын мен сіздерге «Таңғажайып сыйлық» атты ертегіден үзінді айтып берейін. Ендеше мұқият тыңдайық.
Көктем келіп, күн жылынған соң, қыс бойы апанда жатқан қонжық далаға шығады. Оның тезірек дос тауып ойнағысы келеді. Бұтаның түбінен қоян келеді.
- Қоян, қоян екеуміз дос болып бірге ойнайықшы – деді Қонжық.
- Қонжық, кешір менің ойнауға уақытым жоқ, анам мен әжеме сыйлық іздеп жүрмін.
Ол қандай сыйлық – деп таңқалды Қонжық.
Менің сыйлығым ол ұзыншалау, әрі қызғылт болуы керек деді де қоян секіріп кете барды.
Қонжық ойланып келе жатты, алдынан жүгіріп бара жатқан Түлкіні көрді.
- Түлкі, түлкі екеуміз дос болып ойнайықшы.
Кешірші қонжық мен анам мен әжеме сыйлық іздеп жүрмін.
- Қандай сыйлық? Ол ұзынша ма?- деп сұрады қонжық.
- Жоқ ұзынша емес, ол ма ол домалақ болатын сияқты.
Түстері де әр түрлі болуы керек – деді түлкі.
Қонжық түк түсінбеді. Бәрі аналарына, әжелеріне қандай сыйлық іздеп жүр. Мен де анам мен әжеме сыйлық жасар едім. Не істесем екен? – деп ойланып қалды қонжық.
Ал балалар ертегіні осы жерден тоқтада тұрайық.
Ізденімпаздылық ұйымдастырушылық кезең.
Кішкене ойланайықшы. Біз анамыздың мерекесіне оларға не сыйлап едік.
Кәне мына гүлдердің ішінен маған соған ұқсас гүлді кім көрсетеді?
- Дұрыс енді осы гүлдің түсі қандай?
Ал күлтешесі қандай пішінге ұқсайды?
Біз ойыншықтар дүкеніндеміз. Балалар біз қонжыққа көмектесу үшін жан жағымызға қарайықшы нелерді көріп тұрмыз.
Олардың кәрзеңкесінде нелер бар екен?
- Сәбіздің түсі қандай?
Пішіні ше?
Міне қояндар сәбізді өте жақсы көреді екен. Ал мына жерде қандай ойыншықтар тұр?
Түлкінің жанында не өсіп тұр?
- Түстері қандай?
- Пішіндері ше?
- Түлкі жүзімді ұнатады.
Ал мына жерде аю қонжықтарымен отыр. Ал қасында не тұр?
Шелектің ішінде не бар екен қарайықшы?
- Балық қандай пішінге ұқсайды?
Балалар сонда қоянның апасы мен әжесіне сыйлау үшін не керек деп ойлайсыңдар?
- Ал түлкіге ше?
- Конжық апасына не сыйласа болады деп ойлайсыңдар?
- Енді кім қоянға сәбіз әкеліп береді.
(Балалар қоянға сәбіз, түлкіге жүзім, қонжыққа балықты әкеліп ыдысқа салады)
- Рахмет балалар бізге сыйлықты тез тауып алуымызға көмектестіңдер.
Қоян онда аюға барып бәріміз ойнайықшы. Балалар тағы да жан - жағымызға қарайықшы үшбұрыш, дөңгелек, сопақшаға ұқсайтын пішіндер бар ма? (Топтағы заттардың ішінен табу)
- Балалар біз енді «Не жетпейді?» деген ойын ойнаймыз.
Шарты: тақтада ілулі тұрған аңдардың құлақтарын тауып жапсыру. Рефлекциялық коррекциялық кезең
(Өткен материалды пысықтау, кеңістікті бағдарлауға арналған «Ұшақтар» ойыны)
Мен сендерге шар үлестіріп берейін.
Шардың пішіні қандай?
Енді ауа толтырамыз, дөңгелек пішінге айналды. Қолымызды көтеріп ұшақты ұшырамыз. Ұшақты қайда ұшырдық.
- Жоғарыда басқа нелер болады?
- Ал ұшақ қайда қонады?
- Жерде нелер бар немесе нелер өседі?
- Тамаша, біз бүгін жақсы ойындар ойнадық.
Қоян, түлкі, қонжыққа көмектесу арқылы, үшбұрыш, дөңгелек, сопақша туралы білетінімізді толықтырдық. Бәріңде жақсы ойнап, жақсы жауап бере алдыңдар.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Заттарды пішіндерінен ажырата алады. Кеңістікте бағдарлаудың алғашқы дағдыларын айта алады.
Жасай алуы: Өзінің іс – әрекет дағдысына баға береді. Айнала қоршаған заттардың ішінен геометриялық пішінге ұқсас заттар тобын құрады.
16 467
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің ойыншықтарым
Менің ойыншықтарым
Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру. Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір - бірінен түсіне, көлеміне қарай ажырата білуге үйрету. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Ойыншықтар дүкені
Ойыншықтар дүкені
Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын айтуды үйрету. Ұл бала мен қыз баланың ойыншықтарын ажырата айта білуге дағдыландыру.
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтары туралы әңгіме құрауға үйрету. Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын білуге үйрету.
«Тіл дамыту» оқу іс – әрекетінің тақырыптық жылдық жоспары
«Тіл дамыту» оқу іс – әрекетінің тақырыптық жылдық жоспары
Қатынас білім беру саласы бойынша «Тіл дамыту» оқу іс – әрекетінің тақырыптық жылдық жоспары.
Көп аз тең. Сүйікті ойыншақтар
Көп аз тең. Сүйікті ойыншақтар
Мақсаты: Білімділігі: Балаларға қоршаған ортада көп затпен, бір затты табуға үйрету. Дамытушылығы: Заттар көлемі пішіні түсі бойынша, бір немесе бірнеше болатының туралы түсінік беру.
Біреу және көп
Біреу және көп
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназиясы тәрбиеші Шахметова Анар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×