Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қуыршақ Мадинаның хикаялары (балабақшамен қоштасу)

07 тамыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Балабақшамен қоштасуға арналған ертеңгіліктің жоспары
«Қуыршақ Мадинаның хикаялары»


Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
балаларға эстетикалық тәрбие беру;
мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру;
бала мен ата - ана арасындағы қарым - қатынасты жақсарту;
балалардың мерекелік көңіл - күйлерін қалыптастыру.

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар!
Балабақша бүгін өз балаларын мектепке шығарып салғалы отыр.
Түлектерімізге қол шапалақтап қоялық, жол беріңіздер.
Түлектерімізге жол берейік!

(Түлектер залға әуен қолдауымен залға кіріп, жарты шеңбер құрып тұрады).

Жүргізуші: Біздің бақ бүгін тұнжырап.
Бізде де бар көңілсіздік азырақ,
Өйткені қоштасар сәт туады.
Күтеді бізді енді алда жол ұзақ.
Балалықтың бір үздігін қалдырып.
Даярлыққа барамыз,
Сіздермен көрші боп қаламыз.
Есімізге талай әлі аламыз.

Жүргізуші: Міне мектепке дейінгі балалық шақ өте шықты, басқа өмір табалдырығын аттайсыңдар. Жүректеріңе көк құстай боп алғашқы түлек вальс биі қалсын.

Би: «Балабақшамен қоштасу вальсы»

Жүргізуші: Балаларды ғажайып білім әлеміне апаруға мейірімді
ертегі кейіпкерлері бізге қонаққа асығуда.

Жүргізуші: Сендер балабақшада ертегі кейіпкерлерімен көптеп достастыңдар, енді балалар бізге келе жатқан ертегі кейіпкерлері кім болды екен дауыстап шақырайықшы.

Балалар: Ертегі келіңіз бізге өзіңіздің мейірімді кейіпкерлеріңізді де ерте келіңіз біз сіздермен достасуға әзірміз.

/Музыка әуенімен ішке Шамшырақ фонарикпен шығады/.
Шамшырақ: Менің ертегілер орманым қараңғы ғой, жарық ету керек!
(Жоғарғы люстраға фонарикті тигізіп жағады.)
Міне, дұрыс болды!
Мәссаған, мен мұнда жалғыз емес екенмін ғой.
Амансыңдар ма, балалар, ұлдар мен қыздар! Менің атым Шамшырақ. Мен сендерге бүгін ойыншық достарым туралы сиқырлы хикая айтып бергелі келдім сендер тыңдағыларың келе ме?

Балалар: Тыңдағымыз келеді.

Шамшырақ: Белгілі ертегілер елінде қуыршақ Мадина өмір сүріпті. Қарапайым емес бұрандалы екен. Ол өзі құмарпаз, көңілді, әдемі әрі ақылды болған екен. Бір күні... Оу, оны несіне әңгімелеп отырмын? Мен сендерді әуелі қуыршақ Мадинамен таныстырайын сендер оны танымайды екенсіңдер ғой? (Шамшырақ үлкен қорапты алып келеді.)

Шамшырақ: Міне, бұл менің құрбым қуыршақ Мадина. (Қуыршақты қораптан алып жерге тік тұрғызады.)
Қазір мен оны бұраймын, сосын ол тіріледі.
(Бұраған соң қуыршақ Мадина тіріліп әуенге билей жөнеледі.)

Қуыршақ Мадина: Ой, мына жер қандай әдемі!
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Сендер қандай әдемі, көңілді, сүйкімді балалар екенсіңдер. Балалар менің сендерге қоятын бірер сұрағым бар. Сендер балабақшада болып көп нәрсе үйренген шығарсыңдар! Сендер қандай да болмасын әріп танисыңдар ма? Сандарды ше?
Сендердің мектепке барғыларың келе ме?
Менің де мектепке оқығым келеді бірақ мен балабақшаға бармаған соң мені мектепке алмайтын шығар! Мен ешқандай әріп, санды танымаймын, сурет салып, ермексазбен де жұмыстануды білмеймін. Не істеуге болады!

Шамшырақ: Уайымдама, Мадина, біздер саған көмектесеміз, біздерде ақылды әрі мейірімді ойыншықтарымыз бар.
Біздер ғажайыптар елінде тұрамыз ғой! Әрі мына отырған балалар да өте ақылды, зерек, әдепті ол
сені қиын шақта әрқашан құтқарады. Көмектесесіңдер ғой балалар!

Балалар: Ия, көмектесеміз.

Шамшырақ: Менің сиқырлы қолшамым бар, ол сені менің достарыма Математика әлеміне апарады, профессор Әріпжегішке апарады. Жарық сәуле қай жерді көрсетсе достарымызды сол жерден табамыз. Ал енді жолға шығар алдында көңіл - күйіміз жақсы болу үшін бір би билеп шаттанып алуды ұсынамын.

Қуыршақ Мадина: Қалайша?
Шамшырақ: Мен балаларға «Досыңды тап» биін билеуді ұсынамын. Қанекей, балалар екі – екіден жұптасып тұра қалайық.

Би: « Досыңды тап»

Шамшырақ: Ал, енді қуыршақ Мадина сен мына балалармен бірге өз біліміңді іздеуге шық. Мен сендерге сәттілік тілеймін. Жолдарың болсын! (Шығып кетеді)

Қуыршақ Мадина: Рахмет саған, Шамшырақ. Қуыршақ Мадина қолына сиқырлы шамды ұстап залды айналып жүреді, алдынан Математика ханшайымы кездеседі. Қолында шоты бар.

Математика ханшайымы: Өз - өзіне сөйлеп « бірге - бірді қоссам екі, екіге үшті қоссам бес, төртке екіні қоссам алты»,- деп келе жатып Қуыршақ Мадинаға соқтығысып қалады.

Математика ханшайымы: Әй, қыз менің жолымда не істеп тұрсың сенің кесіріңнен есебімнен
жаңылып қалдым.
Қуыршақ Мадина: Кешіріңізші, мен байқамай қалдым, мен Математика ханшайымын іздеп келе жатыр едім!
Математика ханшайымы: Мені неге іздеп жүрсің, мен сені танымаймын ғой.

Қуыршақ Мадина: Сәлеметсіз бе, Математика ханшайымы менің балалармен бірге мектепке барғым келеді. Бірақ та мен есептеу амалдарын білмеймін сізді сол үшін іздеп жүрмін, маған есептеу амалдарын үйретіңізші.

Математика ханшайымы: Қуыршақ Мадина сен үйренуге шындап ниеттенген болсаң мен саған есептеуді үйретейін. Сен мені мұқият тыңдап алатын бол. (Кубиктер көрсетеді.)
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.

Қуыршақ Мадина: Ұққан сияқтымын, оңай екен ғой!

Математика ханшайымы: Ендеше айта қойшы, екіге - екіні қоссақ неше болады?

Қуыршақ Мадина: Ой, дұрыстап ойланып алайыншы! Таптым - таптым бес болады.

Математика ханшайымы: Дұрыс па, балалар?

Балалар: Жоқ, дұрыс емес, екіге - екіні қосқанда төрт болады.

Математика ханшайымы: Балалар, сендер қандай ақылды едіңдер.
Ендеше, Қуыршақ Мадинаны ортамызға алып бір ойын ойнайық келісесіңдер ме?

Жүргізуші: Қәнекей, балалар, сендер бүгін өз білімдеріңді
көрсеттіңдер. Сендер санауды білетін сияқты едіңдер ғой!

Ойын:«Қанша болды сана»
Балалар орындарында тұрып Математика ханшайымы көрсеткен суретті есепті шығарады.
Математика ханшайымы: Қуыршақ Мадина, көрдің бе, сен де балабақшаға барған болсаң, осы
балақайлар сияқты тез санап, тез айтқан болар едің.

Жүргізуші: Біздің балалар, тек санап қана қоймай, барлық түстерді де таниды, пішіндерді ажыратады.

Ойын: «Түсін дәл тап»
Тақтадағы қалташаға түстеріне сай пішіндерді орналастырады.

Математика ханшайымы: Қандай білімді, алғыр едіңдер, мен сендерге ризамын. Сіздермен өте қызықты, әрі көңілді. Бірақта менің кетуіме тура келеді, қош сау болыңдар!

Қуыршақ Мадина: Рахмет, саған Математика ханшайымы.
Маған сіздің көп көмегіңіз тиді.

Математика ханшайымы: Әр уақытта көмектесуге әзірмін. Менің сандарыммен дос болсаңдар мектепке барған кезде ұялмай жауап беретін боласыңдар. Жолдарың болсын, балақайлар!

Қуыршақ Мадина: Есептеуді үйрендім, енді әріптерді де танып білсем одан да жақсы болар еді. Қолындағы шамын зал ішіне түсіреді.
Кім кездесер екен?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 887
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, балабақшам! атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің өтілу жоспары
Қош бол, балабақшам! атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің өтілу жоспары
«Қош бол, балабақшам!» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің өтілу жоспары
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
Балабақшамен қоштасу кеші
Балабақшамен қоштасу кеші
Балабақшамен қоштасу кеші Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата - аналар! Балалардың балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне Қандыағаш қаласының №24 "Күншуақ" балабақшасының "Құлагер" тобының түлектері "Бақытты балалық шақ" Ұшағымен
Балабақшамен қоштасу
Балабақшамен қоштасу
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды Бізден ұшып қанат қағып есейіп Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Қош бол,балабақша
Қош бол,балабақша
«Қош бол,балабақша»
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×