Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сайқымазақпен ойнайық

23 тамыз 2013, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
№ 1 «Айгөлек» естияр тобына арналған
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: ҚМҰҚ, «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Сайқымазақпен ойнайық»
Мақсаты: Балаларға заттардың түстерін ажырата білуге және түстерді дұрыс атауға үйрету.
1. Білімділік: Түстерді ажырата білуге, геометриялық пішіндерді көлеміне, түсіне байланысты әр түрлі заттар құрастыруға, ұзын – қысқа ұғымдарды ойын арқылы бекіту.
2. Дамытушылық: Ойын арқылы ойлау, есте сақтау, бақылау қабілеттерін, талдау, қорытындылау дағды мен іскерліктерін жетілдіру, сөздік қорын байыту, тілін, зейінін дамыту.
3. Тәрбиелік: сүйіспеншілікке, бірін – бірі сыйлауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: хат, сайықмазақтын суреті, гүлдер, көбелектер, геометриялық пішіндер, ленталар, сайқымазақ, шар, аспаптар.
Қостілдік компонент: қызыл – красный, сары – желтый, жасыл – зеленный, т. с. с, пішіндер – фигуры, ұзын – длиннй, қысқа – короткий. аспаптар – инструменты.
Әрекет кезендері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Баланың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
- Сәлем деймін күнге мен,
- Сәлем деймін мен саған.
- Сәлем деймін бақшаға,
- Сәлем деймін Айнагүл Болатқызына.
- Сәлем бердік баршаға!
Балалар шеңберге тұрып мазмұнына қарай қимылдайды.
Іздену - ұйымдастырушылық - Балалар қараңдаршы біздің поштаға хат келіпті, кімнен екен?
- Хатты ашып оқиық па?

«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің сендер мен ойнағым келеді. Сендердің топтарында жасырынып отырмын. Мені табу үшін тапсырмаларымды орындауларын керек. Мен көңілді, мейірімді, балаларды жақсы көремін»
- Ол кім деп ойлайсыңдар?
- Кім екенің нақты білу үшін мына хаттың ішінде бір неше бөлікке бөлінген сурет бар. Оны құрастырып көрейік. (Тәр. Балаларға кесілген суретті таратып одан бір бүтін сурет шығаруын сұрайды)
- Білмейміз.
- Иә

- Өз ойларын айтады.
Балалар суретті құрастыруға кіріседі.
- Сендер таныдыңдар ма, ол кім?
- Дұрыс айтасыңдар. Ол қандай адам?
Домбыраның дауысы естіледі.
- Естідіңдер ме, балалар! Бұл ненін дауысы?
- Ол сайқымазақ бізді шақырып тұр.
- Міне домбыраның дауысы қайдан шықты десем.
- Домбыра жайлы не білесіңдер?

- Балалар, қараңдаршы біз гүлдер алқабында тұрмыз. Мына жерде тапсыр ма жатыр екен.
1. гүлдердің түсін атандар
2. бір – бір көбелектен алыңдар
3. гүлдердің түсіне қарай көбелектерді қондырыңдар.
- Жарайсыңдар. Ал енді кім өзінін көбелегі жайлы айтқысы келеді?
Осы кезде дауылпаздың дыбысы естіледі.
- Бұл ненің дыбысы?
- Қай жақтан шықты?

- Міне қызық мынау не өзі?
- Бұл жай жолға ұқсамайды екен, неден жасалынған екен?
- Иә, дұрыс айтасыңдар. Қандай пішіндерді көріп отырсыңдар?
- Олар бірдей ме?
- Төртбұрыш қандай?
- Үшбұрыш ше?
- Ал мына дөңгелек?

- Қандай ақылды балалар! Олай болса жол ашық, жолдан өтейік.
- шаршаған сияқтымыз. Бойларымызды сергітіп алайық.
Бойды сергек тік ұста,
Емін – еркін тыныста,
Деміңді ішке тез ал да,

- сайқымазақ
- көңілді, мейрімді, балаларды жақсы көреді.
- домбыраның
- домбыраны көреді.
- домбыра ұлттық аспап, күй шертеді, ән айтады, айтысады. Тапсырманы тыңдайды.

Түстерін атайды.
Көбелектерді алады.
Гүлдін түсіне қарап көбелекті қондырады.
Балалар өз ойларын айтады.

- дауылпаздың дыбысы
Дыбыс шыққан жаққа барады.

- бұл жол
- геометриялық пішіндерден

- үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек
- жоқ. Пішіндер әртүрлі.
- түсі жасыл. Үлкен, орташа, кішкентай
- түсі қызыл. орташа, кішкентай, үлкен.
- түсі сары. кішкентай, үлкен, орташа
Балалар жолдан өтеді.

Бойларын сергітіп алады.
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына қара да
Үшбұрыш сыз ауа да.
Сол қол босқа тұрмасын
Шеңбер жасап тынбасын.
- Мына үстелдің үстінде әр түрлі суреттер берілген. Суретінде не бейнеленгенін айт?
Тапсырма: алдарындағы суретті шығынқы ғып жасаңдар: ол үшін геом. пішін сендердің алдарында тұрған суреттің түсіне, көлеміне сәйкес келу керек.
Сыбызғының дыбысы естіледі.
- Естідіңдер ме? Сайқымазақ бізден әлі тығылып жүр. Келесі тапсырмасы «Кім лентаны тез орайды». Бәріміз бір – бір лентадан алайық. Ленталардың түстері қандай?
- Ойынның шарты мынандай: Кім тез лентаны орайды. Бір, екі, үш – ойын басталды.
Талдау жүргізіледі. Неліктен кейбір балалар тез орап бітірді, ал басқалар баяу. Салыстырады. Сөзіне қарай қимылмен көрсетеді.

- көлік, шырша, балмұздақ т. с. с
Балалар тапсырманы орындап геом. Пішіндерді екі тілде айтады.
Сыбызғының дыбысын естиді.
Балалар бір – бір лентадан алады.
Түстерін атайды.
Лентаны орайды.
- Өйткені ленталар әр түрлі. Бірі – ұзын, екіншісі қысқа
Рефлексивті корригиялық

- Міне қызық сайқымазақ қайда тығылып қалды екен?
Осы кезде топқа сайқымазақ сылдырмақты сылдырлатып кіреді. Әр баламен жеке-жеке амандасады.
- Мен сендермен ойындар ойнадым. Сендер маған өте ұнадыңдар. Барлық тапсырманы дұрыс таптыңдар. Қандай музыкалық аспаптардың дыбысын естідіңдер?
- Балабақшада ойын ойнау маған ұнады. Бірақ маған басқа жаққа қонаққа баруым керек. Ал сендерге мен сыйлыққа өзіммен шар алып келдім.(балаларға шар сыйлайды.)
- Келесі кездескенше сау болыңдар!
- Сау болыңыз сайқымазақ!
- Балалар сендерге бүгінгі ойындар ұнады ма?
Балалар ойланып қалады.

Амандасады.
- домбыра, дауылпаз, сыбызғы, сылдырмақ.
Шарларын алады.
Қоштасады.
- иә
- Ол ойындарды кім бізге ұйымдастырды?
- қандай тапсырмалар дайындап қойыпты?
- жарайсыңдар!
- Балалар алақандарымызды бір – бірімізге тигізейік, не сезіп тұрсыңдар?
- Иә, дұрыс айтасыңдар. Осы бойымыздағы жылуды келген қонақтарға тарату үшін жылы сөздер айтайық. - сайқымазақ
- көбелектерді гүлдерге қондырдық, пішіндерден әр түрлі заттар құрастырдық, лентамен ойын ойнадық.
- жылу.

- Күн, мен сені сүйемін,
- Күн мен сенен өтінемін,
- Берші маған алтын күн,
бейбітшілік, мейірімділік,
- Берші маған алтын күн,
денсаулық пен жылылық.

- Сау болыңыздар!
Болжамды нәтиже:
Білу керек: түстерді, пішіндерді, ұзын – қысқа ұғымдарды ажырата білу керек және музыкалық аспаптардың дыбысын ажырату.
Қалыптасқан әдет: сұрақтарға толық, анық жауап беруі қалыптасқан.
Істей біледі: ұжыммен, суретпен жұмыс істей алады.
13 805
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көңілді ойындар
Көңілді ойындар
Мақсаты: Түрлі ойын тапсырмалар арқылы балалардың қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын толықтыру, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, бір - біріне көмектесуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Сиқырлы жолдар
Сиқырлы жолдар
Қарапайым математикалық ұғымдарын толықтыру, ұзын - қысқа заттарды, үлкен - кіші, бір және көп деген ұғымдарды қалыптастыру. Геометриялық пішіндер, түстерді ажыратуға арналған ойын – жаттығулар арқылы қисын ойлау қаблеттерін дамыту.
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Әртүрлі пішіндер мен элементтерден өз бетімен өрнек құрастыру. Балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау, таным өнерін сөздік қарым - қатынастарын байыту. Балалардың ойлау, көріп тану, зейінін, есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, дербес іс - әрекетке тәрбиелеу.
Математика әлеміне саяхат
Математика әлеміне саяхат
Білім саласы: Таным Бөлім: Матеметика Математика әлеміне саяхат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×