Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған күнің мен Жер-Ана

05 қаңтар 2014, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Туған күнің мен Жер - Ана»
(ортаңғы топ балаларымен өткізілген экологиялық мерекенің сценарииі)
Мақсаты: Балалардың экологиялық білімін тереңдету, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу, жердегі барлық тіршілік иесіне жауапкершілік көзқарасын қалыптастыру.
Алдын ала жүргізілген жұмыстар: Экологияға байланысты өлеңдер жаттау, табиғатқа арналған жұмбақтар шешу, экология тақырыбына байланысты әңгімелесу, «Табиғаттың ғажап көріністері» атты слайд көрсету, өсімдіктер және жануарлар туралы әдеби шығармалар оқу, ғарышпен таныстыру, «Жер - Ана» тақырыбына сурет көрмесін ұйымдастыру.
Көрнекілік: Жер макеті - Глобус, қоқысқа арналған екі себет, қоқыс (таяқшалар, қағаздар), 2 үлкен доп, мольберттер, А4 қағазы, пастель, түрлі түсті қарындаштар, түрлі түсті борлар.
Кейіпкерлер: Жүргізуші, Жер - Ана, Сайқымазақ Еркеш, Балалар.
Балалар жай музыка әуенімен залға кіреді.

Жүргізуші балалар мен бірге
Армысың, шапағатты күніміз!
Армысың, мейірімді жеріміз!
Армысың, табиғат анамыз!
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз.
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға гүл шашылды
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз!
Қайырлы күн!
Біз ержүрек ұлдармыз!

Жүргізуші: Табиғаттың үш байлығы бар:
Су, жер және ауа - жердің үш маңыздысы.
Қандайда бір тауқымет болса да -
Олар бір бүтін, бәрі қайта жаңарады.
Күн шапағаты бәріне төгеді.
Бәріміз бірге болсақ - бұл күшпен, жақсылық.
- Балалар, Жер ғаламы өзінің туған күніне шақырды. Жер күнін жер шарындағы адамзаттың баршасы ата өтеді. Осы күні барлығы тал отырғызуға, гүл егуге, құстарға ұя жасауға, көшелердегі, саябақтағы қоқыстарды жинауға, суқоймаларын тазалауға тырысады. Адамдар өз үйін – жер шарын сақтауға және көркейтуге бар үлесін қосады. Балалар сендер Жердің туған күніне барғыларың келе ме?
Балалар шеңбер құрып әуен ырғағымен, қимылдар арқылы қонаққа бара жатқандарын көрсетеді.
Балалардың алдынан «Жер - Ана» шығады қолында жер макеті бар.

Жер - Ана: Саламатсыңдар ма, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.
Жүргізуші: «Жер - Ана», балалар саған бос келген жоқ, әрқайсысы саған арналған құттықтау сөздерін алып келді.
Балалар алдын ала дайындап ватманға жазылған құттықтау сөзін оқиды.
«Қымбатты да сүйкімді жер!
Сені туған күнімен құттықтаймыз!
Біздер сенің өзендеріне, сайларын, ормандарына,
Жануарларына, құстарына, балықтары мен
Жәндіктеріне денсаулық тілейміз.
Ғаламдардың арасындағы ең сүйкімді ғаламшары болуына тілектеспіз.
Сенің бүгінгі көңіл күйін жақсы болады деген үміттеміз,
Ал біз сендегі бар қоқысты жинауға тырысамыз.
Балалар: Біздер саған «Жапырақтар» атты биімізді сыйлағымыз келіп тұр.
Жер - Ана: Рахмет, сендерге балалар. Ал, сендер менімен ойнағыларың келе ме?

Жер - Ана балалармен ойын ұйымдастырады.
• Жерде кімдер өмір сүреді? (Адамдар)
• Жерде нелер өмір сүреді? (жануарлар, жәндіктер, гүлдер т. б.)
• Жердің астында нелер өмір сүреді? (құрттар, көртышқандар, қоңыздар т. б.)
• Жердің үстінде нелер ұшады? (құстар мен жәндіктер)
• Жер беті қай мезгілде жарық болады? (күндіз)
• Су не үшін қажет? (ішу, жуыну, өсімдіктерді суару үшін т. б.)
• Ауа не үшін қажет? (тыныс алу үшін)
• Аралар не жинайды? (бал)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 870
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Экологиялық кітапхана»
«Экологиялық кітапхана»
Мақсаты: Балалардың табиғат туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғат тазалығын сақтауға оны қорғауға үйрету. Қоршаған ортадан экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу. Мақал - мәтел, тақпақтар, тыйым сөздер, ой - өрісін дамыта отырып, сүйіспеншілігін
Табиғат – тіршілік аясы
Табиғат – тіршілік аясы
Оқушыларға табиғат туралы түсінік беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту, туған жердің экологиясын қорғауға үлес қосу.
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Майтөбе ОММДШО шет тілі мен өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі, директордың оқу – тәрбие ісінің орынбасары Сайлыбаева Бақтыбала Аманбайқызы
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Табиғат – асыл қазынам
Табиғат – асыл қазынам
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені, №215 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қоңырбаева Раушан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×